Баскетболдан қыздар арасында Түркістандағы «Olympic Center» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының ХХХ чемпионатының шешуші кезеңі өтті. Аталған сынға еліміздің іріктеліп шыққан ең үздік 4 командасы қатысты. Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасы керемет шеберлігін көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Түркістандық арулар бас жүлде үшін болған тартыста Ақмола облысының «Оқжетпес» командасымен 4 рет кездесіп, 3:1 есебімен жеңді. Шешуші сында алаң иелері ақмолалық қарсыласынан 54:49 есебімен басым түсті. Қос мықтының тартысқа толы бәсекесін мамандар жоғары бағалады.
Чемпион атанған «Тұран» командасы мен күміс жүлдеге ие болған «Оқжетпес» командасын және үздік ойыншыларды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен спорт саласының басшылары арнайы марапаттады. Жылдың үздік ойыншысы (MVP) болып түркістандық Залина Куразова танылды. Оған арнайы құрмет көрсетілді.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей қолдауымен құрылған «Тұран» спорттық ойын түрлері клубы қысқа уақытта айтулы жеңістерге қол жеткізіп үлгерді. Қыздар ел чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. 2021 жылы «Тұран» жастар құрамасының ерлер командасы Қазақстан Республикасының күзгі чемпионатында топ жарса, «Тұран» әйелдер командасы кубоктың жеңімпазы атанған болатын.
Тұтас бiр елдiң ұлттық ойынына айналған спорт түрлерi аз емес. Кейде сол спорт түрлерi жұмыр жердегi ондаған елдердiң сүйiктi ойынына айналатыны бар. Бiр кездерi Массачусетс штатындағы колледж мұғалiмi Джеймс Нейсмит ойлап тапқан бүгiнгi баскетбол — жанкүйердiң көз құрты. ХIХ ғасырдың аяғында дүниеге келген бұл спорт түрi бiрден жастардың сүйiктi ойынына айналып, дүниенi шарлап жүре бердi. Қасаң, тартымсыз, бiр үлгiде ғана өтетiн дене тәрбиесi сабағынан жалыққан балаларды сергiту үшiн ойлап тапқан Джеймс Нейсмиттiң бұл "ермегi" дүниенi дүркiреткен спорт түрiне айналады деп кiм ойлаған?! Колледж мұғалiмi жемiс-жидек салатын екi корзинаны спорт залының екi шетiне байлап, оқушыларға доп лақтыруға кеңес берген едi.
Тұтас бiр елдiң ұлттық ойынына айналған спорт түрлерi аз емес. Кейде сол спорт түрлерi жұмыр жердегi ондаған елдердiң сүйiктi ойынына айналатыны бар. Бiр кездерi Массачусетс штатындағы колледж мұғалiмi Джеймс Нейсмит ойлап тапқан бүгiнгi баскетбол — жанкүйердiң көз құрты. ХIХ ғасырдың аяғында дүниеге келген бұл спорт түрi бiрден жастардың сүйiктi ойынына айналып, дүниенi шарлап жүре бердi.
Қасаң, тартымсыз, бiр үлгiде ғана өтетiн дене тәрбиесi сабағынан жалыққан балаларды сергiту үшiн ойлап тапқан Джеймс Нейсмиттiң бұл "ермегi" дүниенi дүркiреткен спорт түрiне айналады деп кiм ойлаған?! Колледж мұғалiмi жемiс-жидек салатын екi корзинаны спорт залының екi шетiне байлап, оқушыларға доп лақтыруға кеңес берген едi.
