ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен тарихшы ғалымдар мен археологтардан құралған экспедиция Созақ ауданы, Арпаөзен бойындағы таңбалы тастар тарихымен танысуға сапарға шықты. Экспедиция құрамында облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, тарих ғылымдарының докторы, РК ҰҒА академигі Бауыржан Байтанаев, қазақстандық суретші-реставратор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қырым Алтынбеков, қазақстандық кинорежиссер, Канн фестивалінің лауреаты Сергей Дворцевой, жергілікті археологтар мен тарихшылар, журналистер бар.
Таңбалы тастардың шығу тарихы мен оның тәуелсіз Қазақстан рәміздерімен байланысын атап өткен С.Қалқаманов шараның ашылуында сөз сөйлеп: «Рәміздер тарихы ежелден басталады. Ол көне заман, түркілер дәуіріндегі таңбалар, хандықтар мен патшалықтардың елтаңбалары мен жалаулары және теңгелеріндегі айшықты белгілерімен тығыз байланысты. Мемлекеттік рәміздер – мәдениетіміз, тарихымыз бен менталитетіміздің көркем туындысы. Бүгінгі Арпаөзен таңбалы тастарына жасаған экспедиция мақсаты – осы ежелгі заманнан келе жатқан символиканың XXI ғасырдағы тәуелсіз Қазақстанның рәміздерімен тығыз байланысын насихаттау», деп атап өтті.
Петроглифтерді зерттеп жүрген ғалым Бауыржан Байтанаев Арпаөзендегі таңбалы тастарды кеңінен насихаттау үшін туризм кластерін дамыту керектігін айтты.
– Киелі Созақ жерінде орналасқан Арпаөзен таңбалы тастары немесе Арпаөзен петроглифтері – қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Біз осы тарихи жәдігерді кейінгі ұрпаққа жеткізуде вандалдардан қорғауымыз керек. Ол үшін бұл жерде туризмді дамытып, петроглифтерді ЮНЕСКО тізіміне енгізу керек, – деді.
Қола дәуірінен бері сақталған құнды ескерткіш – «Арпаөзен таңбалы тастары» Созақ ауданы, Абай қыстағының оңтүстік-батысында, Қаратаудың Келіншектау деген жотасынан бастау алатын кішірек Арпаөзен бойында орналасқан. Оны Қазақстан ғылым академиясының археологогия экспедициясы зерттеген. Суреттердің жалпы саны – 3,5 мың. Негізгі сюжеттері аңшылыққа, жаугершілік тақырыпқа және жан-жануарлар тіршілігіне арналған. Қос аяқты ат, өгіз және түйе жеккен соғыс және шаруашылық арбалары кездеседі. Ескерткіш біздің заманымыздан бұрынғы 1 және 2-мыңжылдыққа жатады.
Созақ жеріне алғаш келген Қырым Алтынбеков облыс әкімінің орынбасарына Арпаөзен петроглифтерінен ашық аспан астындағы музей жасау арқылы құнды жәдігерлерді қорғауға алуды ұсынды.
Экспедиция сапарының қорытындысымен Созақ ауданындағы тарихи нысандарды туристерге насихаттау мақсатында «Шығыс сақинасы» тұжырымдамасы жасалады.
Сондай-ақ Түркістанда маусым айының басында ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай Арпаөзен петроглифтерінің суреттерінен фотокөрме өтеді.
Арпаөзен таңбалы тастары, Арпаөзен петроглифтері – қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Түркістан облысы Созақ ауданы Абай қыстағының оңтүстік-батысында 7 км жерде, Қаратаудың Келіншектау деген жотасында орналасқан.
Қазақстан ғылым академиясының археологогия экспедициясы зерттеген. Суреттердің жалпы саны 3,5 мың. Негізгі сюжеттері аңшылыққа, жаугершілік тақырыпқа және жан-жануарлар тіршілігіне арналған. Қос аяқты ат, өгіз және түйе жеккен соғыс және шаруашылық арбалары кездеседі. Жартасқа салынған қос атты жауынгерлік арбалар белгілі бір этн. топтардың, дәлірек айтқанда, үндіарийлықтардың мифтік және діни әдет-ғұрыптарының біршама әсер еткендігін және миграциялық қозғалыстың бағыттары осы аумақ арқылы өткендігін дәлелдейді. Сақ заманының петроглифтерінде жабайы аңдардың, жануарлардың бір-бірімен айқасқан қимылдары арқылы заманның шым-шытырық оқиғаларын зооморфтық ерекше кодтар арқылы көрсеткен. Жартастағы суреттерде жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи құбылыстар айқын аңғарылады. Мұндай көріністер металдан, ағаштан, теріден жасалған күнделікті тұрмысқа қажетті заттарға да салынған. Ескерткіш біздің замаңыздан бұрын 1–2-мыңжылдыққа жатады.
Қазақтың ұлы шежірешісі көреген көзді, қара сөзді ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Бетпақ шөлінде Нұра деген жер бар еді. Сонда тасқа басылған таңбалар бар. Үш жүздің баласы арасында қазақтың таңбаларына қатысты талас болса сол тастан барып қарасады. Алаша ханның жарлығымен басылған таңба деседі» деген екен. «Тарихтың нағыз кейіпкері – адамдар» дейді ойшылдар.
Тарих – адамзат баласының шынайы жылнамасы, шежіресі, пайда бол¬ғаннан бастап, бүгінге дейінгі өмір ара¬лы¬ғы, тірлігі мен мақсат-мұраты десек болады. Таңбалы тас – бірлігіміз бен ынты¬ма¬ғымыздың, бүтіндігіміз бен мақсат-мүд¬деміздің қара шаңырағы, мемлекет негі¬зінің алтын әліппесі. Ғылымымыз бен мәдениеті¬міздің қайнар бұлағы, қайнаған қазаны дер едім. Көрнекті ғалым Әлкей Марғұ¬ланның жазба шежірелерінде «Қа¬зақ сахарасындағы мәдениеттің бір жа¬рық түрі – тарихи дәуірлерде осы араны қоныстап келген тайпалардың тас бе¬ті¬не жазып қалдырған белгілері» деген сөйлем бар.
