9 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Ауыл – ел бесігі»: Ауылдағы өмірді жақсартатын жоба іске асырылады

20 апрель 2021, 11:15
«Ауыл – ел бесігі»: Ауылдағы өмірді жақсартатын жоба іске асырылады
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында ауылдарда өмір сүру деңгейін одан әрі арттыру үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыратындарын айтты. Министрі жоба аясында халықтың жағдайы қалай жақсаратыны туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Министрдің мәліметі бойынша бүгінгі күні ауыл халқының саны 7,7 млн адамды немесе еліміз бойынша халқымыздың жалпы санының 41%-ын құрады. Жұмыспен қамтылған ауыл халқының құрылымында ауыл шаруашылығы ең үлкен үлесті құрайды. Бұл - 28,2%.

Ауылдарда өмір сүру деңгейін одан әрі арттыру үшін министрлік «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Жобаның мақсаты - инфрақұрылымдарды жаңғырту есебінен және оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне дейін жеткізе отырып,ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, - деді Ерғалиев.

Министрдің баяндауынша, 6 316 ауылдың ішінен даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл іріктелді, онда ауыл тұрғындарының 88%-ы тұрады. Бұл ауылдар демографиялық көрсеткіштерге, экономикалық белсенділікке, инфрақұрылымның жай-күйіне қарай іріктелді.

Осы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 1,3 млн адам тұратын 480 ауылдың дамуына 105 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Ауылдық жерлердегі инфрақұрылым мәселерін шешу үшін 5 жылдың ішінде 800 млрд теңге бөлінеді. Бұл өз кезегінде 3,5 мыңнан астам ауылдағы 7 млн ауыл тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, - деп айтты Ұлттық экономика министрі.

Жалпы ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тәсілі 2025 жылға қарай ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын және әл-ауқатын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, ауыл халқының сумен қамту қызметі 100% жетеді. Ауыл тұрғындары жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізіледі. Жергілікті маңызға ие жолдардың 95%-ы жақсы жағдайға жеткізіледі. 10 мың шақырым ауыл ішіндегі жолдар жөнделеді және салынады. Ауылдық жерлерде 24 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. 110 мың жер учаскелері жеке тұрғын құрылысы үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтылады, - деп түсіндірді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.

Сонымен қатар 12 мың шақырым инженерлік желілер салынады және жаңғыртылады. Агроөнеркәсіп кешенінде 845 инвестициялық жобаны іске асыру ауылдарда 500 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Білім берудің сапасын және қол жетімділігін арттыру шеңберінде ауылдық жерлерде 5 мың мектепті жаңғырту және 315 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Барлық ауыл мектебі білікті педагогтармен қамтылады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100% мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылады, - деп атап өтті ол.

Одан бөлек, ауылдарда спортпен айналысу және шығармашылық үйірмелерін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 1 719 спорт және 748 мәдениет нысаны салынып, жаңғыртылады. Денсаулық сақтау саласында 1 095 нысандарын салу және жаңғырту ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесінің сапасын және қол жетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ерғалиевтің сөзінше, бұл іс-шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға, табысын арттыруға және ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпіліс береді.
Просмотров материала: 844

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 212 456 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 212 127 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 211 620 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 211 658 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 212 032 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 311 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 342 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 656 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 304 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 379 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 567 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 745 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 825 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 519 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 396 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 241 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 628 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 361 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 762 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 567 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 402 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 248 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 104 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 446 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 330 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 809 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 051 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 161 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 397 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 783 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 139 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 076 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 212 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 152 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 374 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 525 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31