Госорганы

Алматыда жаңа туған нәрестені құтқарған полиция капитаны Нұржан Шатунов майор шенін алды

Ал лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады

Алматы қаласында жаңа туған нәрестені құтқарған полиция капитаны Нұржан Шатунов Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен майор шенін алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі мен жанқиярлығы үшін осы атаққа лайық деп бағаланды. Ал оның жанында болған лейтенант Ғазиз Хамасқалиев үш жалақы мөлшерінде сыйақы алады.

Айта кетейік, Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев бүгін Алматыда дәретханадан жаңа туған нәрестені аман алып шыққан болатын.

 

Другие новости

Back to top button