Әлкей бабамыздың пікірінше таң¬балы тасты алғаш зерттеген ғалым А.И.Шренк: «Таңбалы тастың» зор атаққа ие болуының себебі, бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап, (ұлы жиын десек те бола¬ды) ұран шақырып, бір ел болып қосыл¬ған жері дейді. Сондықтан бұл тас¬ты көп ғалымдар «тарихтың зор куәлігі» деп ата¬ған» депті.
1970 жылдары Ұлы жазушы Ілияс Есен¬берлин осы Таңбалы тасқа оның та¬ри¬-хын, табиғатын, өсімдіктері мен жан¬уар¬¬лар дүниесін, жер қыртысын, ойы мен қырын зерттеп, зерделеу үшін бір¬н嬬ше рет келген екен. Осы зерттеулері ар-қылы «Көшпенділер» трилогиясының «Алмас қылыш» атты бөлімін жазуына септігі тиген. Әбілқайырдан бөліне көш¬кен Керей мен Жәнібек хандар ХV ға-сырдың ортасында «Таңбалы таста» хан кеңесін шақырып барлығы келешекте үш жүзге бөлініп бір ханға бағынуды ма¬құл¬да¬сыпты. Бірақ бұл үш жүзге бөліну мәсе¬ле¬сі біржола шешілмейді.
Арада талай тол¬қу¬лар болады. Осы мәжілістен кейін арада алпыс жыл өткенде Қасымханның баласы Хақ¬назар ханның кезінде бүкіл қазақ рулары бір бітімге келеді. Үш жүз боп, үш орда тікті. Ал ол жолы күрделі бір мәселе ше¬шіл¬ді. Халық ақсақалы Асан қайғы әр ру¬дың белгісі етіп таңба үлестірді, деп жаз¬ды Ілияс Есенберлин.
«Таңбалы тасқа» назар аудар¬ған¬дар¬дың ішінде ғалымдар академик Қаныш Сәтбаевтың атына ерекше назар ауда¬ра¬ды. «Жезқазған ауданының көне ескерт¬кіштері» деген 1941 жылы жазған мақа¬ла¬сында Қ.Сәтбаев аңыздарға сүйеніп қа¬зақтың қазақ болған, ту тіккен жері таң¬ба¬лы тас өңірі, деп атап көрсетеді. Белгілі ғалым Ж.Артықбаев болса: қазіргі күнге дейін шежіре білетін ақсақалдар таңбалы тас¬ты Қаныш Сәтбаев жазған мазмұнда айт¬ып келеді. Олардың айтуына қарағанда Алтын Орда ыдырап, оның құрамындағы елдер сергелдеңде жүргенде алты алаш тобына кіретін елдер осы Таңбалы Нұрада бас қосып өздерінің жеке мемлекет болатынын жария еткен. Қазақтың «Таңбалы тасты» түп тамырдағы Алаша хан атымен байланыстыруда да осы себепті деп ойлай¬мыз», дейді.
Бұл таңбалы тас бірнеше мәрте тұғырланды, одан көзден таса етіп жоғалтып ал¬дық. Соңғы мәрте Қызылорда облы¬сы¬ның Сырдария ауданына жол тартқан едік. Кейін таңбалы тастың бір бөлігін алып кеткен азамат түрлі жағдайларға ұшы¬рап, ақырында ауыл қарияларының айтқан ақыл кеңестерімен тасты қайта өз орнына әкеліп, астын ақ кірпіштен өріп тұғыр жасап орнатыпты. Осы жаңа жайға орна¬ластырарда әлгі ескі тұғырдан шыны ыдыс шығыпты, ішінде бүктелген қағазға «Біз тасты қайтып орнына әкеліп қойдық» деп он екі адам қол қойып, жазу жазып қа묬дырыпты. «Қайтқан заттың қайыры бар» дейді дана халқымыз.
Таңбалы Нұра өңіріндегі жер атаулары:
Нұра – Бетпақ даланың шөліндегі таң¬ба¬лы тас жатқан аймақ; Сәкеннің соры – мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сей¬фуллин Колчактың түрмесінен қашып қуғын¬да жүргенде Қарағанды, Жезқазған, Арқа өңірінен Қаратау асып, Түркістанға бара жатқанда кешіп кесіп өткен үлкен сор; Жыра – екі беткейлі ені үлкен арық. Күз, көктемгі жауын, қардың суы ағып, сор¬ға құйылып жатады; Нұраның қара тұзы – Таңбалы тастан 1 шақырымдай жер¬де ұзына бойы 2-2,5 шақырымнан асатын тұзды алқабы; Шеңгелді – Таңбалы Нұраның шығыс бүйірінде орналасқан шал¬шық сулы, суы борсыған, жазы шыбын-шіркейлі, қорымдар мен қабірлері жат¬қан өңір.
Ертеректе көшпенділердің қо¬ныс¬танатын жазғы жайлауы болған екен; Таңбалының тұзы – Таңбалы жыраның Теріскей жағында көлденеңі 13 шақы¬рым, ұзындығы 25 шақырым келетін, Оң¬түс¬тіктен терістікке қарай созылып жат¬-қан тұзды алап; Шұбар теңіз – табаны Таң¬ба¬лы¬ның шығыс-теріскей бетіндегі Шұбар теңізінің табаны; Қарақойын-Сәмен көлі – Таң¬балының шығысындағы көлтабанның орны; Жабыкөл, Саумалкөл, Ақжайқын, Ащыкөл, Құмкөл, Телікөлдері Шу мен Сарысу өзендерінен нәр алып, кезінде суы тасып Сырға құйылған екен. Бүгінде Сары¬судың суы қаңсып Таңбалыға жете алмай жатыр. Әйтпесе кезінде бұл өңір аң-құсы, балығы жыртылып айырылатын берекелі өңір болған екен; Таңбалы, Уыт, Шеңгелді, Кендерлі бұлақтары – суы мол, арнасынан суы тасып, жайыла ағып жататын сүтті бұлақтар болған; Бұлдырықты бұ¬лағы – бұлдырық деген құстың жаз, көк¬тем, күз мекеніне айналған жасыл желегі жайқалған жайлау болған; Қабақ – ұзына бойы созылып жатқан үсті қабақ, асты жайыла жермен бітісіп кеткен жыралы құм жақпарлары; Қорым – бұл өңірде бая¬лыш пен жыңғылдың құмымен араластырып қат-қабаттап өрілген бейіттер; Шөптері – баялыш, саған, раң, ебелек, қара жусан, қамыс, шеңгел, сексеуіл, май¬да жабыспа шөп; «Еңкей, «Инкай», Қабақ Құлақ, Құлан жолақ, Құлан қызыл-атау¬лବрына келсек, Бес құлан оқиғасында айтылған жылқыға, ханның ызғарлы қырғынынан аман қалған бес құланның тағ¬¬дырына орай аталып қалған жер екен. Бүгінде осы атаулардың атымен өндіріс орындары аталады.
