23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Туркестанская область

Южно-Казахстанская область (каз. Оңтүстік Қазақстан облысы) — область в Казахстане.

Область основана 10 марта 1932 года. С 3 мая 1962 года по 6 июля 1992 года область называлась Чимкентской. В 1992 годуобласти вернули прежнее название — Южно-Казахстанская. Центр области — город Шымкент.

Площадь области составляет 117 249 км² или 4,3 % территории республики. Расстояние между самыми северными и южными участками по прямой составляет 600 км.

Все материалы региона Материалы других регионов

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістан қаласында «Қазақстанның карбонатты бассейндері және оған іргелес аумақтар» атты халықаралық геологиялық форумы өтіп жатыр. Оған Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Израиль, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның геологтары, геофизиктері, мемлекеттік органдар мен ғылыми-зерттеу институттарының, мұнай саласының өкілдері қатысты. Форумның ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай Түркістан облысын дамыту барысы туралы баяндап, аталған жиынның маңызды екенін атап өтті.

– Сіздерді тарихы тереңде жатқан Түркістан төрінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Тарихи шаһарда ЮНЕСКО қорғауына алынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бүгінде Түркістан өңірі қарқынды дамып жатыр. 2018 жылы Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Бастапқы жылдары ұйымдастыру, жобалау, жоспарлау жұмыстары жүрді. Соңғы екі жыл көлемінде сол жобалардың басым бөлігі жүзеге асып, Түркістан заманауи қалаға айналды. Инфрақұрылымы толық қаланып, даму жоспарының І кезеңі аяқталды. Рухани-мәдени аймақ, әкімшілік-іскерлік оталығы жаңа ғимараттармен, нысандармен толықты. Жалпы қазір Түркістан халықаралық деңгейдегі жиындарды, іс-шараларды өткізуге, қонақтарды қабылдауға толық қауқарлы. Облыста фосфорит, уран, гипс, цинк, қорғасын, алтынның қоры бар. Сондықтан бүгінгі форум табиғи қазба байлықтарды игеріп, зерттеу ісінде өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Геология саласындағы мәселелер кеңінен талқыланып, жаңа идеялар ұсынылады, – деді Арман Шәріпбайұлы.

Форумды «Қазақстанның мұнайшы-геологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Балтабек Қуандықов жүргізіп отырды. Ол Түркістан өңіріндегі өзгерістерге жоғары бағасын беріп, геология саласындағы бұл жиынның маңызды екенін айтты. «Қазақстанның мұнайшы-геологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен форумда маңызды баяндамалар жасалып, идеялар ұсынылды. Елдің экономикасы даму үшін геологиялық зерттеулер, табиғи байлықты заман талабына сай игеру қажет екені баяндалды.

Іскерлік жиынға салалық министрліктер, Түркістан облысы әкімдігі, ұлттық және шетелдік компаниялардың басшылары, сондай-ақ жетекші мекемелер мен кәсіпорындардың сарапшылары, геологтары мен геофизиктері қатысты. Қатысушылардың баяндамалары геологиялық барлаудағы инновациялық шешімдерді анықтау мен карбонатты кен орындарының (рифтердің) геологиясын зерттеудің заманауи әдістеріне арналды. Сонымен бірге мұнай-газ әлеуетінің перспективалары да сөз болды. Карбонатты кен орындарындағы мұнай және газ кен орындарын пайдаланудағы соңғы технологиялар да таныстырылды.

Іскерлік бағдарламадан бөлек қатысушылар Қаратау сілемдеріне геологиялық экспедицияға шығады. Онда девон-карбон дәуірінің органогендік құрылымдары, Каспий маңы ойпатының алып кен орындары су қоймаларының аналогтары көрсетіледі. Мұндай ауқымды экспедиция Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр. Оған әр түрлі аймақтар мен компаниялардан 150-ге жуық геолог қатысуда.

Форум аясында қатысушылар мен қонақтар Түркістан өлкесінің тарихи орындарын аралайды. Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауи, Есім хан мен Рәбия Сұлтан Бегім кесенелеріне, Отырар қалашығына, Күлтөбе қалашығының археологиялық қазбаларына экскурсия ұйымдастырылады. Жаңа Түркістанмен танысады.

Форумға «ҚазМұнайГаз», «Теңізшевройл», «NCOC», «КРО», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қарақұдық Мұнай», «CNPC», «Тоталь», «Геокен», «PGS Kazakhstan», «Тепке» компаниялары қолдау көрсетті.

Екі күнге жоспарланған форумда түрлі секциялар бойынша пленарлық отырыстар өтіп, геология саласының майталмандары білгендерін мамандарға үйретіп, пікір алмасады.

