Алматы

Алматыда көлік ұрысы адам өліміне әкеп соққан жол апатына себепші болды

Бұрын бірнеше рет сотталған азамат өзгенің көлігін ұрлап, артынша тағы бірнеше қылмыс жасаған

Алматыда көлік ұрысы адам өліміне әкеп соққан апатқа себепші болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД Анықтау басқармасының хабарлауынша, бұрын бірнеше рет сотталған 22 жастағы Р. есімді азамат Ақсай ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан Mazda көлігін ұрлап кеткен, содан кейін тағы бірнеше қылмыс жасаған.

«Дәлірек айтсақ, Алатау ауданындағы тұрғын алабында қаскөй түнгі уақытта үш көліктің аккумуляторын ұрлап кеткен. Ал таңғы алтыда адам өліміне әкеп соққан апатқа ұшырады. Көлік ұрысы Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Абай даңғылымен қиылысқан тұста Toyota Corolla және Kia Rio көліктерімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Kia Rio қатты зақымданды. Бұл көлікті 52 жастағы ер адам басқарған. Өкінішке қарай, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 

Көлік ұрысын патрульдік полиция қызметкерлері қолға түсірді. Белгілі болғандай, Mazda көлігінің иесі өз көлігінің ұрланғанын білмеген: көліктің өз үйінің ауласында екеніне сенімді болған.

«Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу сонымен қатар, бөтен көлікті заңсыз иелену, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша да жүргізілетін болады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Шәріпов.  

 

Другие новости

Back to top button