Халқымыз айтып жүрген «Бес құлан» хи¬кая¬сында, қазақ ертегілерінде жиі айты¬¬¬латындай Жошының, Алаша хан¬ның жақсы көретін баласын құланның ай¬ғы¬ры теуіп өлтіріпті. Баланың кегін қай¬тармақ болған хан құландардың бірін қал¬дырмай қыруды бұйырып, кімде-кім осы бұйрықты жылдам әрі тиянақты орындаса соған көп қазына мен қызын бер¬мек¬ке уәде етіп, жар салады. Домбауыл деген батыр өзінің Еңкей, Қабаққұлақ деген жүйрік тұлпарларының бірін мініп, бірін жетекке алып құландарды қырып шы¬ғады. Соңында бес құлан қалады. Ақы¬рында олар Шу өзенінен өтіп құмға қаша¬ды. Бұрын «томар өткел» десе кейін «Бес құланның өткелі» дейді. Артынан қуып құмға жеткен батырдың екі аты да зорығып өледі.
Ол жерді «Еңкей», «Қабанқұлақ» деп атайды. Жабықкөлден су ішіп естерін жинап, Жабықкөлдің Теріскей батысындағы қырдың үстінде жатады. Оқ тиіп жарасынан аққан қаны тамған жерді «Құлан қызыл» дейді. Шу өзе¬ні арнасынан өткен жердегі сор басқан төбені «Құлан жолақ» дейді. Олар осы жер¬де тұз жалап, сорға аунап жаралы жерін ем¬десе керек. Арқа төсінде «Сымтас», «То¬қымтыққан», «Өлкеннің жайлауы», «Мұң¬лы құлынның тауы», «Жетіқоңыр», «Ақкеңсе», «Аппақтың тақыры», «Қара¬бел», «Асқазан», «Итаяқ», «Еспе», «Мон¬тай-Тотай», «Той», «Көкмұрын той» деген жер атаулары кездеседі.
Елбасымыздың «Қазақстанның қବсиет¬ті жерлерінің мәдени-геогра¬фия¬¬¬лық бел¬де¬уі – неше ғасыр өтсе де біз¬ді кез келген ру¬хани жұтаңдықтан сақ¬¬тап, аман алып шы¬ға¬тын символ¬дық қалқанымыз, әрі ұлттық мақта¬ны¬шы¬мы¬з¬дың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты эл嬬мент¬терінің бірі» деген сөзі Созақ да¬лବсы¬ның бойтұмарлары Таңбалы тас пен Ақбикеш кесенесінен бастау алатын көп¬теген дала жауһарларына арнап айтыл¬ған¬дай болады.
«Оян, қазақ!» деп күңіренген алаштың абзал азаматы Мыржақып Дулатұлы ел үшін еңсе тіктер уақыттың жеткенін, ұлт санасын ояту мәселесін көтеріп, өткен ғасырдың басында-ақ шырылдаған еді. Кеңестік жүйенің қамытын киген қазақ елі Міржақып үндеуінен сырт айналуға мәжбүр болды. Ұлтымыздың бет-бейнесін танытар ұлттық құндылықтар ескерусіз, елеусіз күйде қалып, келешек ұрпақ санасына басқа сипатта сіңірілді. Мұның бәрі ұлттық санамыздың дамуына кері әсерін тигізгені хақ.
Міне, осы олқылықтың орнын толтыру ұлттық санамызды ояту арқылы жүзеге асатынын түсінген қазақтың зиялы қауымы дабыл қағуда. Ел тағдырына жайбарақат қарау осы ұлттық санамыздың төмендігінен болса керек. Үкіметіміздің осындай енжарлықтың алдын алу мақсатында қабылданған «Интелектуальды ұлт-2020» бағдарламасы осы түйінді шешуге бағытталар деп ойлаймыз. Ел келешегін кемел етер білімді, ойлы, ұлты үшін қабырғасы сөгілер ұлтжанды азаматтардың көбеюіне бек сенеміз.
Көшпелі дала руларының бірлік-пәтуасына айғақ, тұтастығына белгі, ант беріп, ауыз біріктірген, қазақ тарихындағы Мәртөбе, Ордабасы, Күлтөбе сынды ұлы жиындарға негіз болған «Таңбалы тас» тарихы ел жадынан елеусіздеу күйде қалып барады. Ата-бабаларымыздың ерте заманда-ақ ел болып, бас құрап, пәтуа-бірлікке тұтқа болған орынды қасиетті мекен демеске болмайды. Өкініштісі, дала руларының таңбасы басылған белгі-ескерткіш күні бүгінге дейін тарихшы ғалымдардың назарынан тыс қалып келеді.
«Таңбалы тас» тарихы - қазақ халқының тарихы. Тақырыбымыздың негізгі арқауы «Таңбалы тас» тарихын зерттеп білу үшін алдымен «Таңбалы тас» қай дәуірде пайда болған?. Ол алдына қандай мақсат қойған еді? Алдымен осы сауалдарға жауап іздеп көрелік. «Қазақ» атауы ұлттық ұлылығымыздың, халықтық қасиетіміздің айшықты белгісі, бірден-бір үлкен «Төлқұжаты» деп ұғынуымыз керек. Бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан «Таңбалы тас» тарихын баяндаудан алдын бұрын-соңды «қазақ» атауы жайлы айтылған болжам-пікірлер мен дәлел-деректердің басты-бастыларына тоқталуды тиімді көрдік.
