Северо-Казахстанская область

Петропавлда су құбыры құдығын тазалаған үш жұмысшы уланып, бірі қаза тапты

Құрылыс нысаны жанындағы су құбыры құдықтарын тазарту кезінде 28, 20 және 18 жастағы үш жұмысшы буланудан зардап шекті. Олардың бірі, 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал қалған екеуі шұғыл түрде қаладағы медициналық мекемеге жеткізіліп, жатқызылды.
Аталған факті ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі, яғни «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Сараптама тағайындалды.

Істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері қолға алынды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша мердігерлік ұйымдардың кінәсі анықталатын болады.Петропавл қаласының полиция басқармасы

Другие новости

Back to top button