Госорганы

Қостанайда өрттен өңірлік бизнеске 200 млн теңгеден аса шығын келді – «Атамекен»

Тағы 6 нысан залал сомасын анықтап жатыр

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев Қостанайда өрттен өңірдегі бизнеске 200 млн теңгеден аса шығын келгенін мәлім етті.

Қазіргі уақытта зардап шеккен бизнес нысандарының саны – 18, оның ішінде Әулиекөл ауданында – 17, Қарасу ауданында – 1. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жабдықтарынан 1 комбайн, 1 трактор жанып кеткен.

12 кәсіпкердің айтуынша, олардың мүліктік залал сомасы 200 млн теңгеден асады, ал 6 нысан залал сомасын анықтап жатыр. Зардап шеккендер кафе, ТЖО, сауда және ауылшаруашылық тауар өндірушілері сияқты шағын бизнес өкілдері болып саналады.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталовтың тапсырмасы бойынша төтенше жағдайдың алғашқы сағаттарында жедел штаб құрылды, онда зардап шеккен бизнес туралы, сондай-ақ бүкіл елдің кәсіпкерлері аймаққа жіберетін көмек туралы барлық ақпарат жиналады.

«Мен жеке өзім Өңірлік кеңес мүшелерімен бірге Әулиекөл ауданына зардап шеккендерге азық-түлік, киім және басқа да гуманитарлық көмекпен екі рет бардым. Сондай-ақ біз қаржы мекемелерінің басшыларымен қарыздарды есептен шығару мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, банктердің қарауында қаржы мекемелерінің атына тиісті хаттар бар. Мүлігіне залал келген бизнес субъектілері анықталды, өзара байланыс орнатылды, мүлікті тексеру актісі әзірленді, нысандарды фото және бейнетіркеумен қарау жүргізілуде. Өрттен зардап шеккендердің толық тізімін, соның ішінде залал сомасы мен несиелік берешекті анықтау үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қоңырау шалу жалғасуда», — деді Данияр Күзенбаев.

 

Другие новости

Back to top button