Өкінішке қарай, әлі күнге «қазақ» жеке сөз ретінде де, халықтың атауы етінде де сараланып, шыққан тегі анықталған жоқ. Тізбектелген түйелі көш қайтқан қазға ұқсап тізіліп бара жатқан жұртты көріп, көршілер: «Мыналар қалай қаздай тізіледі, қаз-ақ екен» деп тамсаныпты-мыс. Содан кейін олар осы жұртты «қазақ» деп атап кетіпті.
Парсы әдебиетінің әйгілі классиктерінің бірі - Әбілқасым Фердоуси (940-1020) өзінің «Шахнама» эпосында: «Қазақ», «Қазақ хандығы» деген ел көк теңізді (Арал теңізі) мекен етіп тұрған күшті және көп санды ел» деп Тұранның жауы Иранды «қорқытпақ» болған. Енді бір желі қазақтарды көне сақтардың шынайы мұагерлері етіп көрсетеді де «қазақ» сөзін «нағыз сақ» деген ұғымды білдіретін «қас» және «сақ» деген екі сөзден қосылып, бірігуінен пайда болған дейді. Бұл пікірді ұлы Абай және С.Мұқанов, тарихшы М.Ақынжанов қолдайды.
Ә.Марғұланның пікірінше «қазақ» сөзінің түбі-қаз тұру, тік тұру, мықты, берік тұру. Кішкене балалардың жүруіне талапынып аяғы шығып келе жатқанда қазақтар «қаз, қаз, қаз тұр» деп тікесінен тұрғызады. «Қазға» қосып айтатын «ақ» сөзі күшейтілген жалғасы. «Қазақ» мықты, алып, жойқын, берік деген сөз деп түсінеді.
Демек, ғалымдарымыздың «Қазақ» атауы жайлы «қазақ - мықты, жүректі, тік тұратын, батыл адамдар болғандығын көрсетеді» деуінде нақты дәлелді дерегі болмағанымен, өмір шындығының жаңғырығы жатқан секілді.
Және күні бүгінге дейін қазақ арасында Алаша хан, Алаша есіміне қатысты аңыз-әңгіме сан-алуан. Ал жазба еңбектерде жарық көрген болжам түрлері тіпті көп. Бірақ осы жөн деп, табан тіреген байламды пікір жоқтың қасы. Алаша хан ежелгі көшпелі тайпаларды біріктіріп, байтақ далада тұңғыш рет ірі мемлекет құрған деген сөз бар. Жайлауы Ұлытау, Кіші тауда, ал қыстауы Борсыққұм мен Қарақұмда болған. Ордасы Ұлытаудан ағатын Жаңғабыл өзенінің жағасында. Сағанасы Қаракеңгір бойында.
«Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш!» деп ұрандаған иісі қазаққа мәшһүр болған Алаш ұғымы қазақтың түпкі атасы Алаша ханмен тікелей байланысты. Алаша атауы «қазақ» сөзінің синонимі, яғни Алаш сөзін қазақ сөзінің орнына пайдаланған. Ел жадында ұмтыла бастаған Алаш ұғымы түрік тектес рулардың бас қосуына ұйытқы болғанын Құрбанғали Халид жазбаларындағы деректер растайды.
Мейлі сан тарау болып айтылатын аңыз-әңгімелердің бірінде алапес болып туылған баланы, екіншісінде алашаға отырғызып көтерген ханды, үшіншісінде Ұлы-тау, Кішітаудан асырып тастаған баланың әскер басы болғаны, төртіншісінде қалмақты қоқыу үшін «Алаш» сөзін ұран еткені жайлы әр түрлі аңызбен астарлана берсін. Соның қай-қайсысы да Алаша ханның болғанын, қара халықты соңынан ертіп, абыройының асқандығын айтады.
Алайда осы келтірілген деректедің өзінен-ақ бір мәнді арқау назар аударарлықтай. Ол «қазақ» этнонимінің дүниеге келуі ұдайы Алаша хан оқиғаларымен қосақтала айтылатыны. Мұнан соң үш жүздің жіктеле танылуы да Алаша хан есімімен сабақтасып жататыны наза аудартады.
Бізге жеткен халық аңыздарындағы, оның ішінде қағаз жүзін көрген Ә.Диваев, Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Янукович, А.И.Левшин, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев және басқалар жазып алған аңыздардағы «Алаша хан» жөніндеі деректерге қарағанда тарихта «Алаша хан» деп аталған адам жалғыз болмағанын, әр заманның өз Алаша ханы болғанға ұқсайды. Әр аңыздың астарына терең үңіліп, олардың шығу тегіне назар салсаңыз, қай заманда туып, өмір сүргені нақты белгілі болмағанымен, Алаша хан түркі тілдес халықтардың тарихында бол¬ған нақты тарихи тұлға деуге болады.
Егер біз аңыздардағы Алаша хан елінің тұтастығы мен бірлігін қорғап, оның салт-дәстүрін құрметтеп, атақ-даңқын әлемге паш еткен дарынды басшы, әрі хас батыр болып-бірінші Алаша ханға тән қасиет десек, кейінгі Алаша хан да осы Бірінші Алаша ханға ұқсатудан туындаған болады. Олардың қай-қайсысының туғанда берілген төл аттары болған. Бірақ кейін ерлік ісімен елді біріктіріп, абырой-атағын, байлығын арттырудағы еңбегі, ұлтын жан-тәнімен сүйіп, оған билік жүргізгеннен қызмет еткенді артық көрген Бірінші Алаша ханға ұқсаған соң оларды да Алаша хан деп атағанға ұқсайды.
Қазақта елге қамқор болған қадірменді адамдарын «Алаш азаматтары» деген екен. Ешкімді де жат көрмейтін халқымыз танымаған адамын да «Алаш азаматының жаттығы жоқ» деп құрметтеп қарсы алып келген. Демек «Алаш» ұраны қайсыбір дәуірде, қайсы бір кезеңдее болсын халқымызды бірлікке тұтастыққа үндейтін, бойына күш-қуат беретін қасиетті рухани тылсым күш болған.
