Госорганы

Қараусыз жүрген мал иелеріне салынатын айыппұлды 100 АЕК мөлшеріне дейін ұлғайту ұсынылды

Өйткені қазір малдың жол бойына шығып кетуі салдарынан болатын жол апаты жиілеген

Елімізде малдың жол бойына шығып кетуі салдарынан болатын жол апаты жиілеп кеткен. Сондықтан малын қараусыз жіберетін тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшерін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту қажет. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» басқармасы төрағасының орынбасары Серік Айдос елордада өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Полициямен бірге жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, елді мекен тұрғындарымен жиі кездесу өткізіп, автомобиль жолының бойына мал жаймау керектігін түсіндіреміз. Хаттама жасалып, жадынама таратылады», — деді ол.

Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексте жол бойында жайылып жүрген мал иелеріне жауапкершілік қарастырылған.

Яғни, мал иесіне 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер мал кесірінен жол-көлік апаты болған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

«Орын алған жағдайды ескере отырып, үй жануарларына дұрыс қарамағаны үшін салынатын айыппұлды 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту ұсынылады», — деді Серік Айдос.

 

Другие новости

Back to top button