Госорганы

Қайта қазылған жол оңбас

Алматы қаласында бүтін асфальт жолды бұзып инженерлік коммуникацияларды жүргізу, оны қайта қалпына келтіру үлкен мәселе тудыруда, деп хабарлайды Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Қалада жаңа жол салынғаннан кейін коммуникациялық желілерді жөндеу, тарту жұмыстары үшін жол қабаты қайта қазылады. Мамандардың айтуынша, көбінде жолды қайта төсеу жұмыстары сапасыз орындалуы. Филиалда Энерготиімділік басқармасымен келісім-шарт болмағандықтан, қалалық мобильдік басқармасының келісім-шарт шеңберінде аталған жол бөліктерін орталық қызметкерлері тексеріп. Сапа орталығының инженері Айдар Бейісбековтің айтуынша, жыл басынан бері коммуникациялық желілерді жөндеу, тарту жұмыстарынан кейін жол қабатын тексеруге ерекше назар аударылуда.

«Жиі кездесетін олқылық – траншеяларды қазып, қайта көмгенде астыңғы қабатты нығыздау жұмыстары дұрыс орындалмайды. Сол себепті уақыт өте келе жолдың асфальт-бетон жабындысы басылып, отырып қалады. Орталық мамандары жолдың қатты қабатын кесіп алып, астыңғы бөлігінің нығыздау коэфицентін анықтаймыз», — дейді жол маманы.

ЖАҰСО мекемесі берген ақпарат бойынша, тексеру барысында 99 ақау анықталып, 28 хаттама Құрылыс басқармасына жолданған. 5 мердігер мекемеге 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 1 инженерлік компанияның лицензиясы тоқтатылыпты. Сонымен қатар, 2 инженердің аттестаты 6 айға тоқтатылған.

Другие новости

Back to top button