Балалар үлкен ықыласпен қабылдаған едi жаңа ойынды. Әрине, ол кездегi ойынды ақбөкендей жылдамдықты, қырандай шалт қимылды, барыстай ептiлiктi, сұрмергендей мергендiктi қажет ететiн бүгiнгi баскетболмен салыстырудың өзi күнә. Бүгiнгi баскетбол: шарпыған жалын, үйiрiлген құйын, көтерiлген дауыл, көз iлеспес жылдамдық, асқан сұлулық…
Баскетбол залдарында дауыл тұрғызған Қазақстан чемпионаты да мәреге жеттi. Ұлттық лигадағы 5 команда жартылай ақтық айқасқа дейiн үзеңгi қағысып келген. Өзгелерден сәл төмен ойнаған — Атыраудың "Барыс" командасы. Алматының "Алматы", Астананың "Тигры", Қапшағайдың "ТСМ-КазАТК", Қостанайдың "Тобол" командалары соңғы сәтке дейiн "шайнасып" келдi. Қапшағай командасында 4-5 сырттан келген ойыншылар бар едi. Олар Қостанайда өткен үшiншi орын үшiн тартысқа қатысқан жоқ. Легионерлердiң ең жауапты соңғы ойынға қатыспаулары көпшiлiкке түсiнiксiз болды. Туған топырақтарында ойнаған "Тобол" Қапшағай баскетболшыларын үш рет тiзе бүктiрдi. Бiр жыл ғана бұрын құрылған "Алматы" баскетбол клубы күмiс медальға қол жеткiздi. Ат сауырын көбiк қылып Ресейден шақырған тәжiрибелi бапкер Сергей Зазулин бiрiншi орынды ғана нысана еткенi анық. Оның үстiне, "Алматы" клубының бас бапкерi Ресейден өзiмен бiрге 4 ойыншыны ала келген болатын. Олардың бәрi де суперлиганың "А" дәрежесiндегi клубтарда ойнаған ойыншылар екен. Республика чемпионы деген атақты тұмардай сақтап келе жатқан "Тигры" клубы әбден қалыптасқан азулы команда. Қазақстан құрамасының 80%-ы осы команданың ойыншылары. Бұл командада Американың екi "қара маржаны" да өнер көрсетедi. Ақтық ойында Рахим Браун мен Джастин Бейлидiң "Тигры" командасының алтын жүлдеге ие болуына өз үлестерiн қосқаны сөзсiз. Бұрын-соңды қазақ баскетболында қара нәсiлдi американдықтар ойнамағанын да еске салғанымыз жөн.
Ал сол легионерлердi бума-бума ақша ұсынып, iргедегi алып елден, мұхит асып Америкадан шақыру қажет пе? Баскетболымен-ақ әлемдi таңқалдырып отырған елдердiң озық тәжiрибесiн алу, шеберлiктерiн бойға сiңiру керек-ақ. Белгiлi бiр кезеңге шақырып, сол елдiң мықтыларының тәжiрибесiн алып қалу керек. Олардан үйренуге ықылас бiлдiрген ұлт перзенттерiн баулу қажет. Өйткенi кәсiби клубтарда темiрдей тәртiпке, бапкер айтқанын бұлжытпай орындауға үйренген спортшылардың жөнi бөлек. Кәсiби клубтардың кәсiби спортшылары бiрден көзге ұрып тұрады. Бұл жерде саусағыңды шайнайсың. Ұлттық лигадағы командалардың өзiнде ұлтымыздың перзенттерi саусақпен санарлық. Бұл саладағы кәсiби бапкерлердiң аздығы да адым аштырмай келедi.
Дегенмен де Қазақ елi баскетболының қазiргi қарқыны бұрынғыдан көш iлгерi. Кеше ғана "Алматы" баскетбол командасы Кувейтте өткен Азия клубтарының бiрiншiлiгiнен оралды. "Алматы" клубы Кувейтте Индонезияның "Мабу" клубын 71:49, Иорданияның "Заин" командасын 76:60 есебiмен тiзе бүктiрдi. Ливандық "Аль-Раяди" 80:52, Катар елiнiң "Аль-Райан" клубы 89:68 есебiмен "Алматыдан" басым түстi. Сөйтiп, өз тобында үшiншi орынға табан тiреген. Келесi айналымда ширек финалда Иран елiнiң "Сабабатри" командасы 88:77 есебiмен "Алматының" еңсесiн түсiрдi.
