Главное

Қазақстанның әуе компаниялары ЕО-ның қара тізімінен шықты

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қазақстан әуе компаниялары ЕО қара тізімінен шыққанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұшу қауіпсіздігі – азаматтық авиацияның басты міндеті. Қазақстанда бұл көрсеткіш, Батыс Еуропа елдерінің көрсеткіштерімен қатар қоюға келеді. Халықаралық авиациялық ұйымының бағалауы бойынша 82%-ды құрайды, бұл әлемдік орташа деңгейден (70,8%) 11,2%-ға жоғары», — деді Ластаев.

Ол атағандай, 2024 жылы Еурокомиссия Қазақстан авиакомпаниялары үшін Еуропа Одағына ұшуға қатысты «Қара тізімдегі» барлық шектеулерді толығымен алып тастады.

«Биыл шілде айында мемлекет басшысының шақыруымен алғаш рет ИКАО Кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитано ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл Қазақстан мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың жаңа сатысы болмақ», — деді Талғат Ластаев үкімет отырысында

Другие новости

Back to top button