31 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақын Ұлықбектің мерейтойы туған жерінде кеңінен аталып өтті

Айтулы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерін мерейтойымен құттықтауға Шығыстың шығармашылық интеллигенциясы, оқырмандары мен қоғам өкілдері түгел жиналды. Бұл мерекелік шара облыс әкімдігінің қолдауымен өтті.

Салтанатты шара барысында Өскемендегі А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Ұлықбек Есдәулетпен кездесу өтті. Онда келушілер Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығынан сыр шертетін кітап көрмесін тамашалады. Көрмеде оқырмандардың назарына ақынның «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ұлыстың ұлы күні», «Ақ керуен», «Жаратылыс», «Журектегі жарылыстар», «Заман-ай», «Киіз кітап», «Қара пима» және «Ынтық зар» атты кітаптары қойылды.

Кездесуді Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, белгілі қаламгер Әлібек Қаңтарбаев жүргізіп отырды. Ол мерейтой иесінің өмір жолына, шығармашылығына тоқталып өтті. Бұдан соң жас ақындар мен зиялы қауым ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, антиядролық қозғалыстың әнұранына айналған «Заман-ай» әнін бірге шырқады. Басқосу барысында Ұ. Есдәулет Қазақстан Жазушылар одағындағы жұмыс барысы мен болашақтағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті.



Кездесуде ақынға күтпеген тосын сый ретінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның бейнеқұттықтауы көрсетілді. Бейнеқұттықтауда халық әртісі Ұ. Есдәулеттің «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысқа қосқан үлес зор екенін атап өтті.

Кездесу соңы облыстық драма театрда өткен «Алтын ұям – Алтайым» атты шығармашылық кешпен жалғасты. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Ұлықбек ағаға жылы лебізін арнап, ақынның өңірміздегі және еліміздегі мәдени мұраның дамуына қосып жатқан үлесі зор екенін атап өтіп, облыс әкімі Даниал Ахметовтің құттықтауын жеткізді.

Шығармашылық кешті тамашалауға жиылған көрермен қауымның назарына талантты жерлестерінің өмірінен сыр шертетін бейнесюжет ұсынылды. Бұдан соң Шығыс Қазақстандағы танымал әншілер мен вокалдық топтар Ұлықбек Есдәулеттің әндерін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Ал мерейтой иесінің өнердегі інісі Ақберен Елгезек Ұлықбек Есдәулеттің көптеген қазақстандық қайраткерлерге үлгі екенін атап өтті.

– Ол Қазақстан Жазушылар одағына басшылыққа келмей тұрып-ақ, поэзияның генералына айналып үлгерді. Поэзияда ұстаз болмайды дейді. Алайда ол біздің бағыт берер бағдаршамамыз сияқты. Қазір біз Ұлықбек Есдәулеттей болуға талпынамыз, - деді Ақберен Елгезек.

Салтанатты шара барысында мерейтой иесін облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов, облыстық спорт, мәдениет қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Түсіпхан Түсіпбекова, айтулы қазақстандық ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы мен еліміздің мәдениет қайраткері Аймұханбет Бейсембеков, кәсіпкер әрі меценат Қайрат Мусин құттықтап, ақ тілектерін айтты. Артынша Шығыс Қазақстанның кәсіпкерлері бірлесіп, мерейтой иесіне темір тұлпар мінгізді.
Просмотров материала: 2 099

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 844 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 549 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 224 041 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 224 079 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 442 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 976 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 003 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 344 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 033 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 057 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 256 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 929 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 056 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 681 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 563 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 602 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 792 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 553 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 961 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 742 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 555 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 404 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 250 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 624 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 494 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 981 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 420 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 309 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 543 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 941 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 286 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 225 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 369 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 305 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 557 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 680 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031