ГлавноеГосорганы

Тоқаев: Павлодар – Қазақстанның дамуында үлесі мол, маңызы жоғары аймақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды БортN1 телеграм каналы.

«Павлодар – Қазақстанның дамуында үлесі мол, маңызы жоғары аймақ. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптадан бері өңірлерге сапарым басталды. Аймақтардағы халықпен кездесіп, ел дамуына қатысты бастамаларым туралы айттым. Алдымен Түркістан мен Шымкентке, содан кейін Семейге бардым.

Біз алдағы қысқа дайындық барысымен танысып, шұғыл мәселелерді қарадық. Облыстар үшін стратегиялық маңызы бар міндеттерді айқындадық. Бір сөзбен айтқанда, бұл өте мағыналы сапарлар болып жатыр»

Другие новости

Back to top button