Госорганы

Араб инвесторы Қазақстанда $200 млн-ға зауыт салмақ

Жобаны іске асыру мерзімі 2024 жылға белгіленген

Сауд Арабиясының инвесторы Қазақстанда $200 млн-ға агрожобаны іске асырады. Бұл туралы LS агенттігі хабарлады. 

Kazakh Invest ақпаратына сәйкес, «Қазбиосорго» мен Аjlan&Bros Holding Group компаниясы арасында $200 млн сомасына меморандумға қол қойылды. Қазақстанда бөтелкеленген органикалық сироп пен мал шаруашылығы үшін жоғары калориялы жем өндіретін зауыт ашу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі 2024 жылға белгіленген.

Ұлттық компанияның ақпаратынша, басқа инвестор- ACWA Power-жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға қатыса алады. Болжанып отырған ынтымақтастық нәтижесінде жел электр станцияларын, бу-газ электр станцияларын, сондай-ақ энергия жинақтауға арналған батареяларды өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, Аjlan&Bros Holding Group Ability-мен радиохимия және инновациялық технологиялар мен әзірлемелер трансферті саласындағы бірлескен қызметтің ықтимал бағыттары мен міндеттерін айқындау туралы құжатқа қол қойылды.

Ұлттық компанияда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында 13 меморандумға қол қойылғанын еске салды. Қол қойылған құжаттар есебінен ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбаларды өндіру, тамақ өнімдері, химия, энергетика, газ химиясы, туризм және инфрақұрылым салаларындағы жобалар пысықталады деп күтіліп отыр.

Другие новости

Back to top button