Госорганы

Тағы 3 партия пайда болады: Қазақстанда қанша партия сайлауға қатысуы мүмкін

Әділет министрі Қанат Мусин сондай-ақ Президент сайлауының қашан өтетінін айтты

Әділет министрі Қанат Мусин қанша партиядан тіркеуге өтініш түскені және сайлауға қанша партя қатысатыны туралы сауалға жауап берді.

«Қазіргі кезде Әділет министрлігі үш партияның хабарламасын қабылдады. Үш партия ұйымдастыру кезеңінде, съезд шақырылымы сатысында тұр. Нақтырақ айтсақ, бір партия съезін өткізіп үлгерді. Қазір партия мүшелерінің тізімдерін нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Екі партия съезд өткізгелі жатыр. Барлығы сегіз партия хабарлама жіберді. Бірақ олар әлі бірінші кезеңнен өткен жоқ», — деді Қанат Мусин Мәжіліс алаңында.

Ол сондай-ақ Президент сайлауының қашан өтетінін айтты.

«Сайлау мерзімін Мемлекет басшысы белгілейді. Ол Жарлық жарияланғаннан кейін күні белгілі болады. Қазіргі Президенттің мерзімі 1,5 жылдан кейін ғана аяқталатындықтан, ол өз бастамасы аясында Жолдауын жариялап, одан кейін жарлық шығарып, сайлау күнін белгілейді», — деді Қ. Мусин.

 

Другие новости

Back to top button