Былтыр Қазақстан клубының баскетболшылары Азия клубтарының чемпионатында бесiншi орынға көтерiлген едi. Ендi Қазақстан құрамасының жетiстiктерiне ат басын тiрейiк. Азия құрлығында Қытай, Иран, Корея елдерiнiң баскетболшылары бет қаратпай тұр. Өткен жылғы Азия бiрiншiлiгiнде Қазақстан құрамасы төртiншi орынға табан тiредi. Жапон жерiнде жапон баскетболшыларын тiзе бүктiрiп, үшiншi орын үшiн айқаста Корея спортшыларына 4 ұпаймен есе жiбердi. Азияның азу көрсеткен 16 командасының арасында өнер көрсеткен Қазақстан спортшылары сынай қараған сырт көздiң назарын аударды. Содан болар әлемдiк баскетбол федерациясының Азиядағы өкiлi үш айда Қазақ елiне үш рет ат басын тiредi. Бұл да бұрын болмаған тосын жай. Дәл бүгiн осы салада Қазақстан баскетболы Орта Азия спортшыларының көшiн бастап отыр. Қазақстан баскетболшылары жыл сайын жұмыр жерде беделдi Уильям Джонс Кубогында да тартысқа түсiп жүр.
Қазақстан баскетболының болашағына жанашырлықпен зер салған абзал. Бұл орайда кәсiби спорт клубтарымен бiрге жалпы бұқара осы спорт түрiмен айналысуына жағдай жасалуы қажет. Ықылас бiлдiрген бейiмi бар балалар үшiн Үкiмет пен жергiлiктi билiк тарапынан қамқорлық керек. Қазақ елiнде ұлттық және жоғарғы лигамен қатар оқушылар, студенттер лигасы болғаны дұрыс. Бiр кезде жүйрiк жалында мызғыған денi сау қазақ — дiмкәс, аурушаң ұлтқа айналды. Дәрiгердiң кiм екенiн бiлмей өскен тектi ұлт топырлап аурухана, емхананы босатпайтын болды. Бұл — ұлттың дертi. Оны сауықтырудың бiр жолы — спорт. Ол дарынды спортшы болар, мүмкiн болмас, бiрақ спортпен айналысқан адамның денi сау боларына бәс тiгемiн. Спортпен айналыспаған ұлт азады. Жанына жат iспен айналысады. Ерiккен, қолы бос жас әйтеуiр бiрдеңенi бүлдiретiнi даусыз.
Қазақстан баскетбол федерациясы елiмiзде баскетболды дамытудың 2007-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жасап, министрлiкке ұсынған болатын. Бұл бағдарламамен бiз де танысып шықтық. Көптеген көкейтестi мәселелердi қамтып, оны шешудiң жолдарын көрсеткен құжат екен. Тек билiк тарапынан қолдауын күтiп отыр. Бағдарлама бойынша елде баскетболдың дамуын кезең-кезеңге бөлiп тастаған. 2014-2020 жылдарды қамтитын үшiншi кезеңде бұл спорт түрiмен 25-30 мың оқушы, студент жастардың айналысуы көзделген. Бұл — болашақ ұрпақтың денiнiң саулығы үшiн жасалған жақсы қадам. Ал ұлттың денiнiң саулығынан артық бiзге не керек?! Одан асқан байлық бар ма?!
Спортшы¬ларымыз 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасында КСРО құрама-сымен бірге атой салған әйгілі бас¬кетбол спортының шебері, қазақтан шыққа тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедовтің же¬тістігін қайталау былай тұрсын, әлем чемпионатына шыға алмай жүр.
Десе де тұңғыш Олимпиада чем¬пио¬ны¬¬мыздың ізін жалғап, Әлжан ба-ғындырған шыңға жету үшін барын салып жүрген спортшыларымыз да бар. Солардың бірі – «100 жаңа есім» жо¬басының жеңімпазы Рүстем Ерғали. Кейіпкеріміз баскетболдан Қазақстанның 13 дүркін чемпионы атанып, 15 жыл бойы ұлттық құрама капитаны болған.
