Восточно-Казахстанская область

Өскемен маңынан 1,5 жыл бұрын жоғалып кеткен алматылық тұрғынның сүйегі табылды

Қазіргі кезде сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматыда 2021 жылдың наурыз айының ортасында жоғалып кеткен ер адамның сүйек қалдықтары Өскемен қаласының жанынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Noks.kz сайтына сілтеме жасап.

LIDER.KZ еріктілер қозғалысы мәлім еткендей, 1991 жылы туған ер адам 2021 жылдың 13 наурызында Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен. Таңертең Райымбек даңғылындағы жұмыс орнынан шығып кеткен соң оны қайтып ешкім көрмеген. Волонтерлер жақында ғана оны іздеу жұмыстарының тоқтатылғанын хабарлаған еді.

«Ер адамның сүйегі Өскемен қаласының іргесіндегі орман белдеуінен табылды. 19 шілдеде аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі кезде сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button