Главное

Ұлытаудағы апатқа байланысты Қанат Бозымбаев шұғыл түрде оқиға орнына аттанады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахта апатының себебін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Апаттың себебін анықтап, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды. Вице-премьер мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнына шұғыл барады», — деп хабарлайды үкімет.

Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпан күні кешке жақын Қазақмыс корпорациясына қарайтын шахта опырылып, жеті жұмысшы үйінді астында қалған. Өкінішке қарай, олардың бәрі мерт болды.

Другие новости

Back to top button