24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы облысында мектеп директоры аяғы ауыр мұғалімге үйін әктеткен

Алматы облысында мектеп директоры аяғы ауыр мұғалімге үйін әктеткен
Алматы облысында мектеп директоры мұғалімдерге үйінің жеке шаруасын істеткізеді. Еден жуушы, күзетші сынды кіші қызметкерлер бастықтың ғана емес, оның таныс-тамырларының да үй-жайын тазалайды екен. Ұжымдағы қыз-келіншектерді құлша жұмсап үйренген директор аяғы ауыр мұғалімді де аямаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қаратал ауданына қарасты Үштөбе кентінде тұратын бір топ ұстаз бен еден жуушы қызметкрелер басшының үстінен бір айдан бері шағымданып жүр. Олардың айтуынша, Ілияс Есенберлин атындағы орта мектептің директоры қол астындағы педагог қауымын ұзақ уақыттан бері қорлап келеді екен. Мұғалімдер оқушыларға білім үйретумен қатар бастықтарының үйін кезекпен тазалап келген. Білім ордасындағы қызметкерлер тек бас ұстаздың ғана емес, оның ұлының да үй-жайын күтіп ұстауды мойындарына алыпты. Бұған да разы болмаған директор құрбысының үйіндегі кілемді де жуғызған. Мектеп мұғалімдерін отбасындағы жеке шаруасына жегуді әдетке айналдырған директордың үстінен мектеп жұмысшылары ұжым болып арызданды.

«Маған өзінің үйін әктетті. Сосын ұлының үйін, сіңлісінің үйін де ақтатты. Құдаларының үйіне барғам жоқ. Кейде жалғыз барам, кейде ұжым болып қыздармен бірге барып үйінің жұмысын істейміз. Мен еден жуам. Негізгі жұмысымнан бөлек медбикенің де кабинетін жауам. Ол үшін маған қосымша 0,5 ставка қосқан. Алайда, негізгі жұмысым үшін төленетін 50 мың теңге айлықты өзіме қалдырам да, 22 мың теңгені директорға апарып берем. Еденді тазалайтын директор емес, мен ғой, ақшаны мен алуым керек. Ол өзі 3-4 ай алып келді. Нұр-Сұлтан қаласындағы оқу орындарында да еден жудым көп жыл. Бірақ бұндай бассыздықты көрмеппін. Жұмысқа тұрар кезде де менен ақша алды. Жасым 57-де, жетіскеннен еден жуып жүргем жоқ. Амалымыз таусылған соң арыз жаздық. Мектептің тазалығына 7 әйел жауаптымыз. Қыста қарын күреу, қоршаудың сыртындағы арам шөптерді жұлуда біздің мойнымызда болды. Кейін білдік, бұл жұмыстар құжат жүзінде бізге міндеттелмеген екен», - деді Айнагүл Жәнібекова.
Алматы облысында мектеп директоры аяғы ауыр мұғалімге үйін әктеткен


Айнагүл Жәнібекова

Директордың жеке үй шаруасын жайғастырумен амалсыз айналысқан әйелдер бұл іске бастықтан сескенгендіктен барғанын айтады. Бастауыш сыныптарында сабақ беретін Гүлнара Сейсембаеваның сөзінше, мына көк кілем мектеп директорының құрбысына тиесілі. Яғни, оны да мектеп жұмысшылары жуған.



«2019 жылдың қаңтар айында жұмысқа тұрғанмын. Жас маманмын. Содан бері талай қиындықты көрдім. Мен бастауыш сыныптың мұғалімімін. Аяғым ауыр кезде мектеп директоры өзінің үйін әктетті. Екінші баламның декретінен шыққан соң жұмысқа алмай әбден қинады, жылатты. Мына мектеп ауласындағы көк кілем бастықтың құрбысына тиесілі. Кіші қызметкерлер мен аула тазалаушы ағай да әлгі кілемді тазалады. Өзге де құрбыларының үйіндегі кілмедерді мектептің ауласына әкеліп, жуғызып, тазалатқызады. Мені ғана емес, өзге де жас мамандарды қинайды, сыйлық алғызу, алтын әперу сынды талай нәрсені істетті. Аяғым ауыр кезде де ұлының үйін әктедім. Өзіме тиесілі кезекші сыныпты бермеген соң мектеп директоры Раушан Сағынаеваның үстінен облысқа арыздандым. Комиссия келген соң ғана айлығымды толық ала бастадым. Бірақ мектептегі өзге де қызметкерлердің шымдамдары таусылды», - деді І.Есенберлин атындағы орта мектебінің мұғалімі Гүлнара Сейсембаева.

