Восточно-Казахстанская область

Шығыс Қазақстан облысында найзағай түсіп, орман мен тау алабын өртке орады

Алдын ала болжам бойынша, Шығыс Қазақстанның Сарыбел ауылдық округіндегі орман өртіне құрғақ найзағай себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде өртті ауыздықтауға Красногорск және Қайыңды орман шаруашылықтарының өрт сөндіру бөлімдері ғана емес, орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмылған.

Оларға көмекке Өскемен қаласынан екі техника мен 26 өрт сөндіруші келді. Барлығы жүзге жуық адам мен он техника жұмылдырылды.Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жекелеген өрт ошақтары, жетуге қиын және тасты жер құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысына қиындық туғызып жатыр.

Өрт 5 тамызда басталғанымен, қазір орман қоры мен тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Другие новости

Back to top button