Госорганы

Атырау зауытындағы апат Каспий құбыр консорциумындағы мұнай тасымалына әсер еткен жоқ

Каспий құбыр консорциумының Атырау облысындағы электр желілеріндегі апат мұнай тасымалына әсер етпеген. Бұл туралы консорциумның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ауа райының қолайсыздығына (жаңбыр, найзағай, дауыл жел) байланысты және 220 кВ әуе электр беру желілерінің (ВЛ) бірнеше тірегінің құлауы салдарынан республика аумағындағы «КҚК-К» АҚ объектілері: «Құрманғазы» және «Исатай» мұнай айдау станциялары электр желісінен ажыратылды», — делінген хабарламада.

27 шілдесіндегі оқиға осы айдағы жеткізу кестесіне әсер еткен жоқ.

«Қазіргі уақытта КҚК теңіз терминалында мұнай жөнелту қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр. Стансалардың негізгі жабдығы резервтік көздерден қуат алып жатыр, нысандарда төтенше жағдай қаупі жоқ. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайда сорғы жабдықтарын іске қосу технологиялық себеппен мүмкін емес. Қазіргі уақытта «КТК-К» АҚ жөндеу бригадалары мен Қазақстан Республикасының тиісті қызметтері технологиялық ақауды жөндеп жатыр», — делінген хабарламада.

Стансалардың қалыпты жұмыс режиміне оралуы туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Другие новости

Back to top button