Қостанай қаласында дүниеге келген Рүстем 10 жасынан бастап баскетбол спор¬¬тының қыр-сырына қаныға бастаған. Коман¬¬дадағы қараторы жігітті бар-лығы Джексон деп атайтын. Ұлт¬тық баскетбол ассоциация¬ ойыншыларының ішінде Рүс¬тем көп жылдар бойы Леброн Джеймсті үлгі тұтып, оның ойын мәне¬ріне ерекше тәнті болғанын айтады.
– Баскетболды ең алғаш теледидардан көргенім есімде. Шамамен 1996 жыл болуы керек. ҰБА ойындарын көріп, спорттың осы түріне аңсарым ауа бастады. Мені әсіресе, Леброн Джеймс¬тің ойыны тәнті етті. Сол спорт¬шыға ұқсағым келіп, еш ойланбастан баскетбол үйірмесіне жазылдым. Баскетболмен қатар тағы бір¬неше спорт түрімен шұғылданып көрдім. Олардың қа¬тарында бокс, теннис, волейбол да болды. Бірақ түбі бас¬кетболға қайта айналып келдім. Анама соңғы шешімімді айтып, баскетболға тоқтағанымды жеткіздім. Алғаш үйірмеге барып жүргенде жатты¬ғуға бір күн ке¬ші¬¬гіп қалғаным үшін бапкерім мені үйір¬меден шығарып жіберді. Кейін анаммен Олимпиада резервінің ма¬ман¬дандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебіне бардым. Олар мені бірден құшақ жая қарсы алып, келесі аптада командамен бірге Қазақстан чемпионатына аттанып кеттім. Енді мына қызықты қараңыз, сол жарыста біздің командамыз бірінші орын алса, мен біріншіліктің үздік ойыншысы атандым. Осыдан кейін менің баскетбол әлеміндегі сапарым басталды десем де болады.
Жастайынан талантымен, ерекше да¬ры¬нымен мамандардың көзіне түскен Рүстем ересектер арасындағы спорттық мансабын 2002 жылы елорданың «Астана Тайгерс» командасында бастады. Ша¬буылдаушы-қорғаушы позициясын¬да ойнаған ол 2011 жы¬лы «Астана» пре¬зи¬денттік баскетбол клубына ауысып, былтыр карьерасын осы командада аяқтады.
Кейіпкеріміз 17 жылдың ішін¬де 13 рет Ұлттық чемпионат¬тың жеңімпазы және 11 рет Қазақстан кубогының иегері атанды. Соны¬мен қатар ол Қазақстанның ерлер құрамасының тұрақты мүшесі болды және Азия кубогы мен Әлем кубогы сияқты бір¬не¬ше ірі халықаралық турнирлерде бақ сынады.
«Астана Тайгерс» команда¬сын¬да жү¬ріп Рүстем Ерғали 2004 және 2010 жыл ара¬лы¬ғында алты рет ел чемпионы атанса, «Астана» клубында тағы жеті рет Қа¬зақстан чемпионы деген мәртебелі атаққа ие болды. Тек бір рет 2015/2016 жылғы мау¬сымда чемпионатты екінші орынмен аяқтап, күміс медаль олжалады. Ал «Астана Тайгерс» құрамында жүргенде 2003/2004 жылғы ел чемпионатының қола жүлдесін иеленді. Бұл Рүстемнің ел чемпионатындағы алғашқы жүлдесі еді.
– Жалпы, жетістікке жетуімнің ешқан¬дай сыры, ешқандай құ¬пия¬сы жоқ. Адам жетіс¬тікке же¬ту үшін тынбай еңбек етуі ке¬рек. Сонымен қатар өз ісін сүйіп, махаб¬батпен істесе түбінде биік шыңды бағын¬дырады деп есептеймін. Мысалы, мен баскетбол спор¬тын жан-тәніммен сүйдім. Күні-түні жат¬тығу жаса¬дым. Соның арқа¬сында осын¬дай жетістікке жеттім. Чем¬пион¬дық¬тың сыры – осы ғана.
