Госорганы

Президент: Тағы бір өзекті мәселе – бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Тағы бір өзекті мәселе – бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару. Мен бұл жұмысты бүкіл ел аумағында жүргізуді тапсырдым. Абай облысында қазірдің өзінде осындай 200 мың гектар жер анықталды. Соның 62 мың гектары қайтарылды. Қайтарылған жерлерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне тиімді пайдалану аса маңызды. Жалпы, бұл жұмыс одан әрі жалғасады», — деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажеттігін де айтты.

«Аймақтың жер қойнауы полигонның кесірінен жылдар бойы игерілген жоқ. Сол себепті, облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажет. Қазба байлықтар көптеп табылады деп ойлаймын.

Тау-кен өнеркәсібін дамыту облыс экономикасын жандандырады. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», — деді ол.

Другие новости

Back to top button