17 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Зектер» қимай шығарып салды, абыройлы болдым». Бірнеше жылға сотталған экс-әкім бостандыққа шықты

30 сентябрь 2021, 15:21
«Зектер» қимай шығарып салды, абыройлы болдым». Бірнеше жылға сотталған экс-әкім бостандыққа шықты
Аягөз қаласының экс-әкімі Қуаныш Азыханов бостандыққа шықты. Ол биыл мамыр айында сотталып кеткен еді. Тоғыз ай тергеуде жатқан Азыхановтың қолына сот залында кісен салынып, Семейдегі түзету мекемесіне жіберілген. Бас бостандығынан айырылған экс-әкім түрмеде бес айға жуық қана отырып, артынан бостандыққа шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ол бес ай ғана түрмеде отырса да, заң және құжат жүзінде жазасын толық өтеп шыққан санаулы адамдардың бірі саналады.

«2020 жылдың 17 қыркүйегі күні қамауға алындым. Үкім шыққанға дейін Семей, Өскемен қалаларындағы түрмелер мен Аякөздегі тергеу изоляторында жаттым. 16-маусымда үкім күшіне енген соң мені Өскемендегі ОВ156/16 түрмесінен Семейде орналасқан ОВ156/1 мекемесіне ауыстырды. Ескірген, баяғы Сталиннің заманында қамалған адамдарды таситын пойызбен апарды. Вагонда үш адам жаттық. Түрмеде жазасын өтеп жатқандар өздеріне қандай адамның қосылатынын, оның қандай бап бойынша сотталып келетініне дейін біліп отырады екен. Адам түрмеге жетпей, уақытша ұстау изоляторына түскен кезінен бастап біліп алады. Түрмедегілер менің қыркүйекте қамауға алынғанымды да, істің қалай жүріп жатқанынан да хабардар болыпты», - деді ШҚО Аякөз қаласының бұрынғы әкімі Қуаныш Азыханов.

ТҮРМЕДЕГІЛЕР ПРОКУРОРЛАР МЕН ТЕРГЕУШІЛЕРДІҢ ҚЫСЫМЫНАН ШАРШАҒАН

Экс-әкіммен бірге камерада тағы 11 адам жатқан. Оннан астам адамның бір бөлмеге қамалып, ұзақ уақыт бірге тұруы Қуаныш Азыханов үшін оңай болмаған. Азыхановтың айтуынша, түрмеге түскендер бар ашуын сол жердегі қызметкерлерге көрсетеді.

«Зектер» қимай шығарып салды, абыройлы болдым». Бірнеше жылға сотталған экс-әкім бостандыққа шықты


«Түрмеде бұрынғы әкімшілік қызметкерлерін, әкімдер мен полиция болған адамдарды бөлек ұстайды. № 81 камерада СҚО, Қостанай, Ақтөбе, ШҚО-да жүріп қамалған лауазымды тұлғалардың үстіне оныншы адам болып кірдім. Қылмыстық атқару саласындағы қызметкерлер бізге әкіреңдеп сөйлеу, қол жұмсау сынды жаман әдеттерге бармайды. Түрмеге прокурорлардан, тергеушілерден қысым көріп, әбден жүйкесі шаршаған адамдар түседі. Олар бар ашу-ызасын сол түрменің қызметкерлеріне көрсетеді. Олар сонда да сабырлы, түсіністікпен қарап, өз жұмысын барынша адал атқаруға тырысады. Қылмыстық қудалаудан шаршап келген адамдарды түрмеде одан сайын қинаса, адамдардың тағдыры қиындап кетеді, оған көзім жетті. Түрмеде жол апатына кінәлі боп сотталғандардың саны басым екен. Камерада 12 адам жаттық, оңай емес. Тәртіп бұзылса бірден қолға алынады, кезекшілік тәртіпті де қатаң сақтаймыз. Жасым өзгелерден үлкендеу болғандықтан, маған көп жұмыс істетпеді. Бірге жатқан 35-40 жастағы жігіттер көп қолдау білдірді», - деді ол.

«ӨТЕЛМЕГЕН ЖАЗАМДЫ 700 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ САТЫП АЛДЫМ»

Аягөз қаласының бұрынғы әкіміне ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі (айтарлықтай мөлшерде пара алу) бойынша үкім шыққан. Ол ҚР Қылмыстық істі жүргізу кодексінің 73-бабына сәйкес 1 жыл, 8 ай және 18 күнін қамауда өткізген. Тергеуде жатқан бір күні екі тәулік болып есептелді. Жасы алпысқа жақындап қалған бұрынғы шенеунік қалған 2 жыл, 8 ай, 11 күнді айыппұл жазасы ретінде ауыстырып, сатып алған.

«Өтелмеген жазамды жеңілдетілген айыппұл ретінде 702 мың 997 теңге төлеп, сатып алдым. Яғни, мен өзіме берілген 4,5 жыл жазамды толық өтеп шыққан болып саналамын. Шартты жазаға ауыстыру немесе бақылауда болу деген жазалар емес. Мені солай түрмеден, түзету мекемесімен шығарды, өйткені мен түзелген - түрме түзеткен адам саналады екем енді. Маған берілген жазаның 3/1 өтеген соң, сотқа арызданып, босап шықтым. Түрмеде өзіңді қалай көрсетсең, ондағы өмірің де соған байланысты. Абыройлы болдым. Түрмеге кеткенде Аягөз халқы қимай қоштасып еді, бостандыққа шығар кезде бірге жатқандар, яғни, «зектер» қимай шығарып салды. Алаштың азматы екенімді сездім. Сотталғандардың арасында жасаған теріс әрекетіне үшін түрмеге қамамай, жазалаудың өзге әдістерін қолдануға болатын адамдар бар. Түрмеде ақыл тоқтатқан, басы мықты істейтін азаматтар көп», - деді Қуаныш Азыханов.



Экс-әкімнің сот процесіне қатысып жатқан сәті

Ол өзінің әкім болып тұрғанда қуадалауға ұшырап, қарамағындағы қызметкерлері жіберген қателіктер үшін судьялар 8 млн теңге мөлшерінде айыппұл салғанын айтады. Пара алды деп айыпталған әкім 1,2 млн теңгені әлгі айыппұлды өтеймін деп қарызға алғанын айтып, тергеу мен сот істерін мойындамаған еді. Айтуынша, ол айыппұл әлі төленбеген. Сот орындаушылары әкімнің тұрғын үй алуға деп жинаған банктегі есеп шотын бұғаттап, депозиттегі жинағын алып қойған.
Просмотров материала: 37 110

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 144 030 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 143 832 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 143 492 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 143 512 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 143 820 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 532 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 685 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 824 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 323 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 529 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 595 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 870 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 854 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 736 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 556 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 692 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 844 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 515 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 877 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 612 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 617 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 460 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 303 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 550 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 493 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 003 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 414 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 336 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 572 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 924 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 334 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 318 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 361 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 305 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 527 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 676 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930