Главное

Тағы да лифтіде: бір топ жігіт ер адамды соққыға жығып кетті (ВИДЕО)

Шымкентте жантүршігерлік оқиға болды. Бір топ адам лифтіде тұрған ер адамды аяусыз соққыға жығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға барысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ал видео желіде жарияланды. Оқиға «Otau City» тұрғын үй кешенінің лифтісінде болған.

Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысы адамдар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

«Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр», — деді құқық қорғау органдары.

Другие новости

Back to top button