8 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауылға бөлінген ақша қайда – депутат Ожаев

06 октябрь 2021, 15:15
Ауылға бөлінген ақша қайда – депутат Ожаев
Мәжілісінің депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Нұрлыбек Ожаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары Ә.Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінде еліміздегі жалпы тұрғындардың 41 пайызы немесе 7 млн халқы ауылдық жерлерде тұрады. Ауыл мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі, АӨК саласында инновацияларды іске асыру және инвестицияларды тарту орталығы, деп бастады ол сауалын.
Елбасы, Партия көшбасшысы Н.Назарбаев 2019 жылы бастамашы болған жобаның мақсаты ауылдағы тұрмыс жағдайын жақсарту болатын. "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасымен осы жоба аясында 3500 ауылды жаңғырту қарастырылған. Осы міндетті іске асыру – ауылдық жерлерді кешенді дамытуға жағдай жасайды және ауылдық елді мекендердің көпшілігін өңірлік стандарттарға жақындатуға мүмкіндік береді, бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында атап өтті.

Өңірлік стандарттарға сәйкестендіру ауыз сумен қамтамасыз етуді, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті, тұрғын үй құрылысын, жергілікті маңызы бар сапалы жолдарды, жарамды инженерлік желілерді және т.б. қамтамасыз етуді білдіреді.

Алайда, мұның бәрі, сапалы жоспарлау және жүйелі қаржыландыру жағдайында мүмкін. Ал, іс жүзінде нені көріп отырмыз?
Жалпы, "Ауыл – Ел бесігі" жобасын жоспарлау кезінде 2021 жылы 480 ауылды модернизациялауға 135 млрд теңге бөлініп, 1140 жобаны іске асыру көзделген болатын. Алайда, 135 млрд теңгенің тек 106-сы ғана бөлінді, бұл көзделген қаражаттың 78%-ын құрайды. Қаржыландырудың жеткіліксіздігі әкімшілер тарапынан жобалау-сметалық құжаттаманың және өңірлерден өтінімдердің болмауымен түсіндіріледі.

Бұл жағдайда орындалмаған міндеттемелерді 2022 жылы аяқтауға да болар еді, бірақ 2022 жылға арналған бюджет жобасында қаралған жоспарлы сома 570 ауыл үшін 130 млрд орнына тек 62 млрд теңге ғана қаржы көзделуде, бұл жоспарланғаннан екі есе аз. Мұндай ресурстармен 2021 жылғы тапшылықты өтеу түгілі, тіпті 2022 жылдың міндеттерін жартылай орындау да мүмкін болмайды. Ал, 2023 және 2024 жылдарға арналған жоспарланған көрсеткіштерді айтпағанның өзінде, тіпті оған шамалас цифрлар да қарастырылмаған.

Қаржы министрлігінің пікірінше, мұның себебі, тағы да құжаттардың берілмеуі немесе сапасының төмендігінен болған. Тек 2022 жылға 500-ден астам жоба заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбаған, ал 2023-2024 жылдарға Ұлттық экономика министрлігі өтінімді өңірлерге жіктемей, жалпы сомамен берді. Алайда, Ұлттық экономика министрлігінің тұжырымы бойынша сапалы жобалардың тізбесі бар. Мәселе, өңірлерге берілген лимиттерге қатыстылығымен түсіндіреді. Бұл ретте аталған министрліктердің ұстанымы тек бір мәселеде тоғысады: олар жобаларды әзірлеу мен жоспарлау бойынша өңірлердің орындаушылық тәртібінің төмендігіне сілтеме жасап отыр.

Бұл жағдайға кімнің кінәлі екенін анықтау өте күрделі. Бірақ, бұл ведомствоаралық келіспеушіліктердің нәтижесі біздің ауылдық аймақтардың әл-ауқатына кері әсер етеді: нәтижесінде, ауылдағы үйлерге су кірмей, мектеп жөнделмей, жалғыз жол салынбай қалады. Ал, биыл ауыл үшін өте қиын болды: құрғақшылық, жаппай мал шығыны, мал азығының жетіспеушілігі сияқты әлеуметтік ахуалды ескеріп, қазіргі уақытта ауылды қолдау – мемлекеттің маңызды әлеуметтік міндеті.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, "Nur Otan" партиясының фракциясы шұғыл түрде:

- лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін бекіте отырып, Партия бағдарламасындағы мақсаттарды бюджет жағынан қамтамасыз етудегі олқылықтарды жою және ауылдық өңірлерді қолдау жөніндегі кешенді жоспар әзірлеуді;
- бюджетті нақтылау кезінде, мерзімінде және мүлтіксіз қамтамасыз ету мақсатында "Nur Otan" партиясының Жол картасын қаржыландырудың нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, таяудағы 3 жылға арналған жобалар пулын ұсынуды;
- болашақта жобалау-сметалық құжаттаманы жоспарлау және әзірлеу үшін қаржыландырудың болжамды лимиттерін өңірлерге алдын-ала жеткізуді;
- өз кезегінде, жергілікті әкімдіктер, облыстық жол карталары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес, жобалау-сметалық құжаттамаларды дер кезінде әзірлеудегі жұмыстарды күшейтуді талап етеді.
Просмотров материала: 1 423

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 178 283 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 177 784 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 177 378 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 177 427 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 177 723 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 423 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 558 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 788 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 933 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 088 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 719 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 044 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 435 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 265 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 089 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 350 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 031 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 426 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 146 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 151 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 980 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 821 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 083 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 022 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 537 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 046 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 855 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 124 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 486 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 869 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 821 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 869 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 837 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 064 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 208 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031