6 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қытайдан қашып келген этникалық қазақтар бостандыққа шықты

22 июнь 2020, 16:48
Қытайдан қашып келген этникалық қазақтар бостандыққа шықты
Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткендері үшін сотталған екі жігіт бостандыққа шықты. Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімұлы түрмеден шыққан бойда Azattyq Rýhy тілшісіне сұхбат беріп, алдағы уақытта Ақмола облысында тұратынын айтты, деп хабарлайды AZattyqRuhy.kz.

Қазір екі жігіт адвокаттары Ләззат Ахатовамен бірге Семейден Нұр-Сұлтан қаласына кетіп барады. Екеуі 4 ай тергеу изоляторында, тағы 4 ай Семей қаласындағы түзету мекемелерінің бірінде жазаларын өтеп шықты.

Қытайдан қашып келген этникалық қазақтар бостандыққа шықты


«Көңіл-күйім жақсы, толғанып, аузыма сөз түспей тұр. Жазамызды өтеп жатқанда да еш қиындық көрмедік. Қазақ еліне рақмет. Бостандыққа шыққан соң да Қытайда қалған ата-анаммен, отбасыммен бейнебайланыс арқылы сөйлестім, ата-анам қуаныштан жылап тұрды. Отбасымды сағындым», - деді Мұрагер Әлімұлы.

Екі жігіт Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткендері үшін олар бір жылға бас бостандықтарынан айырылған еді. Алайда сот үкімінде олардың тергеу изоляторында отырған кездері екі еселеніп, бір күні екі күнге есептелді. Осылайша қамау мерзімі 2019 жылдың 18 қазанынан бастап саналды.

«Семей қаласынан Ақмол аблысының Қоянды ауылына кетіп бара жатырмыз. Жездем, адвокатым күтіп алды. Қамауда отырған кезде адвокатымыз Ләззат Ахатова мен туыстарым жиі келіп тұрды. Қамауда бірге отырған жігіттер де ақжол тілеп, хабарласып жатыр. Баламды, отбасымды сағындым. Көңіл-күйіміз жақсы, толқып тұрмыз. Қазір Павлодар облысының аумағында кетіп барамыз», - деді Қастер Мұсахан.

Екеуі алдағы уақытта Көкшетау қаласының көші-қон полициясы арқылы босқын мәртебесін алуға өтініш бермек. Және Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істейтіндерін айтты.

«Олардың қамаудағы уақыттары екі еселенгендіктен түзету мекемесінде 4 ай отырып шықты. Қазір бірге келе жатырмыз. Алдағы уақытта босқын мәртебесі мен азаматтық алу жағын қарастырамыз. Әлі жұмыс көп. Бүгін түзету мекемесінің басшылары екеуін уақытынан сәл ертерек жіберді, себебі адам жиналып кетуден сақтанды. Нұргүл Мұсаханның (Қастер Мұсаханның әпкесі -ред) мейрамханасы бар. Екеуі де сонда жұмыс істейді. Жағдайлары жақсы, жиі хабарласып, барып тұрдық. Қытайдағы отбасыларымен де жиі сөйлесіп тұр. Шаршағандықтан естерін жинап демалып алсын. Құжаттары әлі толық шешілген жоқ. Қолдауларыңызға мың алғыс! Қазір қуаныштан өздеріне келе алмай отыр. Екеуі «түнімен ұйықтамадық, 5 сағат қалды, 2,5 сағат қалды» деп, минут санап отырыпты. Жүректің дүрсілі әлі басылмады», - деді адвокат Ләззат Ахатова.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда туған қазақтар Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы 8 ай қамауда болды. Екеуі 2019 жылдың қазан айында Қазақстан мен Қытайдың шекарасын жаяулатып кесіп өтіп, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданынан шықты. Қазақстан билігі көп ұзамай екеуін қамауға алып, 2020 жылдың 21 қаңтарында Мұсаханұлы мен Әлімұлы бір жылға бас бостандықтарынан айырған.
Просмотров материала: 1 176

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 657 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 330 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 831 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 876 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 246 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 525 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 560 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 884 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 547 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 604 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 795 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 801 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 904 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 567 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 439 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 390 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 679 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 421 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 826 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 621 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 446 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 291 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 145 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 492 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 377 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 865 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 213 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 195 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 440 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 826 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 176 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 125 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 258 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 201 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 432 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 577 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930