29 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы облысында еден жуушыдан 3 млн теңге өндірмек болған мектеп директоры қызметінен қуылды

Алматы облысында еден жуушыдан 3 млн теңге өндірмек болған мектеп директоры қызметінен қуылды
Алматы облысында бұрынғы жұмысшысынан қомақты ақша өндірмек болған мектеп директоры лауазымынан босатылды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі аудандық Білім бөліміне сілтеме жасап.


Көп балалы ана Ұлболсын Қыстаубаева Сарыөзек кентіндегі Күреңбел орта мектебінде еден жуушы болып жұмыс істеген. Біздің редакцияға арызданып келген әйел бастығына ай сайын жалақысының бір бөлігін беріп келгенін айтқан еді. Мақала жарияланғаннан кейін мектеп директоры оны сотқа беріп, 3 млн теңге көлемінде өтемақы өндіріп алмақ болған. Бірақ, сот бұл істі қысқартып тастады.

Айта кетейік, Күреңбел орта мектебінде директор болған Кәмшат Қыстаубаева бұған дейін де өзге әріптестерімен соттасып, үнемі жеңіп келген. Алайда, бұл жолы жеңу былай тұрсын, ол қызметінен айырылды. Басшылық директордың әрекетін шектен шығу деп бағалапты.

«Қыстаубаеваға қызметінен өз еркімен кету туралы ескерту айтылған. 9 қазанға дейін уақыт берілген. Алдында да сөгіс алған екен, кейін қатаң сөгіс алды. Бұндай әрекеттері үшін арадағы келісімшартты тоқтатуға заң жүзінде толық құқылымын. Қазір К.Қыстаубаеваның үстінен қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Өзі де жан-жаққа арызданып, тыныш жүрмейді. Орнымнан кетпеймін деп қарсылық білдірді. Сабақ уақытында өзінің жақтас мұғалімдерін білім бөліміне жіберген. Митинг өткізген мұғалімдер «директорды өзімізге қайтар» деп келіпті. Ұстаздардың міндеті – балаға білім үйрету, дау қуып, директорды алғызу немесе тағайындату емес. Күреңбел мектебі оның жекеменшігі емес», - деді Алматы облысы Кербұлақ аудандық білім бөлімінің басшысы Қайсар Сейтқожаев.

Кәмшат Қыстаубаева Күреңбел орта мектебі ашылғалы директорлық лауазымда отырған. Мектеп басшысына қатысты бірнеше рет аудиторлық тексеру жүргізіліп, қаржылық кемшіліктер табылған. Тексеру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Мектепті жылытуға деп бөліген мыңдаған литр дизельдің тиімсіз «жұмсағаны» анықталған.

«Қыстаубаева мектепті 2016 жылдан бері басқарып келді. Ол қазір өзіне қатысты шыққан бұйрықпен келіспеймін деп кетті. Тағы да соттасатын шығар. Алдындағы ескертулермен де келіспейтінін білдіріп, қарсылық қағазын жазған. Оны қызметінен босатуға екі рет тексеру жүргізген комиссияның қортындысы мен соңғы кездері қоғамға тарап кеткен даулар негіз болды. Директордың қатысуымен болып жатқан жағымсыз әрекеттер облыстық білім басқармасы және аудандық білім бөліміне, жалпы білім саласының беделіне нұқсан келтірді. Бірінші комиссияның тексерісінде мектептің бағын күтіп баптауға деп штатқа 4 адамды жұмысқа артық алғаны анықталды. Шындығында мектеп ауласында бақша жоқ. Бағбандар артық. Қазіргі аудиттік тексеру комиссиясының қортындысында 4426 литр дизель отынының тиімсіз жұмсағаны анықтаған. Үш жыдан бері әріптестерімен дауласып, соттасып келеді. Даудың арқасында арыз түседі, арыздың нәтижесінде кемшіліктері анықталған», - деді Кербұлақ аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүлжанат Сағатова.

Қазір Қыстаубаеваның орнына Әйгерім Түлембекова уақытша басшылыққа келді. 120 мұғалімі бар Күреңбел мектебіндегі ауыр ахуалды дұрыстау үшін басшылар тағы да жиналыс өткізбек.
Просмотров материала: 6 324

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 391 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 034 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 524 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 205 582 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 205 951 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 985 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 037 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 342 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 980 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 058 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 242 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 684 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 717 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 465 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 327 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 086 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 563 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 271 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 675 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 486 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 348 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 184 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 044 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 370 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 265 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 748 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 869 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 100 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 336 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 711 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 081 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 024 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 154 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 303 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 463 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930