29 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы сайланды

Қазақстан жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы сайланды
Түркістанда ақын-жазушылардың «Түркістан – Тәуелсіздік тұғырында» атты кездесуі өтті. Рухани маңызы бар басқосуға Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, төраға орынбасарлары – жазушы Мереке Құлкенов, ақын Ақберен Елгезек және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, ақын Қасымхан Бегманов бастаған республиканың және Түркістан облысының қаламгерлері қатысты. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жүргізіп отырды.

Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығын Түркістан өңірі толайым табыстармен, оң өзгерістермен қарсы алып отырғанын айтан ол, шаһарды дамытуда ақын-жазушыларға да артылар жүк аз емес екенін жеткізді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің атынан жазушы Мереке Құлкеновтың 70 жылдығына арналған құттықтау хат мен сый-сияпатын тапсырды. Сонымен бірге Жазушылар одағының төрағасының иығына да шапан жабылды.

Қазақстан жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы сайланды


Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет одақтың тыныс-тіршілігі мен жоспарлары туралы айтып берді.

Жаңа тынысы ашылған Түркістанның әдебиеті де өз биігінен түспей, өңірмен бірге өркендеуі тиіс екенін жеткізді. Жиында Түркістан өңірінің 13 қаламгеріне Қазақсан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданғаны жөніндегі куәліктері тапсырылды. Олардың арасында жалынды жастар да, орта буын өкілдері де бар. Сонымен бірге облыс ақын-жазушылары мен Жазушылар одағы басшылығының қолдауымен Айдар Сейдәзім Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланып, бұйрығы жұртшылыққа таныстырылды.

Қаламгерлердің келелі кеңесінде әдебиетке қолдау көрсету, өңірдің рухани әлеуетін көтеру, жас ақын-жазушылардың шеберлігін шыңдау бағытында ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Облыстық филиалдың жаңа төрағасына сәттілік тілеп, әдебиетті қолдау бағытында тың бастамаларды қолға алып, қайраткерлік танытарына сенім білдірді. Ақын Мұрат Бекей, жазушы, әдебиет зерттеушісі Құлбек Ергөбек, ақын Нұрмахан Назаров және өзге де қаламгерлер ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Рухани басқосуды түйіндеген Сәкен Қалқаманов жиындағы бастамалар ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

– Түркістан қаласында түрлі мәдени нысандар бой көтеріп, басым көпшілігі пайдалануға берілді. Енді осы мәдени нысандарда түрлі әдеби іс-шаралар, ақын-жазушылардың кештері, жаңа туындылардың тұсаукесерлері өтіп тұрады. Алдағы уақытта Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып, Түркістан өңірінің руханиятына оң өзгерістер алып келетін маңызды жұмыстарды бірге атқаратын боламыз, – деді ол.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Просмотров материала: 689

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 210 843 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 210 511 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 209 998 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 210 044 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 210 418 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 230 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 262 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 567 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 218 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 298 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 474 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 730 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 801 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 506 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 377 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 179 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 609 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 337 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 739 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 547 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 386 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 228 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 088 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 427 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 311 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 795 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 980 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 142 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 380 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 761 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 122 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 061 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 198 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 140 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 353 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 507 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031