Түркістан қаласындағы «Turkistan Arena» стадионында БАҚ өкілдерінің арасында спартакиада басталды. Биылғы төл мерекесінде Түркістан облысының БАҚ өкілдері 27 мамыр мен 17-18 маусым күндері спартакиада аясында спорттың 7 түрінен бақ сынайды. «Turkistan Arena» стадионында өткен спартакиаданың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов,
Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев, Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай қатысып, БАҚ өкілдеріне сәттілік тіледі.
Бүгін қазақ күресі, үстел теннисі, бильярд, шахматтан өтеді.
Ал 17-18 маусым күндері спартакиаданың жалғасы бойынша шағын футбол, волейбол және арқан тарту жарыстары өткізіледі. Биылғы төл мерекесінде Түркістан облысының БАҚ өкілдері 27 мамыр мен 17-18 маусым күндері спартакиада аясында спорттың 7 түрінен бақ сынайды. 27 мамыр күні - қазақ күресі, үстел теннисі, бильярд, шахматтан өтеді. Айта кету керек, сол күні, яғни 27 мамыр күні Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күніне орай «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» атты жаяу жүру акциясы да өтеді. Ал 17-18 маусым күндері спартакиаданың жалғасы бойынша шағын футбол, волейбол және арқан тарту жарыстары өткізіледі.
Осыған дейін «Орал» спорт кешенінде Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған БАҚ өкілдері арасында спартакиада мәреге жетті.
«Намыс» спорт клубы ұйымдастырған турнирде республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері шағын футбол, волейбол, дойбы, үстел теннисі, арқан тарту және «көңілді сөреден» сынға түсті. Турнир барысында «Қазақстан Орал» телеарнасы шағын футбол, арқан тарту және «көңілді сөреден» үздік шықса, волейболдан «Жайық Пресс» ЖШС командасы жеңімпаз атанды. Үстел теннисі мен дойбыдан «Пульс города», «Жайық үні», «Уральский репортер», «Ел және мұғалім» газеттерінің біріккен командасы озды. Жалпыкомандалық есепте «Қазақстан Орал» телеарнасы бірінші, «Жайық Пресс» ЖШС екінші, «Баспасөз хатшылары» командасы үшінші орынға ие болды. Жеңімпаз-жүлдегерлерге кубок, медальдар мен дипломдар табыс етілді. Жарысқа «ОралТазаСервис» ЖШС (басшысы Азамат Бисенов) демеушілік етті. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұханбетовтің айтуынша, үнемі жаңалықтың жаршысы болып жүретін БАҚ өкілдері арасында мұндай спартакиаданы өткізудің маңызы зор. Бұл олардың спортта шынайы бәсекелестігін көрсетіп, салауатты өмір салтын орнықтыруға септігін тигізеді.
Былтыр Шымкент қаласында 28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай 2021 жылы 19-26 маусым аралығында БАҚ өкілдері арасында Спартакиада өткен.Спорттық шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылуда. Қатысушылар шағын футболдан, волейболдан, арқан тартудан, шахматтан, боулингтен, бильярд және үстел теннисінен сайысқа түседі. Спартакиадаға қатысуға өтінім беру төменде көрсетілген ереже бойынша жүзеге асырылады.
1. Мақсаты мен міндеттері Спорттық жарыс Шымкент қаласында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа мекемелерінің қызметкерлері арасында мынадай мақсатпен өткізіледі: - Қазақстан Республикасы Президентінің салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі жолдауын іске асыру; - Халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануына жағдай жасау; - Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында насихаттау.
2. Жарысты өткізу қағидасы Спорттық жарысқа Шымкент қаласында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа мекемелерінен құрылған бір команда немесе бірнеше БАҚ өкілдерінен құрылған команда қатысуына болады. Осы ереженің бұзылғаны немесе командаға сырттан адам алынғаны туралы жарысқа қатысушылар арызданған жағдайда арнайы құрылған ақылдастар алқасының шешімімен ойыншы ойыннан шығарылады немесе команда аластатылады. Командалар жарысқа өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкес қатысады. Спартакиадаға қатысатын командаларда бірыңғай спорт формасы болу керек. Спартакиадаға қатысатын ойыншыға дәрігерлік тексерістен өту міндеттеледі.
3. Өтініш беру тәртібі мен мерзімі Мандат комиссиясының отырысына келесі құжаттар тапсырылады: – Кадрлық қызмет куәландырған, дәрігердің рұқсаты берілген әр спорт түрі бойынша бөлек делегацияның толық құрамына сандық және атаулы өтініштің түпнұсқасы (№ 1 мен № 2 қосымша). Мандат комиссиясы жарыстан бір күн бұрын өтеді. Мандат комиссиясына өтініш түпнұсқаларын тапсырмаған команда жарысқа жіберілмейді.
4. Қорытындыны шығару шарттары Спорттық жарыстың қорытындысы төмендегідей:
1. Команда қатысушыларының арасындағы жалпыкомандалық орындар.
2. Әрбір спорт түрі бойынша жеке орындар. Спорттық жарыс, жалпыкомандалық жүлделі орын барлық спорт түрлері бойынша жиналған жоғары ұпай санымен анықталады. Жарыс шартына сай қатысушы не команда келмей, жарысқа қатыспаған жағдайда, командаға ұпай берілмейді. Ұпай саны тең болған жағдайда бірінші орын ұпай саны артық командаға беріледі. Бағдарламаның әр спорт түрі бойынша берілген орындар үшін келесі командалық орындар беріледі. Командалық ойын спорт түрлеріне (мини-футбол, волейбол, арқан тарту т.б) 1,5 коэфицент қосылады (Үлгі: 16х1.5=24 ұпай беріледі).
