Госорганы

Тоқаев: Қазақстандағы ең ұзын өзен жағалауы – Павлодардың визиттік картасы

Қазақстандағы ең ұзын өзен жағалауы – Павлодардың визиттік картасы. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазақстандағы ең ұзын өзен жағалауы – Павлодардың визиттік картасы. Бұл – демалыс орны ғана емес, сонымен қатар қаланың мәдени өмірінің орталығы. Мұндай тартылыс нүктелері көп болуы керек. Жергілікті жағалаудың ерекшелігі – әлемдегі ең үлкен «Қаздар қайтқанда» неоген дәуірі жануарларының қалдықтары шоғырланған жағалаудың бүлінбеген бөлігі. Осынау әлемдік өлшеммен қарағанда бірегей палеонтологиялық ескерткішті сақтау өте маңызды. Мұндай нысандар қаланың символдық капиталын нығайтады және туристердің назарын өзіне аудартады», — деді Мемлекет басшысы Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуі барысында.

Другие новости

Back to top button