ГлавноеНазначения и отставки

Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып сайланды

Президент Сенаттың қарауына осы кандидатураны ұсынған еді

Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банктің төрағасын таңдауды қарады. Палата отырысында Мемлекет басшысының ұсынысын Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов оқып берді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес, Президент Парламент Сенатының қарауына Ұттық банк төрағасының лауазымына Тимур Мұратұлы Сүлейменовтың кандидатурасын ұсынады. Тимур сүлейменов 4 жылдан астам Президент әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық бағытты басқарып, ауқымды экономикалық өзгерістерді жасауға атсалысты. Кезінде Ұлттық экономика министрлігін басқарды. Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының мүшесі, Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр болды. Ұлттық холдингтерде лауазымды қызметтерді атқарды. Тимур Мұратұлы қаржы және экономикалық бағыттарда, оның ішінде Ұлттық банк төрағасы орынбасарының лауазымында үлкен тәжірибеге ие», — деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, Конституцияға сәйкес ел Президентінің Ұлттық Банк Төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады.

Другие новости

Back to top button