1917 жылы патша үкіметі құлаған қиын-қыстау кезеңде қазақтың зиялы қауымы алдында қарапайым халықты құрып кету қаупінен аман алып қалу міндеті тұрды. Осы міндетті орындау үшін Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов бастаған «Алаш» азаматтары қысқа мерзімде 1917 – 1919 жылдары Алаш партиясы, Алаш автономиясы, Алаш Орда үкіметі сынды құрылымдарды дүниеге әкелді. «Алаш азаматтарының» бұл әрекетін кеңестік жүйе кешірмейтінін олар білді де, бірақ олар алған бетінен шегінбеді. Халық мүддесі жолында «Алаш азаматтары» кеңестік озбырлық саясаттың құрбаны болды.
«ТАҢБАЛЫ ТАСТЫҢ» БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ
2009 жылдың қыркүйегінде Созақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрамында аудан әкімшілігі, облыстық телеарна, газет қызметкерлеі мен өлке тарихын зерттеп жүген тарихшылардан құралған арнайы топ қазақ халқының «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ел болайық» деп пәтуаласқан орны - Нұрадағы Таңбалы тасқа сапарға шыққан едік. Түрлі дерек көздерінен «Таңбалы тастың» қазіргі кезде азып-тозып кеткенін де естіп-білген болатынбыз. Бірақ, «Таңбалы тастың» бүгінгі көрінісі адам төзгісіз жағдайда екен. «Таңбалының» орналасқан жері шағын жыраның екі беткейі.
Жыраның табанында суы тартылып, қаңсып қалған бұлақ көзінің ізі байқалады. Арнада шеңгел мен қамыс араласа өскен. Жыраның беткейінде жатқан жар тастарды тіпті «тас» деп айтуға болмайтын сияқты. Жұмсақ құмшауыт жыныстардан құралған. Сайдың бойындағы тастар табиғат апаты ма әлде адамның қиямпұрыс әрекетінен бе, әйтеуір аяусыз талқандалған екен. Жардың екі беткейінде түлей қамыс пен шеңгелдің арасында шашылып жатқан тастардан аяқ алып жүргісіз. Шашылған тастардан бірде-бір таңба белгісін құрастыру мүмкін емес.
Оның есесіне кеңестік дәуірде осы жерге келген түрлі ұлт өкілдерінің жазған аты-жөнін оқуға болады. «Таңбалы жыраның» тескей жағында көлденеңі 3, ұзындығы 25 шақырым келетін Таңбалының сор тұзы оңтүстіктен терістікке қарап көсіліп жаыр. Ғалымдардың табиғат әр 300 жылда үлкен өзгерістеге ұшырап отырады деген болжамына сенер болсақ, «Таңбалы тастың» іргесі тұрғызылғалы бері мыңдаған жылдарда бірнеше өзгерістер болған. Егер Шу өзені бойына Асан қайғы бабамыз су толқындарында шоршыған балықтарын, қиқулаған құстарын, үш жүздің малына жайылым, әрі ықтасын қора болған, атты адам көрінбейтін нар қамыстарын көрген болс, енді сіз сусыз қаңсыған арнаны көресіз.
Шу мен Сарысу өзендерінен нәр алып, суы тасып Сырға құйған, жағалауының табиғаты жайлы Жабыкөл, Саумалкөл, Ақжайқын, Ащыкөл, Құмкөл, Телікөл орнынан енді көл табаны ғана көрінеді. Таңбалының батыс-теріскей бетіндегі «Шұбар теңіздің» орнынан енді теңіз табаны білінеді. Таңбалының шығысындағы Қарақойын-Сәмен көлінің орнынан батпақты сорды көрдік. Таңбалының батыс іргесінен 20 шақыымдай жерде ағып, кезінде Таңбалыны суға толтырып, көлге айналдырған Сарысу өзенінің енді Таңбалыға жете алмай, әлсіреп жатқаны көрінеді.
Осы айтқанымызды терең ойланып, ақыл елегінен өткізер болсақ, бабаларымыздың қасиетті ту тіккен орнын таңдау себебін ұғынғандай боларсың. Таңбалы жартасының айналасында баялыш, жыңғылды қабат-қабат етіп, арасына құм салып, биіктігі 2 метрге жуық етіп тұрғызған көптеген қорым көзге түседі.
Дүрбінің бағытын Таңбалының күншығыс бетіне бұрғанымызда шамасы 1,5 шақырымдай жерден сағанаға ұқсаған ағарыңқы белгі көрінді. Сағана деп барғанымыз жардың қабағындағы жайпақ төбенің басындағы ақ силикат кірпіштен соғылған биіктігі 4м, көлденең ені 3м ескерткіш болып шықты. Ескерткіштің батыс жақ бетінде көлденеңі 1,3м тігінен 1,1м үлкен қазанның аузындай домалақ таңбалы тастың бір бөлшегі орнатылған екен. Тастың айналасын цементтеп бекіткен. Тастың бетінде оншақты ру таңбаларының белгісі байқалады. Ескерткіш тұғырдың іргесіне цемент плиталар төселген. Тұғыр орнатылған жерде ертеректе қорым болып, сол ойылып кетті ме, әлде жыртқыш аңдар қазып тастағандықтан ба, әйтеуір тұғыр оңтүстік шығыс жағына жамбастай қисайған екен. Бұл таңбалы тасқа алғаш сапарлағандағы көргеніміз еді.
2009 жылдың қазан айында Таңбалы тасқа барудың орайлы сәті түсті. Тайқоңырдың жергілікті тұрғындары «Таңбалыны бір көргенде қыр-сырын толық тану мүмкін емес» деп қайта келуімді өтініп, қолқа салған еді. Бұл жолы Елемесов Әлімжан, Әбдіреев Ерайдар, Жанұзақов Жанғали, Маханов Нұртас болып, жолға шықтық. Сапарымыздың біссімілләсін Таңбалы тастың бір бөлігі болып саналатын «Шеңгелдідін» бастағанды жөн көрдік. Шеңгелді Таңбалы Нұраның шығыс бетіндегі бүйіріне орналасқан екен.
