Шымкент

Шымкентте жүк көлігі толығымен жанып кетті

Көлікте құрылыс заттары болған

Шымкентте жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тоғыс елді мекенінде «Газель» жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті. Көлік ішінде құрылыс заттары мен құжаттар болған.

Өрт сағат 15:54-те оқшауланып, сағат 16:03-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

 

Другие новости

Back to top button