Экспедиция кезінде қай жерлерге барады, толығырақ тоқталайық.

Қаратаудың соңғы сілемдері Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандары аумағында жатыр. Сол аумақта орын тепкен Сауысқандық шатқалында ата-бабаларымыз тасқа қашап жазған жазбалары сақталған.

Қаратау жағасындағы Сауысқандық шатқалы Шиелі ауданындағы Еңбекші ауылынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Профессор Мадияр Елеуов басқарған Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік уиверситетінің Тұран археологиялық экспедициясы 2004 жылы зерттеу жүргізді. Олар Үлкен Қаратау жотасының Сауысқандық шатқалындағы жартастарға салынған суреттердің ірі шоғырланған орнын ашқан. Археолог М. Елеуов, бұл жотадағы тасқа қашалған таңбалар көп. Ол әйгілі Таңбалы тастан бір мысқал да кем түспейді деген пікір айтады.

Тау тастарындағы сызбалар сан түрлі тәсілдермен қашалып, оған көп бейнелер салынған. Тас ғасырдан кейінгі кезеңде сана иелері өздерінің тыныс-тіршілігі жайында тасқа қашап бейнелеуді дұрыс көрген. Онда шаруашылық, тұрмыс-салт пен жол-жоралғы, дүниетаным тасқа басылған. Ең негізгі көріністер тіршілік иелерінің аңшылық пен балықшылық секілді кәсіптерге қатысты екені көзге көрінеді. «Сауысқандық шатқалы 500 гектар аумақты алып жатыр. Сыр бойындағы бейнелеу өнерінің тарихы Қаратау сілемдеріндегі жартастар бетіне қашап, ойып салынған адамдар мен жануарлар тұрпатты петроглифтерден басталады. Мұндағы петроглифтердің барлығы әртүрлі сюжеттер мен композицияларға біріккен сан алуан тұрмыстық, діни танымдық, мифологиялық ой-өрістермен тікелей байланысты. Қаратау петроглифтерінің мерзімдік ерекшеліктері ежелгі қола дәуірінен бастап ортағасырлық қазіргі этнографиялық кезеңдерге дейін созылып жатыр» , -деді Шиелі аудандық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Бекболат Әбуов.

Петроглифтер 8-10 мың сюжетті құрайды. Ең көрнекті сюжеттер қатарына қолдарына шоқпар ұстаған ер адам бейнелері тұр. Көп жағдайларда бастарына аң немесе құс іспеттес маска киіп, мал терісін жамылған бейнелер қола дәуіріндегі діни нанымның ерекшеліктерін және оның кейбір ғұрыптық тұстарын көрсетеді. Қазақстандағы петрографиялық зерттеу жұмыстары өткен ғасырдың 20-сыншы жылдарынан басталды. Осының нәтижесінде тастағы біршама жазбаларға назар аударылып, ғылыми тұрғыда баға берілді. Атап айтқанда, Арпаөзен, Баянжүрек, Ешкіөлмес, Қаратау, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Теректі-әулие секілді жерлердегі жазбаларға осындай зерттеулер жасалған.

Петроглифтік дүниелер өнерінің мәні терең, бейнесі мазмұнды болып келеді. Ежелгі замандағы адамдар аңыз әңгімелерге ден қоя отырып, мифтік бейнелерді де тасқа қашай білген. Сондай-ақ қоршаған ортаға қатысты көріністерді де көз алдына келтіреді.

Арыстанбаб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Бұл кесене XI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған.
XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылған. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынған. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынған. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30х13 метр аумағы бар кесене тұр. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік .

Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылған. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады.
Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: « Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді.

Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған. Мұсылмандар ішінде Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбардан соң екінші болып саналады.

Арыстан баб кесенесі - Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар.

Оны аңыздар бойынша Қ.А Яссауидің ұстазы мен жол бастаушысы болып саналады. Арыстан баб XII ғасырда жерленген. Жуықтап сол кезде кесене де салынған. Бұл сақталған кесене XX ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен қайта қалпына келтірілген. Бірінші бөлмеде Арыстан баб орналасқан, екіншісінде - шәкірттері Хермет-баба, Қарға баба, Лашын баба жерленген.
Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.
Арыстан баб кесенесі мемлекеттік қорғауға алынған.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - сәулет айбындылығы мен рухани кемелділіктің ордасы. Өркениеттердің және мәдениеттердің қарымқатынастарын қарастыруда олардың өзгешеліктерін зерттеу өте маңызды болып табылады. Ол үшін сәулет өнерін зерттеудің маңыздылығы жоғары орын алатыны белгілі.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» болып ашылып, қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» болып халыққы музей ретінде қызметін атқаруда.

