Госорганы

2 тоннадан астам дизель отынын заңсыз сатқан компания әшкереленді

Елімізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің арызы бойынша жүргізілген тексеру барысында арзандатылған дизель отынын жеткізуге арналған операторлардың бірі монополиялық жағдайды теріс пайдаланғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 10,3 мың тоннасын ғана жеткізген.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттіктің хабарлауынша, қалған 2,2 мың тонна көлеміндегі дизель отынын ЖШС-ға тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 млн теңге табыс көрген.

Бұл жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Другие новости

Back to top button