Шеңгелді табиғатымен, орналасқан жерінің әсемдігімен, өсімдіктер дүниесімен ерекше әсер етті. Алдымыздан бұлақ суы мен артезиан суынан пайда болған шағын көлшік көрінді. Көлшіктің атырабында өскен қамыс, шеңгел, сексеуіл және майда шөптің түрлері кездеседі. Біз барған кезде 4-5 гектардай жердің өртенген орнын байқадық. Жолсеріктерім: «Аңшылар қабан алу үшін өртеген болуы керек» деп түсіндірді. Көлшіктің батыс бетінде табиғаттың ғажайып көрінісіндей, терістікен оңтүстікке қарай тізіліп оналасқан үш төбені байқайсыз. Үш төбенің артында Нұраның қара тұзының сүлбесі көінеді.
Төбелердің ұқсастығына қарап бір тайпаның көсемінің қоныс-жайы ма екен. Тіптен Ә.Сарғұлан мен Л.Қызыласов айта беретін Оғыз тайпасының жұрты да болуы мүмкін деген ойға келдік. Қайтар сапарда Таңбалыға тағы да соғып кеткенді жөн көрдік. Мақсатымыз -ескерткіш тұғырды тағы бір көру болатын. Тұғыр орнында болғанымен, алғашқы көргендегімізден бетер жамбастай түсіпті. Екі айда осындай өзгеріс болса, бірер жылдан кейін орнын табудың өзі қиындап, «жақсының сынығындай» мұрадан айырылып қаламыз ба деген қобалжуға түстік.
2010 жылдың мамыр айында «Ақдала» уран кеніші кеңсесінен Таңбалы тас тарихына тереңірек үңілу мақсатында Таңбалы тасқа жол тарттық. Сапарды ұйымдасырушы «Ақдала» кенішінің бас директоры Бауыжан Әлмаханұлы Бердалиев болатын. Қазақтың бірінші ханы Алаша хан жайлы, оның ту тігіп, қазақ елінің дүниеге келгенін жария еткен орны Таңбалы тас жайлы, осы жерде тайпаларға алғашқы таңба үлестіргені жайлы саяхатшыларға түсініктеме берілді.
Осы киелі орында әр дәуірде өмір сүрген хандар дәстүрлі кеңес-жиындарын өткізіп, таңба үлестіріп отыған. Өткен сапарымызда Таңбалы тастың сынған бөлігіне силикат кірпіштен ескерткіш онатылып, оның құлағалы тұрған айтқан едік. Арада сегіз ай өткенде келген осы сапарымызда оның бел ортасынан бөлініп жатқанын көріп еңсеміз түсіп кетті. Осы күйзелісті байқаған Бауыржан ініміз шашылып жатқан таңбаларды жинастыып, ретке келтіруді өз мойнына алатынын жеткізді. Біз де Бауыржанның бастамасына сәттілік тіледік.
Ендігі бағытымыз Шеңгелдіге барып, бұлақ суынан пайда болған шағын тоғанның жағасына әр түрлі ағаштың шыбықтарын отығызып, киелі орынға түнеп зиярат ету болатын. Осы мақсатымызды орындап, келесі күні 25 шақырым жердегі Бұлдырықты жайлауына бардық. Бұлдырықтың кәусар бұлағынан су ішіп, Бұлдырықты шоқысына шығып, шетсіз де, шексіз жайқалған шалғын шөпке қызыға қарап, «шіркін, қазақтың кең даласы-ай, қазіргі көркіңе көз тоймай тұр, Алаша хан тұсында қандай болды екен десеңші деп» ауылға көтеріңкі көңілмен оралдық.
«Таңбалы тас» жайлы мәліметтерді, ертеректе осы жерде болған ғалымдар, жазушылар мен саяхатшылардың жазба деректерінеде айтылған кейбір пікірлерін ескерте кетейік: Ә.Марғұлан жазбаларына қарағанда «Қазақ сахарасындағы мәдениеттің бір жарқын түрі-тарихи дәуірлерде осы арнаны қоныстанып келген тайпаладың тас бетіне жазып қалдырған белгілері» депті. Әлекеңнің пікірінше, Таңбалы тасты алғаш 1840 жылы зерттеген ресейлік ғалым А.И.Шренк: «Таңбалы тастың» зор атаққа ие болуының себебі бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап, ұран шақырып, бір ел болып қосылған жер» дейді. Сондықтан бұл тасты көп ғалымдар «тарихтың зор куәлігі» деп атаған» депті.
Қазақтардың қария сөзі бойынша дейді А.И Шренк ислам дәуірі басталатын кезде бұл жердің көп тайпасы осы арада бас қосып, ұлы мереке жасаған. Барлық тайпалардың ұлыс басқаратын адамдары, данагөй билері, асқан ерлері жиналып, кеңес құрып, қай тайпа қай жерде қоныс ету мәселесін шешкен.
«Таңбалы тас» жазуларының мазмұны «Оғыз-намеде» айтылатын кәрия сөзге ұқсас. Оғыз әкімшілігін құрғанда үлкен той жасап, барлық тайпалардың басын қосып, олаға белгілі қыстау, жайлау бөліп береді. Әр тайпаға меншікті таңба таратады. Ол кезде оғыз ұлысы екі ұлы тайпадан құралатын - «Боз-оқ», «Үш-оқ» Қазақтың қария сөзі бойынша «біздің түпкі атамыз уыздардан (оғыздардан) тарайды. Олар әрі көшпелі, әрі қалада отыратын ел болған. Олардың ел басқарушыларының таихта аты шыққандары «Алаша хан», «Қатонбай», «Майқы би». Осындай қария сөзді қазақ халқы «Жиренше шешен» кітабында келтіреді. Әбілғазының барлауынша, Жиренше шешен VII-ІX ғасырларда Сыр бойын мекендеген оғыз бен қыпшақтардың ортасынан шыққан ойшыл. Оның көпшілікке істеген істері де айта қаларлықтай. Ол әрбір тайпаны белгілі бір аймаққа орналастырып, қыс қыстайтын, жаз жайлайтын өлкелерді анықтайды, өздеріне таңба бөліп береді. Суармалы егін салу үшін өзен бойларын тәртіпке түсіреді. «Таңбалы тастағы» көп таңбалардың мәні осында.
