ГлавноеКостанайская область

Қостанай облысындағы өрт: 5 қыркүйек таңертеңгі жағдай

5 қыркүйек күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Қостанай облысында 1841 адам: Озерное ауылынан – 250 адам, Аманқарағай ауылынан – 1000 адам, Калинино ауылынан – 228 адам, Лесное ауылынан – 363 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, жергілікті билік эвакуацияланғандарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды. Олар азық-түлікпен қамтамасыз етілді. 66 адам эвакуациялау пункттерінде, қалғандары үйлеріне оралды немесе туыстарында қалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің сенім телефоны жұмыс істейді, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті психологтарының жұмысы жолға қойылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің сенім телефонына 30 ақпараттық қоңырау түсті. Сонымен қатар Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2 психологы, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 3 психологы және «Сарыарқа Автопром» ЖШС 3 психологы Әулиекөл ауданындағы эвакуациялау пункттерінде тұрғындарға жедел психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша, 57 адам кеңес алса, 45 балаға көмек берілген.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы әзірленіп, оған қол қойылды. Қостанай облысының әкімі жергілікті жерде төтенше жағдай жариялады.

Орман аймағында 5 учаске (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары маңында) (жиегінің жалпы ұзындығы 5 км) сөндіру жүргізіліп жатыр.

10 адам жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алған. Оның ішінде 5 адам, (ішінде бір кәмелетке толмаған адам бар), 1 орман шаруашылығы қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері бар. Бір адам қайтыс болды.

 

Другие новости

Back to top button