![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2022/09/92e8f5569957e5e32a020dc337fe72ee3d7155fb-780x470.jpg)
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлардан тәркіленген барлық ақшаны мектеп салуға жұмсау керектігін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар жоғары білім беруді қолжетімді етуді тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, білім беру саласына жылдық 2-3 пайызбен жеңілдетілген несиелер де берілмек.
1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған.