Ғылым және техника

Республикалық «3.2.1. Старт!» байқауының аясында Қазақстан ЖОО студенттері 17 тоннадан астам пластик жинады

Бұл туралы «Жастар бірге – қалдық бөлек!» атты пластик жинау бойынша Қазақстан жастары мен ЖОО форумында айтылды. Жобаның 8-ші маусымы жасыл принциптер мен ТДМ-на қол жеткізу арқылы пластикті жинаудың және қайта өңдеудің тұрақты үлгісін құруға бағытталған.

Бұл экологиялық жоба Coca-Cola Icecek Kazakhstan (CCI Kazakhstan) бастамасымен және «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» Заңды тұлғалар бірлестігі қолдауымен Қазақстанда бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның 8-ші маусымына негізінен 10 қазақстандық ЖОО студенттері қатысты: Назарбаев Университеті, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰАЗУ, Satbayev University,  Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті, Тұран-Астана университеті. Жоба аясында студенттер пластик қалдықтарын жинап, олардың көлемін есептеп, ай сайын қайта өңдеуге жіберіп отырды.

Осы әлеуметтік жобаның маңызды бөлігі ретінде оған қатысатын ЖОО арасында пластикті қайта өңдеу бойынша ең үздік идеяға байқау өтуде. Әрбір университет қалдықтарды жинаудың, сұрыптаудың және қайта өңдеудің өз үлгісін ұсынды, ал ең үздік идея CCI Kazakhstan сыйлайтын құрал-жабдықтар тізбегінің көмегімен жеңімпаз альма-матер қабырғасында жүзеге асырылатын болады.

«Біз қаптама қалдықтары мәселесін шешу өз қолымызда деп есептейміз, ал өскелең ұрпақ осы шешімнің драйверіне айналуда.

Біраз жылдар бойы біз қоғаммен, үкіметпен бірлесе қаптама жинауға үлес қосатын түрлі жобаларды қолға алудамыз. «3.2.1.Старт!» жобасының арқасында-ақ біз 17 тонна пластик жинадық. Осыған қоса біз қалдық жинаумен және оны қайта өңдеумен айналысатын ұйымдармен серіктесе Қазақстанның түрлі қалаларында қалдық жинау инфрақұрылымына инвестиция жасаудамыз. Айта кету керек, соңғы жылдары біздің бұл саладағы бастамаларымыздың саны айтарлықтай өсіп келеді. Біз мұндай жобаларға инвестициялауды жалғастыратын боламыз», — деп атап өтті CCI Қазақстан компаниясының корпоративтік байланыстар және тұрақты даму жөніндегі директоры Алима Исембаева.

Түрлі қалалардағы ЖОО арасындағы байқаудың қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар жеңімпаздарды анықтады. Олар Satbayev University мен Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ. Жеңімпаз ЖОО пластикалық қалдықтарды қайта өңдеп, одан пластмасса бұйымдарын шығаратын жабдық желісін ұтып алады да студенттеріне циклді экономика қағидаттарын оқыту мүмкіндігіне ие болады. Ал Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ пластмассаны ұсақтауға арналған шредерді иеленеді.

Сондай-ақ, байқаудың қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар мен ЖОО коммюникеге қол қойды. Ол бойынша ЖОО қалдықтарды бөлек жинау бастамасын жалғастырып, тұрақты даму саласындағы жобаларды қолдауға келісті.

«Бірнеше жылдан бері біз CCI Қазақстан компаниясымен бірлесе жаңа таланттарды ашып, олардың еліміздің дамуына бағытталған идеяларын қолдап, ең қызықты әрі тиімді идеяларды жүзеге асырып келеміз. «3.2.1.Старт!» аясында қарастырылып жатқан стандарттан тыс шешімдер мен жобалардың көбеюі бізді қатты қуантады. Жас қазақстандықтар – тарихтың қозғаушы күші. Сондықтан да, біз компанияның ұстанымын бөлісетін, осы бастаманы қолдайтын әрбір тұлғаға алғыс айтамыз» — деп түйіндеді Асыл Окапова, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» Заңды тұлғалар бірлестігі бас менеджері.

