Социум

ЖИ қазірдің өзінде балалық шақтың бірбөлігіне айналды: ЮНИСЕФ цифрлықөзгерістерді қауіпсіз әрі әділ ету жолдарытуралы

Жасанды интеллект қазірдің өзінде балалық шақтың бір бөлігіне айналды, ал сапалы әрі инклюзивті білімге қол жеткізу әрбір баланыңқұқықтарын жүзеге асырудың негізгі шарттарының біріболып қала береді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткенкездесуде ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор РашедМұстафа Сарвар және бұқаралық ақпарат құралдарыныңөкілдері сөз қозғады.

«Бір қарағанда, жасанды интеллект пен инклюзивті білім беру екі түрлі тақырып сияқты көрінеді. Алайда оларды бір мәселе біріктіреді: қарқынды өзгеріп жатқан әлемде әрбір баланың құқықтарын қалай қамтамасыз етуге болады?», — деп атап өтті доктор Рашед Мұстафа Сарвар.

ЖИ: тыйым салу емес, қауіпсіз пайдалануға үйрету

Балалар қазірдің өзінде ЖИ-ді оқу, ақпарат іздеу, қарым-қатынас жасау және шығармашылықпен айналысу үшін пайдаланып келеді. 10 елдің деректеріне негізделген ЮНИСЕФ талдауына сәйкес, кемінде 20 миллион бала жасанды интеллектті пайдаланып жүр.

Қазақстанда балалардың шамамен әрбір екіншісі интернетке алғаш рет 5–8 жас аралығында қосылады, ал балалардың 92%-ы интернетке күн сайын немесе күніне бірнеше рет смартфон арқылы кіреді. Сонымен қатар балалардың 60%-ы интернетті күн сайын оқу үшін пайдаланады.

Сонымен бірге цифрлық орта кибербуллингтен, онлайн-груминг пен алаяқтықтан бастап, дипфейктер мен балаларды сексуалдық қанауға дейінгі жаңа қауіптерді туындатады. Генеративті ЖИ балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылықтың шынайы бейнелерін және кәмелетке толмағандардың келісімінсіз олардың интимдік бейнелерін жасау үшін пайдаланылуы мүмкін, бұл балаларды қорғау саласында жаңа сын-қатерлер туындатады.

«Жасанды интеллект — болашақтың мәселесі емес. Бұлбүгінгі күннің мәселесі. Біз инновациялар мен балалардыңқауіпсіздігі арасынан таңдау жасамауымыз керек. Біздіңміндетіміз — осы екі бағытты да қамтамасыз ету», — деп атап өтті ЮНИСЕФ басшысы.

ЮНИСЕФ-тің пікірінше, балаларға тек шектеулер ғанаемес, ең алдымен цифрлық сауаттылық, сыни ойлау жәнетехнологияларды қауіпсіз пайдалану дағдылары қажет. ЖИ-ді жауапкершілікпен пайдалану білімге қолжетімділіктікеңейтуге және жекелендірілген оқытуды қолдауға, соныңішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға да мүмкіндік береді.

Балалардың цифрлық қауіпсіздігіне жауапкершілік те бірғана тарапқа жүктелмейдібұл бағытта мемлекет, мектептер, технологиялық компаниялар, ата-аналар жәнеқоғам бірлесіп әрекет етуі қажет.

Инклюзия: мектепке бару ғана емес, оның толыққанды мүшесі болу маңызды

Кездесудің тағы бір тақырыбы — білім берудегі тең мүмкіндіктер. Қазақстан инклюзивті білім беруді дамыту үшін маңызды негіз қалыптастырды, алайда келесі қадам — қамту көрсеткіштерінен білім сапасына және балалардың білім беру үдерісіне нақты қатысуына көшу.

Бүгінде Қазақстанда мүгедектігі бар 137 434 бала тіркелген, олардың 38%-ы орта білім беру жүйесінде оқиды. Бұл деректер балалардың білім алуына және қоғам өміріне толыққанды қатысуына мүмкіндік беретін қолдау жүйесін одан әрі дамытудың маңыздылығын көрсетеді.

«Инклюзия — бұл баланың мектепте болуы ғана емес. Бұлоның оқу үдерісіне қатысуы, білім алуы, өзін мектепқауымдастығының бір бөлігі ретінде сезінуі және өзәлеуетін ашу мүмкіндігі», — деді доктор Рашед МұстафаСарвар.

ЮНИСЕФ үшін инклюзияны бағалау кезінде баланыңмектептегі орнының бар-жоғын ғана емес, оның қажеттіқолдауды алып отырғанын, мектеп өміріне қатысатынынжәне өзін мектеп қауымдастығының бір бөлігі ретіндесезінетінін ескеру маңызды. Бұл ретте тең мүмкіндіктерәрдайым бірдей шешімдерді білдірмейді: қосымшакедергілерге тап болатын балаларға қосымша қолдау қажетболуы мүмкін.

ЮНИСЕФ сондай-ақ мұндай қолдауды мүмкіндігінше ертебастау қажеттігіне назар аударады. MICS Kazakhstan 2024 деректеріне сәйкес, 36–59 ай аралығындағы балалардың68,7%-ы ерте оқыту бағдарламаларына қамтылған, бұлретте ауылдық жерлердегі көрсеткіш қалаларға қарағандатөментиісінше 64,1% және 71,7%.

Инклюзияны қолдаудың практикалық қадамы

Бұл жұмыстың жалғасы ретінде 2 қазанда Ақтауда UNICEF Caspian Ball қайырымдылық іс-шарасы өтеді. Жиналғанқаражат Батыс Қазақстандағы инклюзивті мектепке дейінгібілім беруді және мүгедектігі бар балалардың әлеуметтікинклюзиясын дамытуға бағытталады.

ЮНИСЕФ 2 000 мектепке дейінгі білім беру ұйымынабейімделген дене белсенділігінің заманауи әдістерін енгізіп, шамамен 164 000 баланы қамтуды, 10 пилоттықбалабақшаны ассистивтік технологиялармен жабдықтаудыжәне шамамен 10 000 тәрбиешіні оқытуды жоспарлап отыр.

«ЮНИСЕФ-тің басты міндеті — технологиялық, білім беру немесе әлеуметтік сипаттағы кез келген өзгерістің әрбір баланың мүддесі үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету», — деп атап өтті доктор Рашед Мұстафа Сарвар.

Другие новости

Back to top button