5. Жарыстардың мерзімі және орны Спорттық жарыстар 2021 жылы 19-26 маусым аралығында Шымкент қаласындағы спорт кешендерінде өтеді. Әрбір спорт түрі бойынша оның уақыты мандаттық комисия отырысында белгіленеді.
1. Шағын футбол. Команданың құрамында 7 адам (5-алаңда, 2-қосалқы). Жарысты өткізу жүйесі өтініш білдірген командалардың санына байланысты бас төрешілер алқасымен белгіленеді. Кездесудің ұзақтығы – 20 минуттан 2 тайм (үзіліс 5 минут). 1-3 орын үшін ақтық ойындардың ұзақтығы 2 таймнан (20 минуттан және 10 минут үзіліс). Барлық ойындар мини-футболдың қолданыстағы қағидалары бойынша өткізіледі. Команда бірыңғай спорттық киіммен қамтамасыз етілуі тиіс. Түйіскен матчтар өткізілу барысында, тең нәтиже болған жағдайда (белгіленген уақыт біткен сәтте), қағидаларға сәйкес 6 метрлік соққылар соғылады.
2. Волейбол. Команданың құрамында 6 адам (4 ер адам, 2 әйел). Ойынның ұзақтығы – 3 партия (25 ұпайға дейінгі есеппен, партия арасындағы 2 минут бойынша үзіліс есебінде). Барлық ойындар волейболдың қолданыстағы қағидалары бойынша өткізіледі. Командалар бірыңғай спорттық киіммен қамтамасыз етілуі тиіс.
3. Арқан тарту. Команданың құрамында 5 адам (3 ер адам, 2 әйел). Барлық ойындар арқан тартудың қолданыстағы қағидалары бойынша өткізіледі.
4. Шахмат. Команда бір ер, бір әйел жарыс халықаралық ФИДЕ ережелеріне сәйкес өткізіледі.
5. Боулинг. Команданың құрамында 5 адам (3 ер адам, 2 әйел). Жарысты өткізу шарттары төрешілер алқасының отырысында белгіленеді. Барлық ойындар боулингтің қолданыстағы қағидалары бойынша өткізіледі.
6. Бильярд. Жарысты өткізу шарттары төрешілер алқасының отырысында белгіленеді. Жарысқа әр мекемеден 1 немесе 2 адам қатыса алады. Барлық ойындар билярдтың қолданыстағы қағидалары бойынша өткізіледі.
7. Үстел теннисі. Жарысты өткізу шарттары төрешілер алқасының отырысында белгіленеді. Жарыс қыздар және ерлер арасында өтеді. Әр мекемеден 1 адамнан қатыса алады. Барлық ойындар үстел теннисінің қолданыстағы қағидалары бойынша өткізіледі.
Жарыстың жүлде қоры: Шағын футбол бойынша жүлде қоры – 600 000 (алты жүз мың теңге) Бірінші орын – 200. 000 (екі жүз мың теңге)
Екінші орын – 150. 000 (жүз елу мың теңге)
Үшінші орын – 100. 000 (жүз мың теңге) Ынталандыру сыйлықтары: Үздік қақпашы – 50. 000 (елу мың теңге)
Үздік шабуылшы – 50. 000 (елу мың теңге) Үздік қорғаушы – 50. 000 (елу мың теңге)
Волейбол бойынша жүлде қоры – 600 000 (алты жүз мың теңге)
Бірінші орын – 200. 000 (екі жүз мың теңге)
Екінші орын – 150. 000 (жүз елу мың теңге)
Үшінші орын – 100. 000 (жүз мың теңге)
Ынталандыру сыйлықтары:
Үздік ойыншы – 50.000 (елу мың теңге)
Үздік шабуылшы – 50.000 (елу мың теңге)
Үздік қорғаушы – 50.000 (елу мың теңге)
Арқан тарту бойынша жүлде қоры – 450 000 (төрт жүз елу мың теңге)
Бірінші орын – 200.000 (екі жүз мың теңге)
Екінші орын – 150.000 (жүз елу мың теңге)
Үшінші орын – 100.000 (жүз мың теңге)
Шахмат бойынша жүлде қоры – 450 000 (төрт жүз елу мың теңге)
Бірінші орын – 200.000 (екі жүз мың теңге)
Екінші орын – 150.000 (жүз елу мың теңге)
Үшінші орын – 100.000 (жүз мың теңге)
Боулинг бойынша жүлде қоры – 450 000 (төрт жүз елу мың теңге)
Бірінші орын – 200.000 (екі жүз мың теңге)
Екінші орын – 150.000 (жүз елу мың теңге)
шінші орын – 100.000 (жүз мың теңге)
Билярд бойынша жүлде қоры – 450. 000 (төрт жүз елу мың теңге)
Бірінші орын – 200.000 (екі жүз мың теңге)
Екінші орын – 150.000 (жүз елу мың теңге)
Үшінші орын – 100.000 (жүз мың теңге)
Үстел теннисінің (ерлер арасында) жүлде қоры – 225. 000 (екі жүз жиырма бес мың теңге)
Бірінші орын – 100. 000 (жүз мың теңге)
Екінші орын – 75.000 (жетпіс мың теңге)
Үшінші орын – 50.000 (елу мың теңге)
Үстел теннисінің (қыздар арасында) жүлде қоры – 225. 000 (екі жүз жиырма бес мың теңге)
Бірінші орын – 100. 000 (жүз мың теңге)
Екінші орын – 75.000 (жетпіс мың теңге)
Үшінші орын – 50.000 (елу мың теңге)
Просмотров материала: 618