Восточно-Казахстанская область

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

Жауапты мекемелердің жұмысшылары жолды бірден тазартты

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының учаскесінде жалпы көлемі 150 текше метр қар көшкіні жүрді. Бұл уақытта аталған жол жабық болатын. Жауапты мекемелердің жұмысшылары жолды бірден тазартты, — делінген хабарламада.

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары қар көшкінін жасанды жолмен де түсіріп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бері өңірде 80 000 текше метрден астам қар түсірілген.

Другие новости

Back to top button