ГлавноеНазначения и отставки

Тоқаев бұрынғы баспасөз хатшысын көмекшісі етіп тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президент Әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;

Ержан Хозеұлы Қазыхан – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі;

Ержан Нұрланұлы Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.

Одан бөлек:

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;

Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Еске салайық, бүгін Қ.Тоқаев ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта жасақтау туралы жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Ғизат Нұрдәулетовті ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындады.

Другие новости

Back to top button