Естеріңізге сала кетейік, жоба ұйымдастырушылары мен CCI Қазақстан компаниясы қаптама қалдықтарын басқару жүйесіне ерекше көңіл бөледі. 2023 жылдың өзінде-ақ 3,5 мың тоннаға жуық қалдық жиналып, кәдеге жаратылды. 2030 жылға қарай Қазақстан нарығына шығарылатын қаптаманың 100% баламалы көлемін жинау жоспарлануда. Компания кәдеге жарату ақысын төлеумен қатар, еліміздің ірі қалаларындағы тұрғындардан қаптамаларды жинау және сұрыптау инфрақұрылымына белсенді инвестициялайды және эко-қауымдастықпен, қалдық жинап, оны өңдейтін ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу арқылы бүкіл индустрияға қолдау көрсетеді. Бұл бастамаларды Қазақстан Республикасы Президентінің өзі атап өткен. Ол CCI Қазақстанға әлеуметтік жауапты бизнестің бірі ретінде «Парыз» сыйлығын табыс етті.

***

CCI – Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түрікменстан, Сирия және Бангладеште жұмыс істейтін халықаралық сусындар компаниясы. CCI The Coca-Cola (Дзе Кока-Кола-Компани) компаниясының газдалған және газдалмаған алкогольсіз сусындарын шығарады, таратады және сатады.

CCI компаниясында 10 000-нан астам адамды жұмыс істейді. Ол 12 елдегі 31 алкогольсіз сусындар құю ​​зауыты мен 3 жеміс өңдеу зауыты арқасында 600 миллион адамдық тұтынушы базасына сусын өнімдерінің кең ассортиментін ұсынады. Газдалған сусындардан басқа компанияның өнім портфеліне шырындар, салқын шай, су, спорттық және энергетикалық сусындар мен кофе кіреді.

CCI акциялары Стамбул қор биржасында (BIST) «CCOLA.IS» белгісімен саудаланады.

Ақпараттық анықтама

Атқарылған іс-шаралар:

  • «Plastic in Art» көрмесі ұйымдастырылды. Онда көптеген түрлі экспонаттар, пластик өңдеушілерінің жұмыстары, қайта өңделген пластиктен жасалған киімдер мен интерьер дизайндері ұсынылды. Көрмеге келушілер неліктен қалдықты сұрыптау қажет екенін, оны үйде қалай ұйымдастыруға болатынын, жиналған шикізатпен не болатынын білді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар пластиктің «қайта жанданатын» материал ретіндегі маңыздылығын айтып берді.

 

  • Алматы тұрғындары мен оңтүстік астананың қонақтары қатысқан экомарафон өтті. Онда үш тоннаға жуық пластик жиналып, оның бір бөлігі Алматы қаласына сыйға тарту етілген 12 ұзын орындық жасауға жұмсалды;

 

  • Екі экостанция ашылды – компания кеңсесінің аумағында және Алматы Арена аумағында. Бұл бастамаға «3.2.1.Старт!» жобасының өткен маусымдарының жеңімпазы «Экосен» компаниясы серіктес болды. Экостанцияларға Алматы қаласының тұрғындары қалдықтың 11 түрін әкеліп, ақы ретінде CCI Қазақстан компаниясының фирмалық мерчтеріне айырбастауға болатын ұпайлар алады. Жыл соңына дейін Қазақстан бойынша тағы 25 экостанция ашылады.

 

  • 2023 жылдың жазында 6 эко-сенбілік өткізілді. Нәтижесінде Ақтөбедегі Федоров су қоймасы, қалалық су қоймасының аумағы, Өскеменде Ертіс пен Қошқар-Ата өзендерінің жағалауы, ал Шымкентте Тәуелсіздік саябағы қоқыстан тазартылды. Астанада Есіл өзенінің жағалауы, ал Алматыда Қапшағай су қоймасының жағалауы пластик қалдықтарынан тазартылды.

 

 

Другие новости

Back to top button