Госорганы

Үкіметке келесі жылы Павлодарда жаңа көпір салу тапсырылды

Павлодардағы Ертістен өтетін ескі көпір көлік-логистика саласын дамытуға мүмкіндік бермей отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке келесі жылы жаңа көпір құрылысын бастауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Павлодардың орасан зор транзиттік әлеуеті бар. Бірақ, Ертістен өтетін ескі көпір көлік-логистика саласын дамытуға мүмкіндік бермей отыр. Оның апатты жағдайда тұрғанына біраз жыл болды. Көпір арқылы жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған. Бұған дейін облыс орталығын айналып өтуге жол ашатын жаңа көпір салу жоспарланған. Үкіметке келесі жылы осы жобаны бастауды тапсырамын. Жолды күтіп ұстауға баса назар аудару қажет», — деді Президент.

Другие новости

Back to top button