Орталық Азияның Ислам өнерінің тарихи дәуірленуі бірнеше кезеңге бөлінеді. Мұсылман архитектурасының маңызды бір кезеңі — Әмір Темір дәуірі.

Қазіргі заманда Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің туындылары көп жерлерде сақталған. Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің ескерткіштері – өте бай Ислам өнерінің елеулі бөлігі болып табылады. Ал Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің туындыларының алғашқы үлгілері Орталық Азияда пайда болғанын ескерсек, осы аймақта орналасқан сәулет ескерткіштерін зерттеп қарастырудың орны ерекше екені анық. Әмір Темір дәуірінің сәулет өнер өз көркем үрдісі дамуының негізін қалайтын көптеген мәдениеттердің қарымқатынастарының негізінде қалыптасты.

Әмір Темір негізін қалаған орасан зор мемлекетте әр-түрлі өнер салаларының қалыптасуы мен дамуына көп көңіл бөлгені белгілі. Әсіресе, қазіргі Орта Азия, Ауғанстан және Иран аймақтарындағы сәулет өнеріне ерекше көңіл бөлінгені анық.

Орта Азия сәулет өнері тарихында Әмір Темір дәуірі тұсында мұсылмандық сәулет өнері дамуының жаңа кезеңінің басталатынын айқындайтын маңызды да сапалы өзгерістер қалыптасты. Бұл кезең ХІҮ ғасырдың соңы мен ХҮ ғасырды қамтиды. ХІҮ ғасырдың соңынан Мәуераннахр шығармашылық ойлардың орталығына айнала бастайды. Осыған байланысты сәулет өнерінде жаңа стилдер пайда болады. Сол кезде өмір сүрген Ибн-Арабшах Әмір Темірдің сәулет сарайларына сипаттама берген кезде «олар жаңа тұрпатта салынған» деп жазады.
Сол заманға жататын түпнұсқалар Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің тұтастығы, оның қоғамдық көзқарасының негізін көрсетеді.
Қалалық сәулет өнері Әмір Темір дәуірінде гүлденгені туралы Кастилия мен Лион патшасының елшісі Клавихо былай деп жазады: «Әмір Темір және оның ұрпақтары қалыптастырған дүние экономикалық өркендеуді ынталандырудың негізі болып табылады. Осыған байланысты Иран мен Орта Азияда сансыз ғимараттардың салынуы сәулетшілерді шабыттандыра түсті. Аруақ қонған жерлер ерекше көңілге алынды: бар ғимараттар қайта жаңғыртылды және әшекейлендірілді, көптеген жаңа кесенелер салынды».

Әмір Темірдің көркем мұрасы Орта Азия өнер тарихының жарқын беті деп айтуға әбден болады.

1379 жылдан бастап Әмір Темір Хорезм, Тебриз, Шираз, Индия және Сирия аймақтарының сәулетшілерін өз мемлекетіне жинады. Осы сәулетшілер Әмір Темірдің бастауымен көрнектілігі жағынан ерекше орын алатын жаңа тұрпатын қалыптастырды.

Бұл тұстағы сәулет өнерінің туындыларының ішінде Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі ерекше орын алады. Аталмыш ғимарат Әмір Темір дәурінің сәулет өнерінің алғашқы туындыларының біріне жататыны белгілі. Сонымен қатар, осы ғимаратты салу барысында қолданған тәсілдер кейінен Әмір Темір мемлекетінің астанасы Самарқандыда көп қолданылғаны мәлім.

Түркістан қаласына жақындаған кезде ең бірінші болып көрінетін Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Биіктігі жағынан оған тең келетін сол заманғы ғимараттар өте аз болып табылады. Осы қасиет оның негізгі бір ерекшелігіне жататынын атап өту қажет.

Әмір Темір дәуірінің сәулет өнері Ақсақ Темір мемлекетінің ой-санасы дамуын көрсететін бірден-бір құрал екені анық. Осы дәуірдің сәулет өнерін зерттеу барысында салынған ғимарттардың биіктігі бірден көзге түседі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі осы пікірдің дәлелі болып табылатыны анық.

Шахрисябздағы Ақ-Сарайдың маңдайында Әмір Темір мынадай ұран жаздырған: «Біздің қуатымызға, күшімізге күмән келтірсең – біздің салған ғимараттарға қара».

Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің көзге түсер ерекшелігі оның ауқымдылығы мен салтанатты байлығы. Осы факторлар мемлекеттің қуаттылығын, күштілігін көрсетуге арналған. Осы концепцияны іске асыруда сәулет ғимараттарының кейбір бөліктері ерекше орын алады. Мысал ретінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мұнаралары мен қасбетін алуға болады. Кесененің мұнаралары екі түрлі ойға келтіреді. Оның орасан биіктігі ресми діни орталығының орнын айқындап көрсетсе, екінші жағынан – ғимараттың сәнін келтіреді. Жалпы айтқанда мемлекет басшысының қуатын көрсетіп, Ислам дінінің осы жерде басшылығын айқындайды. Кесененің қасбеті де сол қызметтерді атқарып тұр.

Ғимараттың құрылымдық элементтері де маңызды ақпарат беруі тиіс еді. Күмбездің рәміздік қасиеттері туралы ойларды бірнеше ғалымдар білдірген болатын. Әмір Темір тапсырыс беруші ретінде өзі де күмбездерге көп көңіл бөлгені белгілі. Өзінің қатысуымен ол осы тұрпаттың қалыптасуына үлкен үлесін қосты.
Орта Азиядағы Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің ескерткіштерін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа сәулет ғимараттарының тұрпатын полихромдық (түрлі-түсті) әшекейлендіру айқындайтын ғимараттар жатады. Екінші топқа керісінше, полихромдық әшекейлендіру сәулет ғимаратын «жұтып», оның негізгі құрылымдарын көрсетпейтін ғимараттар жатады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ғимараттардың бірінші тобына жатады. Бұл ғимарттың декоративтік әшекейлендірілуі кесененің сәулет құрылым-дарын анық, күшейтіп көрсететіні анық көрініп тұр. Бұл топқа және Ақ-Сарай мен Бибі Ханымның кесенесін жатқызуға болады.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сәулет ескерткішінің құрылымы жағынан атап өтуді жөн көрдік. Құрылысты жүргізуді Әмір Темір өз дуанында игілікті істермен шұғылданатын Мәулен Убайдулла Садырға жүктейді. Кесенені салу жедел қолға алынып, сол заманғы деңгейден қарағанда, аса қарқынды жүргізілді. Негізгі және қосалқы бөлмелерді салу кезінде құрылысшылар қолдарындағы архитектуралық сызбалар мен ғимарат жобасына сүйеніп отырды. Архитектуралық көлемдер мен олардың бөлшектерінің асқан шеберлікпен салынғандығының себебін тек осылай ғана түсіндіруге болады. Әмір Темірдің болашақ кесене жобасын жасауға тікелей қатысып, құрылысшыларға нақты нұсқау бергендігін әр-түрлі жазба деректер де дәлелдейді.

Жобаны әзірлеу барысында олар белгілі бір модульді пайдаланды, оның жартысы да ширегі де өлшем ретінде жүре беретін. Сондай ақ, композициялық негіз етіп алынған модульдік жүйе де қолданылатын. Осы жүйе бойынша архитектуралық көлемдердің мөлшері ішкі және сыртқы тарамдардың, қуыстардың түрлері, қанаттардың ұзындығы, терезе және есік ойықтарының, аркалардың, қуыстардың, күмбездердің, сталактиттердің және тағы басқа бөлшектер өлшемдерінің тепе-теңдіктері белгіленіп отыратын. Ғимараттың жеке бөліктерінің жобадағы және кеңістіктегі өзара үйлесімділігі, негізінен алғанда, шаршы келген қабырға ұзындықтарынан тұратын бас бөлменің көлденеңіне қаншалық сәйкесуіне байланысты белгіленген.

Осы әдіс Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салу кезінде кеңінен қолданылды. Жобаны өлшеу нәтижесі кесененің 60,6 сантиметрлік тең қабырғалы модульдік – көлемдік торға дәл келіп тұрғанын көрсетті. Ал 60,6 см ортағасырлық бір кезге тең.

Қожа Ахмет Ясауи кешені – аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені 46,5 м., ұзындығы 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені 50 м. жуық) және бірнеше күмбезі бар орталық залының төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.

