Госорганы

Президент мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылдауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау мәселесін тілге тиек ете отырып, жаңа заң қабылдау қажет екенін айтты.

Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау. Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек (регулирование «с чистого листа»).Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды.

Осы ретте президент оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн екенін айтып, мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет екенін атап өтті.

Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап, – деді президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізілетінін айтты.

Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет.

Осының бәрін жүзеге асыру үшін мемлекет басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға тиіс екенін атап өтті.

 

Другие новости

Back to top button