«Таңбалы тасқа» назар аударған ғалымдардың ішінде академик К.И.Сәтпаев атына ерекше назар аударған ләзім. Қ.И.Сәтпаев «Жезқазған ауданының көне ескерткіштері» деген мақаласында аңыздарға сүйеніп, қазақтың қазақ болған, ту тіккен жері осы Таңбалы тас өңірі деп атап көрсетеді. Белгілі ғалым Ж.О.Артықбаев: «Қазіргі күнге дейін шежіре білетін ақсақалдар Таңбалы тасты осы Қ.Сәтбаев жазған мазмұнда айтып келеді. Олардың айтуына қарағанда Алтын Орда ыдырап, оның құрамындағы елдер сергелдең жағдайда жүргенде алты алаш тобына кіретін елдер осы Таңбалы Нұрада бас қосып, өздерінің жеке мемлекет болатынын жария еткен. Қазақтың «Таңбалы тастың» түп тамырындағы Алаша хан атымен байланыстыруы да осы себепті деп ойлаймыз.
Доспе Саурықұлының «Есенгел¬ді» атты тарихи дастанында... Ұлытаудың Түркістан жақ өңіріндегі бүкіл қазақтың бойтұмарындай киелісі «Таңбалы тасқа» тағы бір тағзым етіліп, «Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің бе?» деген қанатты сөздің шығуы баяндалады. Манаш Қозыбаев «Ұлытауда үш жүздің тайпа өкілдерінің қол қойған «Таңбалы тасы» шын мәніндегі қазақтың тұңғыш Конституциясы еді» дейді. І.Есенберлиннің атақты «Алмас қылыш» романының негізгі арқауы Таңбалы тастағы оқиғалаға арналады. Әз Жәнібек тұсында қазақ руларының Нұраның Қаратұзына жиналып, үш жүздің жүйесін жасап, ел болудың белгісі деп Асан Қайғының ұйғарымымен, ақылымен таңба белгіленгенін жазады.
«ТАҢБАЛЫ ТАС» ЖАЙЛЫ АҢЫЗДАРДА КЕЗДЕСЕТІН АТАУЛАР ЖАЙЫНДА ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР
2009жылдың қазан айында Қазақ елінің елдігін әлемге жариялаған қасиетті мекені «Таңбалы тасқа» мың рет естігеннен, бір рет көрген артық деген ниетпен сапарға шыққан едім. Созақтан бастау алатын жол 40 шақырым жердегі Мойынқұмның жиегіндегі «Текей» артезиан құдығынан өтеді. Текей Қоқан хандығы тұсында датқа болған екен. Осы «Текей» асуының жолына асфальт төселгенге дейін Арқаға баратын жолаушылар көп жағдайда жолдың батыс бетіндегі «Кәрі кеннің» жайпақ жолдары арқылы айналып жүретін болған. «Кәрі кен» қысы-жазы мұз айдынына ұқсап, жылтырап жататын тұз айдыны.
Мұз ойғандай етіп ашып ойылған жердегі саудыраған тұзды алып, уақтында асқа пайдаланған. 30-40 жылдардағы ашаршылық, қиын-қыстау кезеңінде жергілікті халық тұзды түйемен Қызылорда облысына апарып, күрішке алмастытып күнелткен. Текейден кейін 40 шақырым жүргенде жол атақты Шу арнасына барады. Қазақ хандарының тарихына байланысты көп өзек болатын осы Шу.
Шудан өткеннен кейін 60 шақырымдай жердегі «Қызмшекке» барасыз. «Қыземшек» елді мекені Қазақстан уран өнеркәсібінің Қаратаудың Терскейінде жатқан кен оындарының орталығы десе де болғандай. Қала мәнерінде салынған, мәдени, әлеуметтік әкімшілік мекемелерінің түзу әрі кең көшелердің бойында орналасуы қалашықтың іргесіндегі қос төбе-Қыземшекпен жарасымды көрінеді. «Қыземшек» қалашығының теріскей бетінен күншығысқа сәл қиғаштай 30 шақыым жүрсеңіз «Уанастың діңі» кездеседі. «Дің» сөзінің мәнісі - іші қуыс емес пирамида сияқты, илеуін жетілдірген қоспадан салынған белгі. Уанас жайлы бай тарихи деректер көптеген көне тарихшылардың еңбектерінде жазылған.
Енді «Қыземшектен» батыс бағытындағы жол Бетпақрың теп-тегіс даласын шығысынан батысына қарай кесіп өтіп, Сарысу өзенінің Боқтықарын деген саласының Ащыкөлге құймасына тақау жердегі Тайқоңырға барады. Тайқоңыр, Байқоңыр деген ағайынды адамдардың жайлауы болған дейді. Бұл екі аралық тікелей 100 шақыым, ал асфальт жолмен жүргенде 160 шақырым. Ащыкөлдің батыс жағында Құмкөл, Телікөл деген көлдерге кезінде Сарысу, Шу өзендері құйғанда тасып, Сырға аққан дейді. Бұл жерлер Абылай хан тұсында қазақтың көркем, кең жайлауы болған. Абылай хан Түркістанға шабуыл жасау үшін Ұлы Кеңесін Телікөл бойында өткізген деген дерек айтылады.
