Госорганы

Қостанайдағы өрт.  Сенаторлар орманшылардың жалақысын көтеруді ұсынды

Қостанай облысынан сайланған сенаторлар Жеңіс Нұрғалиев пен Сергей Карплюктің депутаттық сауалын жолдауға Қостанай облысындағы қайғылы оқиғалар мен елімізде жылдар бойы жалғасып келе жатқан орман өртіне қатысты жағдай себеп болды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

2018-2021 жылдары жалпы көлемі 464 219 гектарды құрайтын 2 438 өрт орын алып, жалпы шығын 9 167 108 мың теңгені құрады. Яғни, біз жыл сайын сол проблемадан орасан зор қаржылық, экологиялық, материалдық және т.б. шығынға ұшырап келеміз. Осы жылдар бойы елімізде мұндай табиғи апаттармен күресудің біртұтас жүйесі қалыптаспағаны анық. оның үстіне, Үкімет әлі күнге дейін орманды қорғау және молықтыру бойынша пәрменді шараларды жүзеге асырған жоқ, – дейді Жеңіс Нұрғалиев.

Сенаторлар жалақының төмен деңгейімен, орман шаруашылықтарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудің нашарлығымен, тозған өрт техникасымен және өрт есептоптарының біліктілігі төмен персоналымен байланысты кадрлардың жетіспеушілігі проблемаларын белгіледі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметін қалпына келтіру қажет, ол республикадағы техногендік жағдайларға жедел ден қоя алады. Кәсіпорынның 13 филиалы еліміздің 12 өңірінде орналастырылды. құтқару жұмыстарына жұмылдыру жарияланғаннан кейін кәсіпорын 2 мыңнан астам кәсіби құтқарушыны жібере алады, — деді сенатор.

Осыған байланысты парламентшілер орман шаруашылығы үшін өрт сөндіру техникасын да, арнайы техниканы жаңартуға да қаражат бөлуді, орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді, өрттерді ерте анықтаудың ақпараттық жүйелерін енгізуді ұсынады, бұл адами факторды болдырмауға және тиісінше өрт ошақтарына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Другие новости

Back to top button