Кесене құрылысы сол маңда орналасқан ХІІ – ХІҮ ғасырлардың кішігірім кесенелерін біртіндеп бұзып, олардың кірпіштерін Әзірет Сұлтан кесенесінің құрылысына пайдаланудан басталды. Осылайша биіктігі 14-15 метрлік құрылыстың бірінші кезеңі 1391-1393 жж. аралығында тұрғызылып, ол екінші қабаттың төбе жабынымен аяқталды. Бас портал – Пештақ жартысна дейін қаланып, сырты сырлы қышпен қапталуын күтіп тұрды. Алайда 1393-1399 жж. аралығында өткен екінші кезеңінде портал өзіне тиісті биіктікке дейін (60-65 м) қаланбады, бар-жоғы 41 м биіктікпен тоқтап қалды. Бұған себеп аса ауыр бұл бөлік бірден шөгіп, оның Қазандық бөлмесімен жалғасқан жері ажырап жарыла бастауы еді, сонымен бірге, портал нишасын жапқан арка да ортасынан екіге бөліне бастаған болатын. Кесененің бұл бөлігінің (мұнаралар мен аркаға дейінгі аралық) қабырға қалындығы 3 метрден 5 метрге дейін барады және құрылыстың астына 2 метр тереңдікке дейін іргетас қаланған бөлігі де тек осы жерлері ғана, әйтсе де, тап осы бөлік екі жаққа қарай шөге бастап, арканың қиысқан ұшы мен артқы қабырғасы екі айырылып, жарық пайда болады. Бұл кезде (1399 ж.) ұсталардың дені Самарқандағы Бибі Ханым мешітінің құрылысына алып кетілген болатын, Түркістанда негізінен кесенені сырлы қышпен қаптау жұмыстары жүріп жатты. Пештактың биіктігі 65 метрге дейін көтерілмегендіктен Қазандық бөлмесінің екінші күмбезі де қаланбай қалды, бірақ күмбездің бірінші қабатының сырты көгілдір түсті бояулы қышпен қапталды. Егер екінші күмбез қаланғанда біріншісі сегіз бұрышты мойынның үстінен қонатын биік барабанның (Қабірхананыкі сияқты) ішінде қалып, оны сырлы қышпен қаптаудың қажеті болмай қалатын еді.

1591 ж. Бұхара ханы ІІ Абдолла Түркістанға келген кезде Пештақтың артқы қабырғасының жоғарғы жағы әлдеқашан құлап түскен болатын. Тарихта «Құрылысшы Абдолла» деген атпен белгілі бұл хан пештақтың артын қайта қалатып, артқы қабырғасына «Абдолла хан нишасы» деп аталып кеткен бес бұрышты ойықты да қайта қалатады. Бұл жерде бұрын да бір нишаның болғандығын оның төбесінде 1 метрдей жерден өткен басқа бір арканың ізі байқатады.

Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі күрделі инженерлік құрылыс болып табылады. 2 және 3 деңгейде орналасқан бірнеше үлкен бөлмелерден тұратын күрделі құрылыс жауапты контсрукторлық шешімді табуға түрткі болды. Кесене мұнаралары тереңдігі 3 м дейін сазды қоспадағы бұт тастардың үстінен қаланған. Ғимараттың ірге тасының қызметін тереңдігі 1,5 метрге дейін баратын бірнеше қатпарлы құм мен саз балшықтан жасалған құймалар атқарады. Екінші жағынан, бұл құймалар ғимарат қабырғаларының гидро-изоляциясының қызметін де атқарады.Ғимараттың негізгі бөліктерінің қабырғалары (портал, жамағатхана) саз балшықтан тұрғызылған іргетасқа отырғызылған. Ескерткіштің төменгі бөлігінің астында – тереңдігі 2,5 м дейінгі саз құйылма табанынан бір метрге дейін сазды қоспадан қаланған қыш.