Тайқоңырдан Қаратауды бетке алып жүргенде. Шу өзені арнасының Бес құлан (Томар өкен) өткелінен өтіп, Ақжайқын, Саумалкөл, Жабыкөл, Кәрі кенге барасыз. Бір-біріне жақын орналасқан көлдердің арасында Инкай, Қабанқұлақ, Құланжалақ, Құлан қызыл деген шағын төбелер ұшырасады. Инкай, Қабанқұлақ құландарды қырғынға ұшыратқан батырдың мінген аттарының зорығып өлген жерінің атауы болса, жарадар құландардың жатқан төбесі Құланқызыл, тұзды төбенің басына шығып аунап, тұз жалап өздерін емдеген жері Құланжалақ аталған екен. Қорамса жырасынан бастау алатын Ақсүмбе өзені Жабыкөлге құйған. Құландар тау суынан ішіп, шұрайлы жайылымда тез оңалған дейді. Жабыкөлдің батыс жағында он шақырымдай жерде Буденновка кен орнының мекемесі орналасқан. Буденновканың Теріскей жағында «Құланды» кен орны ірге көтеруде. Бес құлан жолымен Түстікке қарай, яғни Қаратау бағытында жүрген болсақ, енді Итаяқ-еспе (Ақалай) жолымен терістік бағытына кері қайытпақпыз.
Созақтан бастау алатын Итаяқ еспе жолы Созақтың терікей бағытындағы 65 шақырымдағы Кәрі кен тұз көлінің шығыс жағынан өтіп, Монтай-тотай арқылы Шу арнасындағы Бала той, Үлкен той, Көкмұрын тойға келеді. Белгілі ақын Иса Байзақов «Құралай сұлу» шығармасын осы жерде болған бір оқиғаның желісімен жазған екен. Қазақтың Есім ханы тұсында Қыпшақтың Монтай атты әділ биі болады. Монтайдың ауылы Шудың бойында болған екен. Монтайдың жалғыз баласы өліп, арманда қалады. Бұл дүниеде армансыз өткен жан барма екен деп Монтайға бір ауылдасы «Болса Келден бай армансыз шығар » депті. Сол кезде Келден байдың 18 ұлы 18 ауыл болып отырған екен. Иса Байзақов ол жайында былай дейді:
Келден бай сол өлкеден
таңдап алған,
«Көк мұрын той» өзенін
мекен қылған.
Ол өзен Шудан аққан бойыменен,
Батысқа өлкені өрлеп кетеді арман.
Құралай сұлудың жәрдемімен Келден тұтқыннан босанып, екеуі бірге қашады. Бір қамысты қопаға келіп, дем алмақшы болады. Құралай сұлу шомылмақшы болып, Келденнен ұялатындығын айтып, оның аулақ кетуін өтінеді. Осы кезде Құралай сұлуды жолбарыс жарып өлтіреді. Сол сүйікті Құралайын Келден өмір бойы арман етеді екен.
Аңыз деректердің айтылуына қарағанда «Той» деген жерде Майқы би бастаған қазақтың үш жүзінің игі жақсылары жиналып, ұлан-асыр думанды той жасап, «Асқазан» деген жерде қазан астырып, шүлен таратады. Кейін Нұраның Қаратұзына барып үш жүздің таңбасын тасқа басып бөліп берген екен дейді. Осыдан былай Нұраның Қаратұзын «Таңбалының тұзы», «Таңбалы Нұра» немесе «Таңбалы тас » деп атайтын болған.
Шу арнасынан өткеннен кейін жолдың батыс бетінде жоғарыда аты аталған «Асқазан» кездеседі. Жолдың шығыс бетіндегі қыратты «Тоғызкентау» дейді. Созақтық тарихшы марқұм Сәдулла Насруллаұлы: «Бұл өмірде оғыздар мекендеген. Тоғыз саны олар үшін қасиетті болған. Киіз үйлер әдетте тоғыз қанатты болған. Тоғыз оғыздардың құрамында болған тайпалар санын білдіруі мүмкін» дейді. Ал Москва мемлекеттік университеті тарих факультеті археология кафедрасының профессоры, Ә.Марғұланмен көп жылдар бойы істес болған, хакас ұлтының азаматы Л.Қызласов Алаша хан мазары салынған өңір қыпшақтар мен оғыздар мекні болғанын айтады. Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының бастығы Берік Жүсіпов: «Сыр бойндағы Жанкент қалашығы орта ғасырдағы оғызь мемлекетінің астанасы болған» дейді.
"Таңбалы тас» жайлы деектерде ұшырасатын атауларды саралап жазудағы мақсатымыз соңғы кезде осы тақырып төңірегінде көптеген мақалалар жазыла бастады. Осы өңірдің тумасы ретінде көп жылдар бойы Қаратау мен Ұлытау арасындағы тарихи мұралар жайлы деректер жинап, 300 бетті қамтыған «Созақ өңірі» атты кітап шығардым. Белгілі этнограф, ғалым Ж.Артықбаев өзінің «Қазақ тарихымен этнологиясы мәселелері» атты кітабының «Таңбалы тас» деген бөлімінде менің осы«Созақ өңірі» кітабымнан деректер келтіргені, Қыземшек қалашығының бір көшесіне «Таңбалы тас», бір бөлімшесіне «Уанас», канадалық компания орталығының «Инкай» аталуы, «Құланды» кен орны ірге көтеруі үмітімнің ақтала бастағаны деп ұғындым.
Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи даму барысында көптеген әдет-ғұрпы, тілі, діні бір туыстас ру-тайпалардан құралып, халық болғандығы байқалады. Қасиетті «Таңбалы тас» бабаларымыздың сан ғасырлық ұлтты қалыптастыру жолындағы қажымай-талмай күрескен ерлік ісінің жемісі.
Әлемнің тоғыздан бір бөлігіне тең, сарқылмас бай қазыналы өңірді ұрпағына мирас етіп қалдырған бабалар рухына борыштар екенімізді әрдайым ұмытпай, олардың рухын мәңгі қастерлеу келешек ұпақтың қасиетті борышы болмақ.
Бүкіл қазақ әлемінің, тіптен барлық түркі дүниесінің тарихи-шежіресінің бастау алатын қайнар көзі осы Нұраның Қаратұзындағы «Таңбалы тас» десек оынды болатын сияқты. Әр дәуірде өмір сүген қазақ хандары мен игі жақсыларының бас қосып ақылдасып кеңес құрған, әз тұтынып, тәу ететін киелі, бойтұмары болған орын «Таңбалы тасқа» бүгін ерекше қамқорлық қажет.
Просмотров материала: 944