Алматинская область

Ұзынағашта тағы жаппай төбелес болды

Алматы облысындағы Ұзынағаш кентінде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде түнгі төбелестің видеосы тарады. Бірнеше жігіттің ақ жейде киген адамға жабылғаны анық көрініп тұр. Алайда видео біраз уақыттан кейін жойылды. Куәгерлер оқиға орнына полиция шақырған.

«Ұзынағашта тағы төбелес, UFC-дің жерлгілікті жұлдыздары жекпе-жекке шықты», — дейді куәгерлер.

Алматы облыстық полиция департаменті әлеуметтік желіде жарияланған видео бойынша тексерістің басталғанын хабарлады. Төбелеске қатысушыларды іздестіру шаралары басталды.

Айта кетері, 5 тамызды Ұзынағаште атыс болды. Ауруханаға үш ер адам жеткізілді. Үшеуі де жан сақтау бөліміне жатқызылды. Біреуі қайтыс болды.

Другие новости

Back to top button