«Мектепте кілем жуатын аппарат, өзге де қажетті заттар бар. Сондықтан үйлеріндегі кілемді мектепке әкеліп жуғызады. Құрбысының кілемін тағы әкелгенде шыдамы таусылған техқызметкерлердің біразы оны тазалаудан бас тартты. Бірақ мен соңына дейін шыдап жудым. Еден жуатын 7 әйел де арыз жаздық. Жоғарыдан бүгін комиссия келгенде бізді жан-жаққа жұмсап, жиналысқа кіргізбеуге тырысты. Біз бәрібір амалын тауып жиналысқа қатысып, ойымызды ашық айттық. Комиссия кеткен соң демалысқа шығып кеткен еден жуушы төрт әйелді «жиналысқа кім шақырды, комиссияның келетінін оларға кім хабарлады?» деп тергеп жатыр», - деді 57 жастағы еден жуатын әйел Жәнібекова.



Ұжымның айтуынша, олардың шағым жазғандарына бір айдан асқан. Мәселені аудан деңгейінде шешуге ешбір басшының шамасы жетпеген соң ұжым облыс, тіпті министрлікке дейін арыз жазған. Сөздерінше, қорлық көрдік, құқығымыз бұзылды деп арызданған адамдардың саны жиырмадан асады.

«Мен оның жеке жұмысын істеген жоқпын. Жаңа ғана осы туралы жиналыстан шықтық. Бірақ арызға қол қойдым. Мен бұл мектепте 24 жылдан бері жұмыс істеп келем. Маған директор тіс батыра алмайды, бетіне айтып тастаймын. Біздің мақсат балаға, болашақ жастарға сапалы білім беру. Бірақ директордың әрекеті дұрыс болмаған соң, көзбен көріп отырған соң ұжымға қосылдым. Директор менімен құрдас, жасы елуде. Өзіне бұл әрекетіңіз дұрыс емес, қойыңыз деп талай рет ескерттім. Болмаған соң жастарды, ұжымды қолдадым. Менің де сағатымды толық бермей қойған. Қазақ өзі қойдай жуас болсақ та, шыдамның да шегі бар ғой. Біздің хатымыздың ішінде мұғалімдер барлығын жазған. Мұны естігендер осыншама уақыт қалай шыдап келгенсіңдер деп таң қалып жатыр. Бізге арыздану үшін дәлел керек болды», - деді бастауыш сыныптың мұғалімі Зухра Ескендірова.

Мектеп ұжымы проблемасын облыстық Білім басқармасына айтып шеше алмапты. Амалы таусылған ұстаздар министрлікке шағымданған. Астанадан келген комиссия директордың мәселесін қарап, нақты жауап айтпай кетті дейді арызданушылар.


Мектеп директоры Раушан Сағынаева

Алматы облыстық білім басқармасының мәліметінше өңірде 760 мемлекеттік мектеп бар. Олардың арасында лауазымына сай емес директорлар да кездеседі екен. Ал, Үштөбе қаласындағы жағдай бойынша комисмия құрылып, тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесінде директор қызметінен босатылды.

«2021 жылдың 16 маусымында мәселені анықтау мақсатында комиссия құрылып, зерделеу жұмыстары жасалды. Нәтижесінде фактілер анықталып, директордың орынбасары еңбек демалысынан әрі қарай өз еркімен жұмыстан кетуге арыз берді. Ал мектеп директоры атқарып отырған лауазымына сай емес деп танылып, орнынан босатылды»,- деді Алматы облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Гүлсара Исағұлова.

Просмотров материала: 3 951

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 544 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 375 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 016 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 040 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 348 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 493 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 666 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 735 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 927 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 071 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 452 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 327 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 358 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 461 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 670 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 435 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 117 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 120 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 485 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930