Алматы

Алматыда көшеде 28 жастағы әйелді ұрып-соғып қашып кеткен ер адам ұсталды

Қазіргі кезде қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша тергеліп жатыр

Алматыда 28 жастағы әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

«Ол — Алматы облысының тұрғыны, 1986 жылы туған К. есімді азамат. Күдікті Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестігінің аумағында әйелді негізсіз ұрып-соққан», — делінген ПД хабарламасында.

Белгілі болғандай, қазіргі кезде қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тергеліп жатыр.

Айта кетсек, 17 тамызда түнде 28 жастағы алматылық келіншекке үйінің маңында бейтаныс адам шабуыл жасап, басынан қан шыққанша аямай ұрып-соққан. Артынша оқиға орнынан қашып кеткен.

 

 

Другие новости

Back to top button