25 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы облысында мектеп директоры еден жуушыны сотқа берді

05 октябрь 2021, 10:59
Алматы облысында мектеп директоры еден жуушыны сотқа берді
Алматы облысында мектеп директоры бұрынғы қызметкерін сотқа берді. Сотқа жауапкер ретінде шақырылған Ұлболсын Қыстаубаева Кербұлақ ауданына қарасты Күреңбел орта мектебінде бес жылдай еден жуушы болған. Мардымсыз жалақымен жүрген Сарыөзек кентінің тұрғыны жұмыстан қуылған соң бұрынғы бастығының үстінен біздің редакцияға арызданған еді.

Оның айтуынша, директор жұмысшының есеп-шотына артық ақша аудартып, оны кейін жинап алып отырған көрінеді. Бұл әрекет 5 жылға жалғасқан екен. Ал, мұндай айыптаумен келіспеген директор ар-намысын қорғап, бұрынғы қызметкерін сотқа берді. Директор төрт баланың анасынан үш миллион теңге өндіртіп алмақ. Бітіспес даумен жүрген тараптардың тартысын Azattyq Rýhy тілшісі тыңдап көрді.

«27 қыркүйек күні алғашқы сот болды. Адвокат жалдайтын жағдайым жоқ. 1 қыркүйектен бастап басқа жұмысқа – «Қазақтелекомға» кірдім, ол жерде де еден жуам. Айлығым 56 мың теңге, одан зейнатақы мен салық ұстап қалады. Төрт балам бар, үшеуі ер жеткен. Үш миллион теңгені директорге қайдан тауып берем? Мен төлемеймін, ондай ақшам жоқ. Сотқа жалғыз бардым, барлығын айтып бердім. Карточкама артық ашқа түсіріп отырған, соны апарып беріп тұрғанымды айттым. 12 мың, 20 мың теңгеден бердім. Кейін мен шатақ шығарған соң артық ақша жазбады. 2016 жылдан 2020 жылға дейін беріп келдім. Маған артық ақша жазба деген соң тоқтатты. Содан кейін мені жұмыстан шығарды, қазір басқа жұмыс таптым», - деді Сарыөзек кентінің тұрғыны Ұлболсын Қыстаубаева.



Бұрынғы қызметкерінің айыптауларымен келіспеген мектептің директоры оны бірден сотқа беріп, еден жуушыдан қомақты ашқа өндіруді талап еткен. Өзінің ар-намыс, қадір-қасиеті және іскерлік беделін қорғамақ болған Күреңбел мектебінің директоры арызды шілде айында сотқа жолдаған. Еден жуушы мен лауазымды тұлғаның арасында азаматтық істі Кербұлақ аудандық сотының судьясы Садиева қарайды.

Бұл сот процесіне Малайсары ауылдық мектебі директорының міндетін уақытша атқарушы Күнсұлу Мүлікбаева да шақырылған. Қыстаубаева екеуінің арасындағы дау ертеректе басталып, екеуі бұған дейін де бір рет соттасқан екен. Енді Мүлкібаева айтқан сөздері үшін сот алдында тағы жауап береді.

«Кәмшат Болатханқызының арызы негізінде мені де сотқа шақырды. Мен ол директордың көптеген заңсыз әрекеті туралы құзырлы органдарға арыз жаздым. Осы іс бойынша қазір Талдықорғанда жүрмін. Тексерулер болды, нәтижесін білмекпін. Маған соттан жұма күні хабарласып, сізді де сотқа тартып жатырмыз деді. Барам келесі сотқа. Қазір сотта өзімді қорғайтын адам іздеп жатырмын», - деді Күнсұлу Мүлікбаева.



Ал басы даудан арылмаған Кәмшат Қыстаубаева толассыз тексерістерден шаршағанын айтады. Жүйкесі ғана емес, жүрегі де сыр берген. Білім саласында 25 жылдық тәжірибесі директордың басшылық қызметте жүргеніне 13 жыл болыпты. Аудандық мәслихатта бұрын депутат болған. Қазір оның қол астында 106 қызметкер бар. Соңғы екі жылдан бері соттасумен жүр. Жан азабы мен тән азабын тарттым деген директор өзіне келтірген моральдық зиянды 3 миллион теңгеге бағалап отыр.

«Ұлболсынды сотқа бердім, ол жауапкер. Ұлболсын бірінші сотта «Күнсұлу (Мүлкібаева – авт.) көкмектесеміз деп айтты, айтқандарымды басқа жақта жариялайтынын білген жоқпын» деген. Сондықтан сотқа Мүлікбаевада шақырылды. Күнсұлумен арамыздағы дау аудандық директорлардың чатындағы жазба арқылы басталған. Сол адамның жазуымен менің үстімнен 4-5 тексеру болды, тағы келіп жатыр. Мен ешқайда арыз жазып жатқан жоқпын, өзімді қорғап отырмын. Бұл кісі мен туралы қаншама жерге жазды. Бұрын да оны сотқа беріп жеңгенмін. Мен бұл дауды тоқтатайық деп алдынан төрт рет өттім. Медиацияға да барайық дедім, қоймайды. Айдалада жүрген адам, басқа мектептің басшысы, 15-20 км жердегі ауылда отырып біздің мектепте несі бар, қандай қатысы бар?», - деді Кербұлақ ауданы Күреңбел орта мектебінің директоры Кәмшат Қыстаубаева.

Бірін бірі сотқа сүйреп жүрген директорлар облыстық білім басқармасындағы басшылардың да тілін тыңдамаған. Дауды ауданның әкімі де тоқтата алмапты. Педагогикалық қылықтарға жат істерімен аты шыққан тұлғалардың әрекеті енді Білім басқармасы әдеп кеңесінің отырысында арнайы қаралмақ.

«Судья істі қарап шығып, аталған азаматтық іс бойынша ҚР АПК-нің 52-бабына сәйкес Күсұлу Жұмабекқызы Мүлікбаеваны үшінші тұлға ретінде іске тарту қажет деп санайды. ҚР АПК-нің 52, 268-баптарын басшылыққа ала отырып ұйғарды», - делінген Кербұлақ аудандық сотының судьясы А.Садиева шығарған ұйғарымда.

Күреңбел мектебінде кіші техперсонал болған Ұлболсынның ісі сотта 6 қазан күні қаралмақ.
Просмотров материала: 3 282

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 857 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 526 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 214 025 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 214 065 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 438 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 431 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 466 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 788 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 442 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 505 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 697 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 776 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 871 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 420 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 659 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 400 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 798 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 597 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 427 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 128 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 474 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 357 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 839 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 134 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 180 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 418 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 806 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 162 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 105 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 238 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 180 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 401 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 554 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31