Атырауская область

Құлсарыда жылқы терең шұңқырға түсіп кетті

Құлсарылық өрт сөндірушілер шұңқырдан жылқыны аман алып шықты. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 тамыз күні сағат 18:48-де Құлсары қаласының өрт сөндірушілері шұңқырға құлап кеткен жылқыны аман алып қалды. Олар атты өртке су себетін түтік құбырмен алып шықты.Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Құтқарушылар жылқы зардап шекпегенін, иелеріне тапсырылғанын атап өтті.

Другие новости

Back to top button