1 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Түркістан облысында «Тұран» футбол командасы құрылды

Түркістан облысында «Тұран» футбол командасы құрылды
Түркістан облысының жаңа «Тұран» командасы құрылды. Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жасақталған бұл команда отандық футболдың дамуына үлесін қосатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Футболдан Қазақстан чемпионатының Премьер-лига ойындарына жолдама алған команда жаңа маусымға жан-жақты дайындалуда. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«ҚР Футбол федерациясының Атқарушы комитеті кезекті отырыста Премьер-Лигада ойнайтын командалар құрамын 14-ке дейін көбейту туралы шешім шығарды. Қазақстанның 1-Лигасында біздің облыстан үш команда қатысқан болатын. Олар - «Мақтаарал«, «Арыс«, «Қыран« командалары. Біз осы үздік үш командадан іріктеу жүргізіп, облыстың, елдің намысын қорғайтын «Тұран» футбол командасын жасақтап жатырмыз. Жаңа футбол клубын құру мәртебесіне орай, Түркістан облысының әкімдігі «Тұран» футбол командасының жаңа логотипін қалыптастыру үшін бәйге жариялап отырмыз. Байқауға Қазақстанның барлық дизайнерлері мен суретшілерін қатысуға шақырамыз. Өңіріміздің тарихи, рухани ерекшелігі мен салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын, үздік деп танылған логотип авторына «Тұран» футбол командасының ойындарына бір жылдық тегін билет сыйға беріледі. Байқауға «Coreldraw» бағдарламасымен дайындалған, осы жылдың 10 ақпанына дейін жіберілген жұмыстар қабылданатын болады»,- деді Сәкен Амангелдіұлы.

Жаңа футбол командасының басты ерекшелігі – құрамы тек жергілікті спортшылардан жасақталды. Яғни, шет мемлекеттерден легионерлер шақырмайды. Бұл – жергілікті талантты футболшылардың үлкен аренаға шығып, өз қабілеттерін көрсетуге жол ашуға мүмкіндік.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық футбол федерациясының президенті Хаким Көшқалиев федерация жанынан алдағы уақытта облыстық футбол академиясы құрылатынын жеткізді.

«Дүниежүзі бойынша кең тараған спорт түрі - футбол Түркістан облысында да кең өркендеп, халықаралық рангіде дамитын болады. Оған жуырда ғана ашылған «Түркістан арена» стадионы толық жауап бере алады. Өңірімізде отандық футболды жаңғырту мақсатында Түркістан облысының футбол федерациясы құрылды. Бұл федерацияның басты мақсаты – облыстағы балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту. Алдағы уақытта «Арыс» командасы өз атауын «Тұран» атауымен жалғастыратын болады. Жаңадан құрылған «Тұран» футбол клубына алдағы уақытта жеңістер тілейміз», - деді облыстық федерация басшысы. Команданың құрамына келсек, қақпашылар: Бекжан Тоқтарбай, Андрей Пасеченко, Станислав Павлов, қорғаушылар: Нұрлан Даиров, Мейіржан Камбил, Ермек Қуантаев, Гафуржан Назаров, Қасымжан Таипов, Мардан Төлебек, Мирас Тулиев, Елсүйер Алпысбай. Ал жартылай қорғаушылар: Асылжан Аббас, Бақдәулет Ақберген, Бекжан Әліпбеков, Еркебұлан Амангелді, Бекзат Бейсенов, Нұрғайни Бурибаев, Абай Жүнүсов, Шынболат Мақсымхан, Алияр Мұхамед,Самат Бортай, Дархан Калиұлы. Сондай-ақ, шабуылшылар: Танат Нөсербаев, Темирлан Амиров, Нкоби Стэнли Чисом.
Просмотров материала: 821

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 713 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 361 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 849 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 907 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 273 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 004 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 055 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 357 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 996 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 075 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 258 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 688 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 723 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 467 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 090 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 274 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 680 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 491 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 351 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 047 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 714 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 466 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031