ГлавноеКарагандинская область

«Қазақстан» шахтасында қаза тапқан кеншінің кім екені белгілі болды

Тағы 4 жұмысшыны іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында қаза болған кеншінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері 1965 жылы туған Слюньков Виталий Владимирович (жерасты электр слесарі, 5-санат, еңбек өтілі 39 жыл). Марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамыз», — делінген «АрселорМиттал Темиртау» мәліметінде.

Қалған 4 жұмысшыны іздестіру жалғасып жатыр.

«Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асып жатыр. Құтқару қызметтерінің 12 бөлімшесі жұмыс үстінде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетіледі», — дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Еске салайық, өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Қазақстан» шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді.

Өрт кезінде шахтада барлығы 227 адам болған. Бұған дейін 222 адамның жер бетіне шығарылғаны хабарланды. Бір адам қайтыс болды. Тағы 4 жұмысты іздестіріліп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.

Другие новости

Back to top button