Ғалымдар тарихи құжаттарды, аңыз әнгімелерге байланысты, Түркістан төңірегіндегі радиусы – 40-75 шақырым болып келетін елді мекендердегі көптеген балшық түрлеріне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде ескерткіштің керамикалық кірпіштерінің химиялық құрамына ең жақын және сәйкес келетін балшық, Түркістан қаласынан 35 шақырым жерде орналасқан қазіргі темір жол бойындағы Сауран станциясындағы көне Сауран қорғаны маңынан алынған топырақ екендігі анықталды. Дәл сол жер әсіресе аңыз әнгімелерде көп айтылатын. Белгілі тарихшы М. Е. Массон былай деп жазды: «Аңыз әнгімеге байланысты кесененің құрылысы және өрнекті кірпіштері Сауранда дайындалып, Ясыдағы құрылыс орнына дейін құрылысшылар қолма-қол жеткізілген». Күйдірілген Сауран балшығының химиялық талдануы мынандай қатынасты көрсетті: кремний – 61 %, қалайы тотығы – 14 %, кальций мен магний – 15 %, темір тотығы – 5 %, калий мен натрий – 4,5 %. Бұл көрсеткіш кесене кірпіштеріне жүргізілген химиялық талдауымен сәйкес келеді.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі кірпіштерде жарылған іздер жоқ. Бұл кірпіш балшығының аса ыждағаттылқпен дайындалғандығын көрсетеді. Балшық құрамына қосылған шөпшектер, жылқы қылы, жүн – арматураның қызметін атқарып кірпіштің жарылуына жол бермеді. Кептірілген кірпіштер арнайы қолдан жасалған ошықтарда күйдірілді. Сыртқы кейіпі үстінде тесігі бар аударылған қазан тұрпатында болды. Ошаққа бізге беймәлім арнайы отын пайдаланған. Аңызға сүйенсек 1000-1100 º дейін ыстық беретін тамырлы шөп туралы айтылады. Тағы бір аңызда бұл шөп емес Түркістан маңында сол кезде өскен ағаш деген болжам бар. Керекті жоғары темпиратураны алу үшін жел үрлеп отыратын арнайы жасалған ошақтар болған. Ауызша жеткен мәліметтерге сүйенсек кірпіштерді ойпаттау жерге жинап, үстіне отып үйіп бірнеше күн жағып күйдірген. Кірпіштерді күйдіргенде оған қосылған шөпшектер, жылқы қылы, жүн отқа күйіп, кірпіш ішінде қуыстар пайда болады. Бұл қуыстар кірпіш салмағын жеңілдетіп төзімділігін арттыра түседі. Суған кірпіштерді құрылыс алаңына жіберілген. Керек кезінде бұл кірпіштен қаптайтын бөлшектер араланып жасалды.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — әр-түрлі қызмет атқаратын бөлмелерден тұратын күрделі құрылыс нысаны: Жамағатхана, Қабірхана, Үлкен және Кіші Ақсарай, Кітапхана, Асхана, Құдықхана және бірнеше худжралар. Кесененің бөлмелері мен бөліктері дәліздер және баспалдақтармен бір-бірімен байланыстырылған.

Архитектуралық-құрылыс жоба композициясын байланыстырып тұрған кесененің орталық бөлмесі – жамағатхана.
Ол порталы оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысқа қарайтын етіп салынған. Келген адам орталық залға бас порталдың сәнді есігі арқылы кіреді. Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкені — диаметрі 18,3 метрлік күмбезбен көмкерілген.

Сәулет өнері жағынан қарағанда Жамағатхана бөлмесімен маңызы бірдей болып табылатын бөлме Қожа Ахмет Ясауи жерленген Қабірхана бөлмесі. Бұл бөлменің аты жазуларда әртүрлі аталады. Солтүстік қасбеті жағында орналасқан софитте оны «муркат», яғни мола деп атаған. Ал Қабірханаға кіреберістің жоғары жағында «бұл қасиетті қабірді «раудатты» (шерифтердің бауы) Әмір Темір Гурган тұрғызуға бұйрық берді» деп жазылған. «Раудат» ұғымын «Қабір» деп аударуға негізделген, бірақ дәл аудармасы «бау» деген мағына береді. Қожа Ахмет Ясауидің замандасы Абд ал-Қадыр Гилянидің түсініктемелерінде бұл ұғымды пайдаланудың мағынасы «адамдарға тозақтың есігін жауып жұмаққа жол ашу» деп береді. Яғни, әулиенің жатқан бөлмесін жұмақтың бауы ретінде қарастырады. Осыған байланысты бұл бөлменің архитетуралық құрылымы да осыған тығыз байланысты болып келеді. Бөлменің ортасында Қожа Ахметтің құлпы тасы орналасқан үш деңгейлі подиум салынған. Бұл подиум серпентинит тасынан жасалған қаптамалармен әшекейленген.

Қазандықтан өзге бөлмелерге қарай қос қатарлы сегіз дәліз тарайды. Бұл дәліздер ғимаратты сегіз дара блокқа бөледі. Әр блокта архитектурасы да, пайдаланатын мақсаты да әр қилы бөлмелер бар. Оңтүстік-батыс блокта мешіт орналасқан.
Кесененің мешіті аса бір тамаша архитектуралық құрылыс. Ол мойындығында он алты терезесі бар, шағындау қос қабат күмбезді сопақшалау келген бөлме. Оған жамағатхана бөлмесінен Жолбарыс хан дәлізі арқылы өтуге болады. Мешіт қабырғалары жыланкөз өю-өрнектерімен әшекейленген және сонымен бірге алты қырлы көгілдір тақтайшалар жапсырылған. Зиярат етіп келген халықтың құлшылық ғибадатын атқаруға арналған – Мешіт (қабырғалары 9,3х10,7 м) ерекше нақышпен көркемделген, тамаша архитектуралық құрылыс. Оның биіктігі –11,5 м, тереңдігі 2 метрлік аркалық ойықтары, екі үлкен терезесі бар.

