Әскери қызметте болған қыз командирді оғаш қылық көрсетті деп айыптады
Қонаевта әскери қызметші офицерлер оғаш қылық көрсетті және жұмыстан заңсыз шығарды деп айыптады. Осы жайтқа байланысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бойжеткен батальон командирі тарапынан болған қорлау фактілері туралы хабарлады. Сондай-ақ ол өзін «Қарулы күштер қатарынан заңсыз шығарды» деп есептейді.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел түрде комиссия құрылып, әскери бөлімді тексеруге кірісіп кетті. Қатардағы жауынгер А.Б. Елшібаеваның әлеуметтік желілерге жариялаған фактілері анықталған жағдайда, кінәлілер қатаң түрде тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тіпті қызметтен шығарудан бастап қылмыстық іс қозғауға дейін жауап береді.Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ведомство өкілдері тексеру барысы Қорғаныс министрінің жеке бақылауына алынғанын мәлімдеді.