Главное

Таиланд қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режим енгізеді

Ал ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет

Қазақстан азаматтары Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді», — деп жазылған хабарламада.

Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет.

Жарамды жол жүру құжаты – ҚР азаматының паспорты, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.

Другие новости

Back to top button