Мешіттің батыс жақ қабырғасына Меккедегі Қағбаға қаратылып 3,5 х 2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған. Михраб мешітке ерекше көрік беріп тұр. Оның беті мозаикамен және өсімдік суреті бедерленген майолика тақтайшаларымен әшекейленген.
Михраб — жебе ұшты арқасы бар ойық. Бұл ойық көгілдір түсті мозаикамен көркемделген, тік бұрышты сәндік белдеумен қоршалған, оған ақ әріптермен Құран сөздері жазылған. Әр жерден әсемдік үшін жалатылған алтынның сілемі көзге шалынады.

Қабірхана мен мешіт арасында зияратхана деп аталатын дәліз орналасқан. Мұнда зиярат жасауға келгендердің басым бөлігі әулие жатқан орынды көруге мүмкіншілік алады. Зияратхана мен Ахмет Ясауи бейіті жатқан Қабірхана арасын есік ойығына қойылған ағаш тор ғана бөліп тұр. Бұған ұқсас дәліз Қабірхананыі шығысында да бар. Екі бөлме төбесі де Орта Азияның ортағасырлық ескерткіштерінде өте сирек кездесетін крест үлгісіндегі жабумен өрілген. Л.Ю. Маньковскаяның пікірінше, «осы шатырлар ғимарат құрылысшысының ойлап тапқандарының ең озығы және ол басқаларға ұқсамайтындығымен ерекшеленеді».

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР

Кітапхана бөлмесі оңтүстік қабырғасындағы терезе және күмбездің төбесіндегі тесігі арқылы жарықтырылған. Мұнда бұрын көне жазбалардың, ескі басылымдардың кітапханасы орналасқан. Шығармалар көшірілетін, іс-қағаздарды тіркейтін орын болған. Осында ХІV – ХІХ ғғ. Түркістан тарихына байланысты құжаттар әр түрлі ақпараттар мен қолхаттар сақталған. Бізге көне кітаптардан ХІІ ғ. Құраны, ХV ғ. алгебрасы, математикасы, шығыс авторларының көптеген шығармалары, оның ішінде Ахмет Ясауидің «Хикметі» жеткен, алайда олар 1954 жылы Қазақстан Ғылым Академиясы мен Ұлттық кітапхананың сирек қолжазбалар қорына тапсырылған.

Ғимараттың солтүстік-батыс бөлігінде үлкен Ақсарай және оған қарама – қарсыда Кіші Ақсарай орналасқан. Бөлмелердің осылай аталуы олардың түсіне емес, ХVІ — ХVІІІ ғасырларда Түркістанда қазақтың Ұлы жүз бен Орта жүз хандарының ордалары орнығып, аталған бөлмелердің түрлі салтанаттар үшін пайдаланылуымен байланысты болғанын Т.К. Басенов көрсетті. Үлкен және Кіші Ақсарай залдарының жоғарғы қабаттарында жүріп тұруға болатын өтпелі дәліздер галерея жасалған.

Асхана — Халимканада дүйсенбі мен жұма күндері кедей-кепшік пен дәруіштерге тегін үлестірілетін тағам — халим әзірленетін болған.
Ғимараттың оңтүстік шығыс бөлігінде биіктігі 16 м, қабырғалары 5,3 м күмбезді бөлме – Құдықхана орналасқан. Оны қабырғаларындағы терең ойықтардың есесінен бөлме кеңейіп, ұзарып көрінеді. Оңтүстік ойыққа жақын ортада құдық орналасқан. Құдықтың суын ас дайындауға және Тайқазанды суға толтыру үшін пайдаланған. Кесене әлеуметтің сан-салалы құлшылық, ғибадат, қоғамдық, рухани-ағарту мұқтаждықтарын өтеуге байланысты жиналатын орны болғандықтан ол жерде құдықтың болуы нақтылы қажеттілік. Сонымен қатар, адамның рухани сусынын қандыратын ілімнің ордасында халықтың рухына медет, тәніне шипа болатын кәусәр судың бастауы құдықтың орын алуы да оның символдық мәнінің терең екенін көрсетеді. Әмір Темірдің уакуфтық қолхатында су тасушылардың арнайы қызметі анықталып, міндеті белгіленген.

Қорыта келгенде кесененің құрылыс ерекшеліктері : Іргетасы балшық пен тастан құйылған Ахмет Ясауи комплексі ХІҮғ. құрылыс инженерлерінің сөзсіз озық шешімі болып табылады. Пропорциялық қатынастардың бірлігі, құрылыс тәжірибелері ортағасырлық шеберлердің сәулет өнерінің күрделі теорияларын меңгергендігін көрсетеді.