Рүстемнің айтуынша, елімізде спорт¬тың басқа түрі сияқты баскетбол да бір орында тұрмай, күн өткен сайын дамып, алға жыл¬жып келеді. Соның дәлелі ретінде ол Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына шығуына бір табан жақын қалғанын айтты. «Бізге тек сәттілік жетпей қалды. Әйтпесе бір аяғымызбен әлем чемпионатында тұр едік. Егер елімізде баскетболдың дамуы нашар болса, әлем біріншілігінің іріктеу кезеңіне де қатыса алмайтын едік. Сонымен қатар АҚШ және Еуропа құрамалары секілді әлемнің алдыңғы легінде болмасақ та, Азия құр¬лығында өзіміздің лайықты орнымыз бар. Бір сөзбен айтқанда, біз дұрыс бағытта дамып келеміз», дейді ол.
Сондай-ақ кейіпкеріміз спорт¬ты дамы¬тудың тетігін басқа жақ¬тан іздеудің қажеті жоқ дейді. Тек жастардың осы спортпен айналысуына мүмкіндік жасап, заман талабына сай спорт кешендерін салу керек екенін айтады. «Қазіргі таңда талапқа сай спорт кешендері Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында ғана бар. Мұндай дәстүрді өңірлерде жалғастырып, ауылдарда балалар үйірмесін ашу керек. Таланттың көбі ауылдан шығады және сол талантты көре білу керек», дейді Рүстем.
Бүгінде Рүстем Ерғали «Астана» баскетбол клубының ат¬қарушы директоры. ВТБ Бірыңғай лигасында бақ сынайтын коман¬¬дамыз жанкүйерлер тарапынан көп сынға ұшырап жатады. Басты себеп – аталған лигадағы сүреңсіз ойыны. Бірақ Рүстемнің пікірінше жанкүйерлердің сыны орынсыз.
– Меніңше, «Астананың» ВТБ Бірың¬ғай лигасының плей-офф кезеңіне шыққан 15 команданың қатарынан көрінуінің өзі үлкен жетістік. Мұнда бюджеті жағы¬нан бізден екі, тіпті үш есе жо¬ға¬ры командалармен ойнаймыз. Соған қарамай біздің жігіттер намысқа тырысып, аты дардай СКА, «Химки» секілді командалармен терезесі тең дәрежеде өнер көрсетіп келеді. Шағын бю䬬жетпен және ең жас команда бола тұра, жоғарыда атаған коман¬далармен бір деңгейде ой¬науы¬¬мыздың өзі жоғары же¬тістік.
Қазір әлемдік командаларды легионерсіз елестету мүмкін емес. Кез келген спорт түрін алып қарасаңыз, онда сырттан келген кемі екі-үш ойыншы жүреді. Мысалы, мық¬ты деп жүрген АҚШ командаларының өзінде Еуропаның, Азияның жігіттері ойнайды. Рүстем де еліміздегі командаларда легионерлердің болуы заңды деп санайды.
– Командаларға легионер тарту бүкіл әлемде бар тәжірибе. Сон¬дықтан бұл қа-лыпты жағдай, оған үрке қараудың қажеті жоқ. Қайта мұның бізге оң әсері бар. Өйт¬кені баскетболдан АҚШ мектебінің шоқ¬тығы биік. Сол жақтан келген жігіттер осы спорттың қыр-сырын біздің спортшыларға үйретіп, тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ сен спортшы ретінде қалыптасып, өсуің үшін бәсеке¬лестікке дайын болуың керек. Бәсеке бар жерде өсу бар екені айтпаса да түсінікті. Легионер санын азайту керек десе, оған келісемін. Бірақ қазір әлемде ле¬гионерсіз ойнайтын команданы кездестіру өте қиын, – дейді Рүстем.
Просмотров материала: 574