Госорганы

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жарияланатынын мәлімдеді.

Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті.

Президент «заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отырғанын» айта келіп, оларға рақымшылық жасалатынын мәлім етті.

Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым.

Осы орайда президент бүлікті ұйымдастырғандар мен мемлекетке сатқындық жасағандар бұл рақымшылыққа ілінбейтінін баса айтты.

 

Другие новости

Back to top button