Ахмет Ясауи құрылысының тағы бір ерекшелігі оның құрылысында көне түркі ақынының алғашқы қабірі қамтылғанында. Салмақ көп түсетін пилондарының табанына ірі кесек тастар қалаған. Ал басқа қабырғаларының іргетасы лайдан құйылып тапталған. Ескерткіш іргетасынан жоғарғы бөлігі конструкциялық түрлеріне қарай әр түрлі ерітінділерге бекітілген күйген кірпіштен қаланған және 600 жыл бойы өмір сүріп келе жатқан ғимарат. Табан топырағы ылғалды жерге салынғандықтан 50-60см төмен шөккенін байқауға болады. Ғимараттың жеке бөліктерінің архитектуралық формаларының өзара үйлесімділігі негізінен алғанда Қазақстан мен Орта Азияға тән келген қабырға ұзындықтарының осы бөлменің көлденеңіне сәйкес теориясының сақталуына байланысты. Шатыр тұрғызу техникасы мен түрлері:
1. Аркалы желкендерге орнатылған, кең қанатты күмбез.

2. Қанатты желкендерге орнатылған кең қанатты күмбез (Құдықхана).
3. Тік көтерілген кең қанатты күмбез және жарық сәулелі орталық (Мешіт).
4. Көтермелі аркаларға орнатылған кең қанатты күмбез (Асхана, дәліздер). Калқан тәрізді желкендерге орналасқан аласа күмбезшілер (кітапхана, кіші Ақсарай). Цилиндрлі шатырлар.

Бір орталыққа жинақталған комплекс бөлмелері, бір-бірімен көптеген дәліздермен, баспалдақтармен байланысқан. Олардың барлығы кешенде 22. Ғимаратта баспалдақтардың мынадай түрлері кездеседі. Айналма және бір шеті айқасып келген шахтадағы баспалдақтар (Мұнара мен үлкен күмбездердің төрт қырлы қабырғасында). Айнала төрт бұрышты шахта және жылжымалы жарты аркалар тізбегі арқылы орналасқан баспалдақтар (дәліз баспалдақтары). Айналма, тік бұрышты шахта (бас порталдың ойығы). Шахтасыз ашық баспалдақтар.
Кесененің жалпы архитектуралық құрылымдық жобасы мен композициясын қарастыру бұл құрылыс – мұсылмандық дәстүрдің қалыптасуының кіндік орталығы болғанын көрсетеді. Бұл сәулет ғимараты, барша жәдігерлерімен бірге ғасырлар бойы дәстүрлі Исламның жасампаздық рухын, асыл мұратын әйгілеп тұрады.

Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші (ХVғ.). Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің оңтүстік-шығысында 60 метр жерде орналасқан.

Әмір Темірдің немересі, Ұлықбектің қызы, Әбілқайыр ханның әйелі, белгілі хандар Көкенші мен Сүйініштің анасы Рәбия Сұлтан Бегімге арнайы салдырған. Алғашында сегіз бұрышты бір камералы, цилиндр тәріздес барабанға бекітілген биік күмбезі бар құрылыс ретінде салынып, кейіннен көп камералы шаршы жоспарлы құрылыстармен толықтырылған. Кесене өте үлкен сәулеттік кешендердің бірі. Оның құрамына бес үлкен бөлме кіреді. Кесененің қас беті сүйір ұшты биік екі тірек аралығының доға тәрізді жабыны түрінде жасалған, сегіз бұрышты залы және осы залға жапсарлас салынған ұзынша келген тік бұрышты екі үй-жай бар. Кесененің айналасынан табылған майоликалық және жылтыратылған тақтайшаларға қарап, оның полихромды қаптамамен қапталғанын көруге болады. Кесененің оңтүстік-шығыс бөлігінде жерасты қабірханаға кіретін есік бар. Қабірхана сыланып, боялған. Онда терімен қапталған ағаш табыттар қойылған.
Рәбия Сұлтан Бегімнің табытында - «бұл құдыретті Әмір Темір Көрегеннің ұлы, азапты ажалдан қаза тапқан, құдыретті, ұлы сұлтан Ұлықбек Гураганның қызы, ақсүйек, (құдай) кешіріп, рақымшылық жасаған, ізгі жасанды Рәбия Сұлтан Бегімнің тыныштық тауып жатқан жері» деген жолдар бар.

Кесене түркістандық жергілікті сәулеттік дәстүр негізінде салынған алғашқы кесене ретінде өте маңызды. 1980 жылдан бастап қайтадан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.
Просмотров материала: 496

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 369 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 202 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 842 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 866 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 175 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 480 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 656 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 724 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 914 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 057 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 437 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 354 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 320 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 365 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 175 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930